Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет32/117
Дата08.11.2022
өлшемі8,5 Mb.
#157166
түріОқулық
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   117
Байланысты:
nurmahanov-komp-grafika

2.1.7 Түзу (Прямая - XLINE) 
Түзуді салу үшін Прямая (XLINE) командасын қолданады. 
Екі бағытта да шексіз сызықтарды түзу дейміз. Шексіз түзулерді кӛбінесе 
объектілерді салу кезінде қосымша сызықтар ретінде пайдаланады. 
Шексіз түзулердің болуы сызбаның шекарасына әсер етпейді. Сондықтан 
түзулер зумдау процесіне немесе кӛрінісі экрандарына да әсері жоқ. Түзулерді 
жылжытуға, бұруға және кӛшірмесін жасауға болады. 
Команданы шақыру тәсілдері:
 
1.
Прямая (XLINE)
пиктограммасын басу арқылы, бұл пиктограмма 
аспаптар панелінің Рисование (Draw) бөлімінде орналасқан. 
2.16-сурет 
2.17-сурет 


42 
2. Құлама мәзірдегі Рисование (Draw) бөліміндегі 
Прямая 
командасын 
таңдау арқылы. 
3. Командалық жолға
Прямая 
(XLINE)
 

сөзін жазу арқылы.

Команданы шақырғаннан кейін, түзудің базалық нүктесін енгізу керек. Одан 
кейін түзудің екінші нүктесін енгізеді. Қажет болған кезде бірнеше түзулер салуға 
болады. Бұл түзулердің барлығы бастапқы базалық нүкте арқылы ӛтетін болады.
Команданы аяқтау үшін ENTER пернесін басыңыз. 
Команданы бірінші шақырған кезде командалық жолда келесі сұрау пайда 
болады.
Specify a point or [Hor/Ver/Ang/Bisect/offset] 
(Укажите точку или [Гор/Вер/Угол/Биссектр/Смещение]:) 
Қажетті опцияны таңдап, кӛлденең, тік, кӛлбеу орналасқан түзулерді салуға 
болады.
Сол сияқты берілген бұрыштың тӛбесі 
арқылы ӛтетін және ол бұрышты қақ бӛлетін 
түзуді салуға болады. Ол үшін 
Bisect 
опциясын таңдайды. Базалық нүкте ретінде 
бұрыштың тӛбесін (1) қабылдайды (2.18-
сурет). Содан соң бұрыштың бірінші 
қабырғасындағы (2) 
нүктесін, 
екінші 
қабырғасындағы (3) 
нүктесін кӛрсетеді. Команданы аяқтау үшін ENTER
батырмасын басасыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   117




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет