49
дені сау баланың даму тҧжырымдамасын, ақыл-ойы кем баланың
дамуы туралы ережеде пайдалануға болатыны бала дамуына әсер
ететін факторлардың бірдей болатынына мҥмкіндік береді.
Ақыл-ойы кем баланың дамуы,
биологиялық және
әлеуметтік факторлармен анықталады. Олардың алғашқысына,
кемістіктің айқындығы, оның қҧрылымының сапалық қасиеті,
пайда болу уақыты жатады. Ал әлеуметтік факторлар: баланың ең
жақын ортасы, отбасы, бірге уақыт ӛткізетін, қарым-қатынас
жасайтын ересектер
мен балалар, мектеп.
Жеткіліксіз танымдық белсенділік, бағдарлау әрекетінің
тӛмендігі – бҧл ақыл-ойы кем балалардың ми қыртысындағы
нейрофизиологиялық ҥдерістердің ерекшеліктеріне тікелей
қатысты
симптомдар.
«Осы
категориядағы
балалардың
патологиялық дамуын зерттеумен айналысқан бірқатар ғалымдар
(С. С. Корсаков, Г. Е. Сухарева, М. Г. Блюмина, С. Я. Рубинштейн
т.б.), олардың қоршаған ортаға деген қызығушылықтарының
аздығын, бастамшылдықтың пен селқостық тәрізді белгілерді
атап кӛрсетеді. Г. Е. Сухарева былай деп жазады:
«Олигофрениядан зардап шегетін балаларда, сау балаға тән
қоршаған ортаны тануға деген тежеусіз ҧмтылыс жоқ»
1
.
Ақыл-
ойы кем балаларда жҥйке ҥдерістері деңгейінде инерттілік,
сақтану мақсатындағы тежелуге деген жоғары бейімділік орын
алады. Бҧлардың барлығы, жалпы танымдық белсенділіктің
тӛмендеуіне патогендік негіз береді. Мектепке дейінгі жастағы,
ақыл-ойы кем балалар, ӛзін қоршаған жақын заттық ортаға
ешқандай қызығушылық танытпайтындығымен сипатталады.
Қозғыш балалар кӛзіне тҥскеннің барлығын бірден қамтуға
ҧмтылады, оның қажетті-қажетсіз екендігін ойлап жатпайды.
Бірақ, оларды жетектейтін кҥш – қызығушылық емес, оларға тән
қасиет – импульсивтілік. Ӛкінішке орай, балалар
қолына іліккенді
сол сәтте-ақ тастайды, себебі оның қажеттілігі болмайтыны
анықталады.
Тежелгіш олигофрендер, керісінше, айналасындағы заттарға
кӛңіл аудармайды, ешнәрсеге назар салмайды. Ал, мінез-қҧлқы
анағҧрлым адекватты балалар, кейбір айқын, ашық бояулы,
жаңа
------------------
1
Основы специальной психологии/ Под ред. Л. В. Кузнецовой. — М.: «Академия», 2002. —
С.90.
50
заттарға аз уақыт ғана қызыға қарайды. Бірақ, сол затттар туралы
ересектерге сҧрақ қоймайды, ӛз беттерімен жаңа нәрсе білуге
талаптанбайды. Олардың қолынан келетін жалғыз әрекет – сол
затты аузына салу немесе еденді, қабырғаны тоқылдатып ҧру.
Мҧндай
стереотипті әрекеттер, білуге қҧштарлықтың
белгісі емес,
жаман әдеттер. Мектеп жасына дейінгі балалар, әдетте
ойыншықтарды еш аяусыз қиратып, ойланбай сындырып, кӛзін
жоюға тырысады. Әрине, мҧндай әрекеттер, заттың практикалық
талдауын немесе заттың сапасы мен қасиетін анықтауды
білдірмейді.
Достарыңызбен бөлісу: