Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен


Психикалық дамудың тежелуінің зерттелу тарихы



Pdf көрінісі
бет16/178
Дата18.06.2020
өлшемі1,6 Mb.
#73895
түріОқулық
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   178
Байланысты:
tebenova-arnaiy-psih

Психикалық дамудың тежелуінің зерттелу тарихы 


 
15 
«Психикалық  дамудағы  аздаған  ауытқулар  мәселесі, 
шетелдік  және  отандық  ғылымда,  тек  ХХ  ғасырдың  ортасында  
пайда  болды.  Бҧл  кезде  ғылым  мен  техниканың  тҥрлі 
салаларында,  қарқынды  даму  болды,  жалпы  білім  беретін 
мектептердің  бағдарламалары  кҥрделене  тҥсіп,  кӛптеген 
балаларға  оқу  қиындай  бастады.  Педагогтар  мен  психологтар 
мҧндай ҥлгермеушілік себептерін, ӛте маңызды деп санап,  талдау 
жасады.  Кӛп  жағдайда,  бҧл  мәселе  ақыл-ойдың  кемістігі  деп 
қарастырылып,  ҥлгермеуші  оқушылар  кӛмекші  мектептерге  
орналастырылды.  
Жалпы  білім  беретін  мектептердегі  бағдарламаны  меңгере 
алмаған балаларды клиникалық тексеруден ӛткізгенде, ақыл-ойы 
кем  балаларға  тән  ӛзгеше  ерекшеліктер  байқалмаған.  Тек  50-60 
жж.  Л.С.Выготскийдің  шәкірті  М.С.Певзнердің  басшылығымен, 
ҥлгермеушілік  мәселесінің  тҥпкілікті  себебі  анықтала  бастады. 
Кешенді  клиникалық-психологиялық-педагогикалық  тексерулер 
ҥлгермеуші  оқушыларға  психикалық  дамудың  тежелуі  деген 
(ПДТ)  тҧжырымдама  берді.  Сӛйтіп,  жалпы  мектептердегі 
ҥлгермеуші  оқушылардың  тең  жартысын  қҧрайтын,  дамуында 
ауытқуы бар балалардың жаңа категориясы пайда болды. 
1960 
ж. 
Кеңес 
Одағында 
Ғылым 
академиясының 
дефектологиялық  ғылыми-зерттеу  институтында,  М.С.Певзнер 
мен  Т.А.Власованың  жетекшілігімен  жҥргізілген  кешенді 
зерттеулер екі жақты қажеттіліктен туындады: біріншіден, жалпы 
мектептердегі 
ҥлгермеушілік 
мәселесімен 
кҥресу 
болса, 
екіншіден,  танымдық  әрекеттің  клиникалық  бҧзылуын  әрі  қарай 
тереңірек зерттеу қажет болды. Барлық кӛрсеткіштерге  
 
 
 
 
 
-------------------------- 
1
Коррекционная  педагогика:  Основы  обучения  и  воспитания  детей  с 
отклонениями  в  развитии.  \Под  ред.  Б.П.Пузанова.  –  3-е  изд.доп.-М.: 
Изд. Центр «Академия»,2001.-С.5-9.
 
 
 


 
16 
сәйкес,  бҧл  категориядағы  балалардың  психоәлеуметтік  дамуы 
басқа дизонтогениялық бҧзылулардан ӛзгеше, екінші жағынан,  
қалыпты  дамудан  айырмасы  бар,  сӛйтіп,  психикалық  даму 
деңгейіне  қарай  ақыл-ойдың  кемістігі  мен  қалыпты  даму 
аралығын кӛрсетеді.  
Ақыл-ойдың 
кемістігінде 
орталық 
жҥйке 
жҥйесі 
диффузиялық  тҥрде  зақымданатын  болса,  психикалық  дамудың 
тежелуінде 
орталық 
жҥйке 
жҥйесі 
(ОЖЖ) 
локальды 
зақымданады.  Ақыл-ойдың  кемістігінде  екінші  сигналдық  жҥйе 
шартты  байланыстар  жасауда  белсенді  рӛлді  атқармайды,  ал 
ПДТ-де  екінші  сигналдық  жҥйе  шартты  байланыстар  жасауда, 
қалыпты жағдайда белсенді рӛл атқарады. Ақыл-ойы кем балалар 
ересек  адамдар  тарапынан  берілген  кӛмекті  қабылдамайды,  ал 
ПДТ бар балалар кӛмекті қабылдайды»
1
.
 
Психикалық  дамуы  тежелген  балаларға,  айқын  даму 
ауытқулары  жоқ  (ақыл-ойдың  кемдігі,  сӛйлеудің  ауыр  бҧзылуы,  
жеке  анализаторлар  кемістігі  т.б.)  балалар  жатады.  Бҧл 
категориядағы  балаларда,  тҥрлі  биоәлеуметтік  себептер  (ОЖЖ-ң 
жеңіл  зақымдануының  қалдықтары,  соматикалық  әлсіздік, 
церебрастениялық 
кҥйлер, 
педагогикалық 
қараусыздық, 
гармониялық 
инфантилизм 
т.б.) 
салдарынан, 
бейімделу 
қиындығы  кездеседі.  Жоғарыда  аталған  кемшіліктер  бҧл 
балалардың жалпы білім беру бағдарламасын меңгеруіне кедергі 
жасамайды,  бірақ  олардың  психикалық  және  дене  бітімдік 
ерекшеліктеріне бейімделуін қажет етеді. Дер кезінде жҥргізілген 
коррекциялық–педагогикалық  кӛмек  жҥйесі  кейбір  жағдайдағы 
медициналық  кӛмек  аталған,  даму  ауытқуын  толық  немесе 
жартылай жоя алады.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   178




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет