6. Антиденекітапханасын жасақтау Əртүрлі антиденелерін коделейтін гендердің құрылымын анықтау нəтижелері,
моноклональді антиденелердің көптеген түрлерін жасап шығаруға мүмкіндік береді.
Генетикалық мəліметтерінің осындай көп түрлерін жасақтап, бір жерде сақтау өте
қолайлы болар еді. Осы мақсатта бірталай моноклональді антиденелердің жеңіл
үзігін (легкая цепь) коделейтін гендері, бактериофагтарға ендірілген болатын.
Бактериофагтар дегеніміз – бактерияларды инфекцияға ұшыратып, жоятын
арнаулы вирустар екендігі белгілі. Осындай жолмен дайындалған бактериофагтарды
кəдімгі кітапханадағы кітаптар қоры сияқты, мəліметтер кітапханасы – яғни
генетикалық мəліметтерінің тірі кітапханасы ретінде сақтауға болады. Мұндай тірі
кітапханалар – антидене кітапханасы деп аталады.
Теориялық тұрғыдан сіз антидене кітапханасына барып, антиденеге тапсырыс
беруіңіз мүмкін. Сонда сізге қажетті антидененің генетикалық мəліметі сақталған,
ерекше бактериофаг беріледі. Сіз фагтың бактерияны инфекцияландыруына жол
беру арқылы, бактерия құрамына қажетті гендік мəліметті ендіре аласыз. Егер де сіз
барлығын дұрыс жасаған болсаңыз, инфекцияланған бактерия қажетті антидененің
жеңіл үзіктерін өндіре бастайды. Кейіннен жеңіл үзігін, ауыр үзігіне «асып қоюуы»
нəтижесінде, біздерді қызықтыратын Fab-компоненті түзіледі.