1. Өз пәні бойынша білімі
|
Өз пәнін бағдарламадан да жоғары, терең, жан-жақты біледі, әр түрлі білім саласындағы арнайы, әдістемелік және ғылыми-көпшілік әдебиеттерге еркін бағыт ұстай алады
|
2. Өз пәніне көзқарасы
|
Өз пәнін қызыға оқытады, ұнатады және біледі
|
3. Жұмыстағы жаңалықты сезінуі
|
Жаңа идеяларды іздеуімен ерекшеленеді, педагогикалық міндеттердің тосын шешімдерін іздестіруге ұмтылады
|
4. Оқу жұмысын жоспарлай білуі
|
Тақырып бойынша сабақ жүйесін, олардың құрылымын
шығармашылықпен жоспарлайды, оқытудың формасы мен әдістерін оқушылар мен сыныптың ерекшеліктерін ескере отырып түрлендіреді
|
5. Оқытудың психологиялық- педагогикалық негіздерін білу
|
Оқытудың қазіргі психологиялық- педагогикалық тұжырымдамаларын еркін бағдарлай біледі, оларды өз педагогикалық қызметтерінде негіз ретінде пайдаланады.
|
6. Педагогикалық әдеп
|
Балалармен қарым-қатынаста, оларға талап қоюда шектен шықпайды
|
7. Оқыту процесінде оқушыларға жеке тұрғыдан келу
|
Оқушылардың ерекшеліктерін ұдайы зерттейді және оқыту талаптарына жеке тұрғыдан келуді қамтамасыз етеді; тапсырманың көлемі мен
күрделілігін саралайды, сабақта үлгерімі нашар оқушыларға тұрақты түрде
көмек көрсетеді, үй тапсырмасының орындалуын тиянақты, тұрақты бақылайды, сонымен қатар оқу дайындығы деңгейі күшті,орташа оқушыларды назардан тыс қалдырмайды.
|
8. Оқушылардың оқу жұмысына дағдыларын дамыту бойынша жұмыс
|
Оқушылардың оқу жұмысын тиімді ұйымдастыра білу дағдыларын табанды түрде қалыптастырады (оқудағы
өзін-өзі бақылау,оқу жұмысын тиімді жоспарлау,оқу,жазу,санаудағы нақты қарқын) және оған жеке тұрғыдан келуді іске асырады.
|
9. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту бойынша жұмыс
|
Сабақ берудің формалары мен әдістеріне
белсенді дамытушылық ықпал етеді,оқушыларды оқыған материалдағы маңыздыны ажыратуға үйретеді, оқушыларға жеке тұрғыдан келуді қамтамасыз етеді.
|
10. Оқушылардың пәнге қызығушылығын дамыту
|
Оқушылардың пәнге қызығушылығынарттыру үшін арнайы тәсілдерді қолданады; оқылатын ұғымдарды салыстырады, олардың практикалық маңызын және т.с.с. көрсетеді; оқытудың әр алуан әдістерін қолданады; сыныптан тыс іс-шаралар ұйымдастырады; оқушылардың танымдық қызығушылықтарын қалыптастыруда жеке тұрғыдан келуді қамтамасыз етеді.
|