114
Базалық бет – қаттыденелі объектінің фаска жасауға болатын, қырлармен
шектелген жағы.
Базалық бетті дұрыс таңдау ӛте маңызды, әсіресе фаска катеттерінің
ұзындықтары әр түрлі болса. Фасканың бірінші ұзындығы базалық бетте, ал
екіншісі – іргелес жағында орналасады.
Егер беттің дұрыс таңдалғанына кӛзіңіз
жетсе, ENTER пернесін басасыз.
Одан кейін жүйе базалық беттегі
фасканың ұзындығын сұрайды:
Specify base surface chamfer distance
<10.0000>: 15
Пернетақтадан 15 санын тереміз,
ENTER пернесін басамыз.
Командалық жолда екінші катеттің
ұзындығын сұрайды:
Specify other surface chamfer distance
<10.0000>: 15
Фасканың екінші катетінің ұзындығын пернетақтада 15 санын жазу арқылы
енгіземіз де, ENTER клавишасын басамыз. Содан соң сұрау болады:
Select an edge or [Loop]: (Қырын таңдаңыз немесе [Контур]:
Беттің фаска жасалатын бір немесе бірнеше қырын кӛрсету керек, команданы
ENTER пернесін басу арқылы немесе тышқанның оң батырмасын шерту арқылы
аяқтайды. 4.28-суретте фаска жасаудың үлгісі кӛрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: