Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011


Х тарау ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БИОТЕХНОЛОГИЯ



Pdf көрінісі
бет126/210
Дата08.02.2022
өлшемі4,18 Mb.
#117296
түріОқулық
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   210
Байланысты:
биотехнология кітап
Топырақ туралы алғашқы білім, 3-4 тәж.сабақтар СҚжДТ, Темірқұл Алтынай 1912 зикр, СРСП 2, СӨЖ №1 биохимия,Тоқтарова Әсем, annotation88215, Алгоритм, Биотехнология 4-зертхана, СРС СӨЖ (4), Темірқұл Алтынай 19-12 зикр,1 практика тапсырмасы!), zadanie 1 (3) (1), 2020 referat 6842314 (1), СРСП 6апта Даярбек Диана, Темірқұл Алтынай 19-12 зикр.2-апта,2-СӨЖ тапсырмасы!
Х тарау
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БИОТЕХНОЛОГИЯ
Биотехнологияның экологиялық биотехнология саласы көптеген экологиялық
жағдайларға қатысты мəселелермен айналысады. Биотехнологияның ДНК
технологиясы жетістіктерін табиғатты қорғау мақсатында қолдану жақсы
нəтижелерге қол жеткіздіреді. Мысалы Kazakstan Today агенттігінің мəліметі
бойынша ғалымдар Науырзым қорығында бүркіттердің санын ДНҚ-технологиясын
қолдана отырып анықтаған. Purdue университетінің ғылыми қызметкері Андре
Двуди мен Сан-Диего қаласы зообағының қызметкері Джейми Иви жəне басқалары
сырттай 
бағалау 
əдістері 
нақты 
мəліметтер 
алуды 
қамтамасыз 
ете
алмайтындықтарына көз жеткізген. Атап айтқанда, ғалымдар екі бүркіт
популяцияларын олардың түсіп қалған қанат қауырсындарын ДНҚ тестілеу арқылы
түгендеген. Нəтижесінде осы бүркіттердің 414-нің осы қорық аумағында тіршілік
ететіндіктері анықталған жəне бұл сырттай бағалау нəтижелерінен алынған саннан
үш есеге көп екендігін көрсеткен. Алынған нəтижелер осы бүркіт түрлерін сақтау
шараларын тиісті деңгейде ұйымдастыруға мүмкіндік туғызады.
Экологиялық биотехнология
– өнеркəсіптік əртүрлі қалдықтарды қайта өндеу,
қоршаған орта нысандарын əртүрлі ластағыштардан тазарту сияқты қоршаған орта
мəселелерін шешуде биотехнологиялық əдістермен биологиялық емес технологияны
біріктіре отырып, биотехнологияны қолдану болып табылады. Экологиялық
биотехнология тұрғысынан алып қарағанда ағын суларды тазарту жəне
тұрақтандырудың аэробты үдерістерін пайдаланудың маңызы зор. Бұл мақсатта
əртүрлі конструкциялы реакторлар қолданады.
Бүгінде біздерге мəлім болғандай, экологиялық биотехнологияның бірнеше
бағыттары бар жəне олар түрлі əдістер арқылы жүзеге асырылады. Атап айтқанда
биодеградация
– адам тіршілігі нəтижесінде жиналатын зиянды заттарды жою
болып табылады. Бұның тиімді жолы
биоконверсия
– керегі жоқ зиянды заттардың
қалдықтарын төгіп тастамай, оларды барынша қажетті пайдалы заттарға айналдыру
ретінде жүргізіледі. Əсіресе бұл бағыттар ауылшаруашылығына үлкен септігін
тигізеді, əрі пайдалы, яғни бұл – биогаз алу үшін жəне тағы да басқа түрлі жолдарды
қарастырады. Жоғарыда атап өткендей, экологиялық биотехнология қоршаған
ортаны табиғи жағынан толық сипаттайды. Мұнда топырақ, су, мұнай тағы да
көптеген мəселелер назарға алынады.
Бүгінгі таңда шешілмей жатқан экологиялық мəселелер өте көп.
Биотехнологиялық үдерістердің осындай мəселесінің бірі – олар табиғи суды жəне
аэробты жағдайында өтетін технологиялық үдерістерінде ауаны көп көлемде
тұтынады да, алынатын кейбір қалдықтары жарамсыз болып қалады.
Микробиологиялық өндіріс саласында басты екі мəселе назарда ұсталуы қажет:
1. Өнеркəсіптік асептика, яғни биореактор ішіне бөгде микроорганизмдердің
ену мүмкіндігін жою.
2. Қоршаған ортаны қорғау, яғни ауа жəне су қалдықтарына түзгіш
жасушалардың еніп кетуін болдырмау.
Бұл құбылыс қауіпті, өйткені адам үшін микроб ақуызы жат нəрсе, сондықтан
ол халық арасында аллергиялық реакциялар қоздыруы мүмкін. Биотехнологиялық


181
өнекəсіпте қоректік заттарды даярлау, жуу, бөліп алу жəне сонымен бірге
биореакторлардың режимдерін бір қалыпты дəрежеде ұстап тұру үшін көп
мөлшерде су қажет. Айналадағы судың ағыны тұйық болса да, бұны тазалау
жұмысы қарастырылып тұрылуы тиіс. Өйткені қондырғыны суыту мақсатында
пайдаланылатын агентке (суға), биореакторлардың конструкциялық ақауынан
немесе басқа да бір себептерден кез келген уақытта дақылдық жасушалары аз ғана
мөлшерде болса да еніп кетуі ықтимал.
Реакторлардан технологиялық суларды шығарып тазалауда көптеген
қиындықтар кездеседі. Көбінесе, мұнда активті лай қолданады. Бірақ болашақта су
тазалайтын мембраналық технологияны ендіру жəне бір реактордан шығарылып
микроорганизмдерден тазартылған технологиялық суларды, басқа реакторлардағы
жасушаларға қоректік зат ретінде пайдалану сияқты метаболизмдері айналымда
болатын жабық өндірістерді жасау жұмыстары жүргізілуі тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   210




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет