112
негізделген тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етуде еді.
Мұның орындалу барысы: өткен онжылдықта елдегі ЖІӨ (жалпы
ішкі өнім) 22 млрд. АҚШ долларынан 100 млрд. долларға дейін,
бес есе дерлік ұлғайды. Жан басына келетін ЖІӨ осы кезеңде 3,7
есеге өсті. Қазақстан экономикасына тартылған тікелей шетелдік
инвестициялардың көлемі 70 млрд. АҚШ долларынан астамға
жетті. Бұл Орталық Азияға тартылған барлық инвестициялардың
80 пайызы. Сыртқы сауда айналымы он жылда 6 еседен астамға
ұлғайды.
Төртінші
басымдылық,
барлық
қазақстандықтардың
денсаулығын, білім мен әл-ауқатты іске асыру болды. Халықты
әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесінің қамтуы айтарлықтай кеңейді.
Соңғы он жылда Қазақстандықтардың көбісінің тұрмысы елеулі
түрде өзгерді, олардың ақшалай табыстары 6,5 есе өсіп, орташа
айлық жалақы 5 есе дерлік ұлғайды.
Бесінші басымдылық, энергетикалық ресурстарды дамытуды іске
асыру болды. Өткен жылдары мұнай-газ өнеркәсібі экономиканың
басқа салаларын соңынан ілестірген локомотиві-тін Сондықтан
энергетикалық ресурстарды дамыту ұзақ мерзімді басымдылыққа
ие болды.
Алтыншы басымдылық. Инфрақұрылымды дамыту – бұл салада
көп істер атқарылды. 1997-2006 жылдары республикалық бюджет
қаражатынан 280 млрд. теңгеден астам қаржы игерілді. Осының
есебінен 4 мың шақырым шамасында автожолдар салынып, қайта
жөнделді, 13 мың шақырымнаң астам автожол күрделі және ағымды
жөндеуден өткізілді.
Жетінші басымдылық, кәсіби үкіметті қалыптастыру.
Қазақстанда терең әкімшілік реформаларды жүргізуге кірісті.
Осынау жылдары Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік
құрылды. «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы»; Заңдар,
Мемлекеттік қызметкерлердің ар-намыс кодексі қабылданды.
Достарыңызбен бөлісу: