Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет124/210
Дата08.02.2022
өлшемі4,18 Mb.
#117296
түріОқулық
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   210
Байланысты:
биотехнология кітап
Топырақ туралы алғашқы білім, 3-4 тәж.сабақтар СҚжДТ, Темірқұл Алтынай 1912 зикр, СРСП 2, СӨЖ №1 биохимия,Тоқтарова Әсем, annotation88215, Алгоритм, Биотехнология 4-зертхана, СРС СӨЖ (4), Темірқұл Алтынай 19-12 зикр,1 практика тапсырмасы!), zadanie 1 (3) (1), 2020 referat 6842314 (1), СРСП 6апта Даярбек Диана, Темірқұл Алтынай 19-12 зикр.2-апта,2-СӨЖ тапсырмасы!
4. Мұнай өндіруде қолдану
Биогеотехнология 
жетістіктерінің 
мұнай 
шығымдылығын 
арттыруда
қолданылуы – əртүрлі микроорганизмдерді пайдаланудан тұрады. Қазіргі кезде
мұнайдың негізгі энергиялық жəне химиялық өнімдерінің шикізат көзі екендігі
белгілі. Алайда, кейбір болжауларға қарағанда, оның дүние жүзіндегі қоры жақын
50 жылдықта таусылуы қауіпі бар. Сонымен бірге, қазіргі кезде мұнай өндіруде
қолданылатын технологиялар, кен орнындағы барлық мұнай қорының тек жартысын
ғана алуға мүмкіндік береді екен. Бұл жағдай, мұнай шикізатының, онымен
араласып жатқан жер қабаттарымен мықты байланыста болуынан қалыптасады. Тек
қана осы байланысқан мұнайлардың 10-15% өндіру мүмкіндігі туылса, бұл жаңа
мұнай кенін ашумен пара-пар болар еді. Сондықтан қазіргі кезде бұрынғы мұнай
көздерін екіншілік өндірудің амалдары мен əдістерін іздестіруге, осы саланың
мамандары көп қызығушылық танытуда.
Мұнай өндірудің шығымдылығын көмірсутегілерін тотықтыратын жəне метан
түзетін бактерияларды пайдалана отырып арттырудың əдісі, осындай мұнайлы кен
қабаттарына скважина арқылы жіберілетін жер үсті суларымен бірге араласып
түсетін микробтардың геохимиялық активтілігін арттыру болып табылады.
Жоғарыда аталған микробиологиялық үдерістердің қарқындылығын арттыру
жұмыстары, мұнай көздеріне жіберілетін суларды оттегімен байыту жəне олардың
құрамына азот жəне фосфордан тұратын минералдық тұздарын қосу арқылы жүзеге
асырылады. Табиғи жағдайда көбінесе осы минералдық тұздарының жетіспеуі
салдарынан, микрофлораларының белсенді жұмыс істеуіне жағдай жасалмайды.
Сондықтан, оттегімен жəне минералды тұздармен байытылған сулар жеткен
мұнайлы қойнаулардағы скважина маңында қолайлы жағдай жасалуы себепті, сол
аймақтардағы мұнайды көмірсутегілерін тотықтыратын жəне метан түзуші
микробтарымен ыдырату үдерістері белсенді түрде жүре бастайды. Аталған үдеріс
оттегісі бар мұнай қойнауы аймақтарында көмірқышқыл газы, сутегі жəне
төменмолекулалы органикалық қышқылдарының жиналуына ұласады. Бұл жерде
олар метан түзуші бактерияларының көмегімен метан газына айналады. Мұнайлы
кен қойнауларындағы мұнай молекулаларының ыдырауы жəне газдардың пайда
болуы, қою мұнайдың сұйылуы мен қойнаудағы газ қысымының артуына алып
келіп, ал ол өз кезегінде, скважиналардағы өндірілетін мұнай шикізатының көбеюіне
мүмкіндік жасайды.


179


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   210




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет