Графикалық аймақ Объектілерді тұрғызу процесінің барлығы AutoCAD-тың негізгі терезесінің
графикалық аймағында орындалады. Бұл аймақтың шекарасын табуға
әрекеттенбеңіз, себебі оны іс жүзінде шексіз деп айтуға болады. Айталық, Сіз бұл
жерде он киллометрлік плотинаның сызбасын салумен немесе миллиметрдің
жүзден бір бӛлігін құрайтын микроэлементті жобалаумен айналыссаңыз болады,
және бұның барлығын Сіз 1:1 масштабпен орындайсыз.
Командалық жол Командалық жолға (немесе басқа әдебиеттерде кездестіруге болатындай,
командалық терезе) AutoCAD-ты басқару командалары мен олардың параметрлері
енгізіледі және орындалып жатқан операцияларға жүйенің реакциясы туралы
ақпарат шығарылады. Командалық жолдағы ақпарат автоматты түрде мәтіндік
терезеде кӛрінеді және командаларды орындау хаттамасына жазылады. Диалог
мәтінін толық кӛру үшін F2 пернесін басу қажет, сонда экранда да мәтіндік терезе
пайда болады.
Қалып-күй қатары Қалып-күй қатарында меңзер қимасының координаттары мен сызба
режимдерінің, мысалы, Қадам (Шаг), Тор (Сетка), Орто, Түзету (Выравнивание),
Ізкесу (Отслеживание) және тағы басқаларының күйі кӛрсетіледі. Режимдердің
атаулары әрдайым дәрежелік жолда батырмалар күйінде орналасады. Сәйкес
режимдерді қосып немесе ӛшіру үшін сол режимнің батырмасын басу арқылы,
немесе пернетақтаның функционалдық пернелері F3-F11 басу арқылы жүзеге
асады. Сәйкес режим қосулы тұрғанда оның батырмасы визуалды түрде басулы
тұрады.
Меңзер қиылысы мен таңдау дәлдеуіші Меңзер қиылысы сызбада нүктелерді кӛрсету үшін, ал таңдау дәлдеуіші –
редакциялау командаларында объектілерді таңдау үшін қажет. Редакциялау
командаларында жүйе объектіні таңдауға сұраныс жасаған кезде меңзер қиылысы
автоматты түрде таңдау дәлдеуішіне айналады. Егер жүйе нүктелердің
координаттарына сұраныс жасаса, онда кері процесс жүреді. Меңзер қиылыс мен
таңдау дәлдеуішін басқаруға кӛрсету құрылығысы ретінде әдетте тышқан
қолданылады. Меңзер қиылысының ағымдағы коордианаталары қалып-күй
қатарының сол жағында кӛрінеді (AutoCAD терезесінің тӛменгі сол жағында).