Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен


Ӛзіндік тексеруге арналған сұрақтар



Pdf көрінісі
бет90/178
Дата18.06.2020
өлшемі1,6 Mb.
#73895
түріОқулық
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   178
Байланысты:
tebenova-arnaiy-psih

 
Ӛзіндік тексеруге арналған сұрақтар: 
1.  Арнайы  психологияның  қолданбалы  мәселелеріне  не 
жатады? 
2.  Ерте тҥзету ҧғымы нені білдіреді? 
3.  Ерте диагностика жасаудың маңызы неде? 
4.  Қазіргі кездегі арнайы психологияның ӛзекті мәселелеріне 
нені жатқызуға болады? 
5.  Адаптация немесе бейімделу ҧғымы, оның тҥрлері.   
6.  Коррекция  деген  не,  педагогикалық  коррекцияның 
маңызы неде? 
7.  Компенсация, оның тҥрлері мен маңызы. 
 
6. ДАМУЫНДА БҦЗЫЛУЫ БАР БАЛАЛАРДЫ 
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ 
 
6.1. Психологиялық зерттеу міндеттері мен қағидалары 
 
Дамуында  бҧзылуы  бар  балаларды  психологиялық  зерттеу, 
баланы 
дәрігерлік-психологиялық-педагогикалық 
зерттеудің 
бӛлігі болып табылады, ол бала дамуының ерекшеліктеріне жан-
жақты баға беруді қамтамасыз етеді. «Баланы зерттеудің кешенді 
әдісі  идеясы,  диагностикалық  және  тҥзетушілік-дамытушылық 
жҧмысты  жҥзеге  асыратын,    әртҥрлі  бейіндегі  мамандардың  
қолайлы бірігуі нәтижесінде, шын мәнісіне ие болады.  
---------------------------- 
1
Специальная психология. \ Под ред. В.И.Лубовского. 2-е изд., испр. – М.:Изд. центр 
«Академия», 2005- С.409-415. 


 
98 
Бҧл ӛз кезегінде келесі міндеттерді шешуді кӛздейді:  
1) клиникалық-психопатологиялық, эксперименталды 
психологиялық 
және 
психологиялық-педагогикалық 
диагностикалық 
әдістердің 
мазмҧны 
мен 
қосымша 
қҧндылықтарын  анықтау.  Жоғарыда  аталған  әрбір  әдістің, 
диагностикалық  шешімді  қалыптастыруға  қосатын  қҧнды  ҥлесі, 
олардың  мазмҧндық  ерекшелігімен  ғана  емес,  диагностикалық 
нысанның  ерекшелігімен  анықталады.  Кей  жағдайда,  егер 
баланың  әрекетті  науқасының  болуы  туралы  сӛз  болса,  онда 
патопсихологиялық  тексерудің  рӛлі  артады,  мҧндай  тексеру, 
саралаушы-диагностикалық  белгілерді  анықтауға  тиіс.  Егер 
кемістіктің  қҧрылымын  ажырату  қажет  болса,  интеллектуалды 
жетілмеу  дәрежесін  анықтау  қажет  болса,  клиникалық-
психологиялық тексеру, басым болады. Баланың оқу әрекетіндегі 
бҧзылудың 
себебін 
анықтау 
кезінде, 
психологиялық-
педагогикалық талдаудың ҥлесі салмақты болады;  
2)  «диагностика  тҥзетудің  бір  кезеңіні»  қағидасын  жҥзеге 
асыру  мақсатында,  әдістемелік  негіздер  даярлау.  Бҧл  қағиданың 
мәнісі,  кез  келген  диагностикалық  мәселені,  балаға  тҥзетуші 
кӛмек  барысында  тҥсіндіру  болып  табылады.  Мҧндай 
диагностика,  психикалық  ауытқулармен  байланыста  емес,  жеке 
дара  жҥзеге  асуы  керек,  әрі  баланың  психоәлеуметтік 
белсенділігінің  анағҧрлым  маңызды  жақтарын  қамтуы  керек 
(ойын және оқу әрекеті, айналадағы адамдармен қарым-қатынасы, 
мінез-қҧлық  ерешеліктері).  Баланың  нақты  мәселесін  барынша 
дараландыру, олардың иерархиялық қҧрылымын анықтау, тҥзету 
жҧмысының  бағыты  мен  мазмҧнын  анықтап  береді,  сондай-ақ 
тҥзетушілік-дамытушылық әсерлердің дҧрыстығы мен тиімділігін 
жоғарылатады;  
3) 
«диагностикалық 
консилиум» 
барысын 
даярлау. 
Дефектолог,  психолог,  психиатр,  психотерапевт  т.б.  мамандар, 
кӛп  жағдайда  зерттелген  баланың  ӛзіндік  ерекшеліктерін 
бағалауда,  әркім  ӛз  саласына  тән  интерпретацияларға  сҥйенуге 
бейім  болады.  Тҥзету  жҧмысының  нәтижелілігі,  бала  туралы 
толық  мағлҧматтың  болуымен  байланысты.  Ал,  толыққанды 
мағлҧматтың 
жинақталуына, 
арнайы 
ҧйымдастырылған 
консилиум  жҧмысы  ғана  мҥмкіндік  береді,  онда  мамандар, 


 
99 
диагностикалық  ақпаратпен  алмаса  алады  және  кәсіби  ӛзара 
әркеттесудің қолайлы жолдарын қолданады»
1
.
 
Баланың  психикалық  дамуының  бҧзылуына  диагностика 
жасауда,  оның  жҥйке  жҥйесі,  соматикалық  және  психикалық 
дамуы,  белгілі  бір  жас  шамасына  сай,  меңгеруі  қажет  білім 
кӛлемі,  білік-дағдылар  туралы  мәліметтер  ӛте  маңызды.  Бҧл 
балалардың 
психикалық 
дамуының 
бҧзылуы, 
әртҥрлі 
биологиялық  және  әлеуметтік  себептермен  байланысты  болу 
мҥмкіндігін  кӛрсетеді, әрі олар ӛз алдына жеке бҧзылыс тҥрінде, 
жҥйке  және  жҥйке-психикалық  аурулар  синдромының  сиптомы 
тҥрінде кӛрінеді.  
Диагностика – әртҥрлі проблемалардың себептері, табиғаты 
туралы  ақпараттың  талдауы  мен  қорытындысы  немесе 
формальды  диагноз  қою.  «Диагноз»  термині  екі  мағынаға  ие. 
Нозологиялық  (таксономиялық)  диагноз,  бір  кҥйдегі  аурулар 
классификациясының  бір  категориясына  формальды  тҥрде 
жатқызу  болып  табылады.  Екінші  жағдайда,  бҧл  ҧғымды 
мәселенің  талдауы  ретінде,  анағҧрлым  кеңірек  тҥсінеміз,  мҧнда 
диагностика,  ақпараттар  жинау  ҥдерісі  ретінде  қарастырылады, 
баланың мәселесінің табиғатын тҥсіну ҥшін, оның себептері мен 
оған терапия жасау мҥмкіндіктерін анықтау, алынған нәтижелерді 
тҥсіну ҥшін қолданылады.  Бҧл «тексеру» терминімен мағыналас, 
мҧндай  диагностика,  балаға  психологиялық  зерттеу  жҥргізуде 
қолданылады.  
Психологиялық  диагноз  –  психологтың  жеке  тҧлғаның  дара- 
психологиялық  ерекшеліктерінің  мәнін  анықтауға,  сипаттауға 
және бағалауға бағытталған жҧмыс нәтижесі. 
Психологиялық  диагноз  қоюдың  ҥш  сатысы  бар: 
симптоматикалық  (зерттеу  мәліметтерін  математикалық  талдау 
негізінде);  этиологиялық  (жеке  адамға  тән  ерекшеліктерді  ғана 
анықтау емес, олардың пайда болу негізін ескеру); типологиялық 
(зерттелуші дамуын толық динамикалық сипаттау). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   178




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет