Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011



Pdf көрінісі
бет99/177
Дата07.02.2022
өлшемі4,22 Mb.
#86201
түріОқулық
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   177
Жүйелі тәсілдемеде өндірісті 
басқарудың мақсаттары
Барлық басқару үрдісінің бастапқы кезінде оның мақсаттары 
анықталады.
Басқару мақсаттары әрдайым саналы түрде болады әрі оны 
адамдар қалыптастырып, белгілеп отырады. Мақсаттар негізінде 
объективті болады, онда қоғамның тұтастай экономикалық және 
әлеуметтік даму заңдылықтары көрініс табады. Басқару мақсаттарын 
дұрыс анықтай білудің басқару жүйесін қалыптастыруда маңызы 
зор.
Кезінде Ф. Энгельс әлемде мақсаттарсыз ештеңе істелмейді, деп 
атап кеткен. Ф. Энгельске дейін Спиноза Барух (XVII ғ.), «мақсат 
әлемді билейді», деп айтып кетіпті.
«Өмірдегі мақсат адам қадірі мен бақытының жүрек қағысы 
болып табылады» (Н. Д. Ушинский).
Мақсаттар өз мазмұндары, басқарудың деңгейлері бойынша 
және уақыт қимасымен жіктеледі. Мақсаттардың мазмұны 
өндірісті басқару аспектілерінің күрделілігін әрі көп қырлылығын
бейнелейді. Мақсаттар мазмұны бойынша мыналарға бөлінеді: 
экономикалық мақсат, әлеуметтік мақсат, саяси мақсат және 
ғылыми-техникалық мақсат.
Экономикалық мақсаттар ең алдымен елдің халық 
шаруашылығының дамуымен, нақтырақ айтқанда, өндірістік күштер 
мен өндірістік қатынастардың дамуымен байланысты болады.
Әлеуметтік мақсаттар қоғам мүшелерінің материалдық 
және рухани қажеттіліктерін, сонымен бірге, оның әлеуметтік 
құрылымын дамыту талаптарын нақтылап береді. Әлеуметтік 
мақсаттарға мәдениеттің, білім берудің, денсаулық сақтаудың және 
тағы басқалардың даму міндеттері кіреді.
Саяси мақсаттар: оны кез келген мақсаттың құрамдық бөлігі 
ретінде қарастыруға болады. Идеология, саясат адам қызметінің 
барлық бағытын қамтиды.
Бұл мақсаттар қоғам дамуының барлық мақсаттарын бір-біріне 
жанама түрде қатысты етеді.
Ғылыми-техникалық мақсаттар – ғылыми-техникалық прогресс 
қоғамдық өндірісті дамытудың және қоғамдық өндірістің тиімділігін 
арттырудың маңызды факторы болып табылады әрі қоғамдық 
мақсаттардың қатарына кіреді. Алайда мемлекеттік органдарға, 


164
ғылыми-зерттеу институттарына, жобалау институтта¬рына, 
конструкторлық бюроға, ғылыми-техникалық ақпарат ұйымдарына 
және т.б. сәйкес кешенді түрде жүзеге асатын ғылым мен техниканың 
даму мақсаттарының өзіндік ерекшеліктері болады.
Басқару деңгейлерін былайша бөліп көрсетуге болады: халық 
шаруашылығы, салалар, территориялық кешендер, бірлестіктер 
мен кәсіпорындар мақсаттары.
Мақсаттардың уақытша аспектілері бөліп ұзақ мерзімді 
(перспективалық), қысқа мерзімді немесе ағымдағысы көрсетіледі.
Нақты өмірде мақсаттар белгілі бір ережеге сәйкес бір-бірімен 
тоқайласады, мақсаттар өз иерархиясында, егер осылай деп айтуға 
келетін болса, белгілі бір дәрежеде бір-бірімен матасқан. Мәселен, 
әлеуметтік-саяси мақсаттарды белгілеу өндірістік-техникалық 
таңдауды, ал алдағы кезеңнің мақсаттары – ағымдағыны ұйғарады. 
Жалпы мақсат бірнеше локальдық немесе жекелеген мақсаттармен 
нақтыланады.
Мақсаттардың жіктеліміне сәйкес басқарудың тиісті 
функ¬циялары бөліп көрсетіледі.
Мақсатты тұжырымдаудың салыстырмалы түрдегі жаңа 
тә¬сілдемелері мен әдістерін екі топқа біріктіруге болады: зерттеу 
және эвристикалық (эвристика (грек тілінен аударғанда – табамын) 
– «ақиқатты таба білу өнері» – амалдардың логикалық жүйесі және 
теориялық зерттеудің әдістемелік ережесі) әдістері.
Зерттеу 
әдістері 
басқару 
мақсаттарын 
анықтаудың 
экстраполяциялық тәсілдемесін; мақсатты функцияны және 
шектеулердің жиынын қамтитын экономикалық объекті моделінде 
қолданылатын оңтайлы тәсілдемені; объектіні алдағы кезеңге 
бейімдейтін бейімдеуші тәсілдемені пайдаланады.
Білімнің үш сатысы – нақты білім, тұрлаусыз білім және 
білімсіздік болашақта болуы ықтимал, деп болжанып отыр.
Эвристикалық әдістер – онда міндетті түрде сарапшылар 
қатысады.
«Дельфи» әдісі – сарапшылар үлкен ұжымға топтасады әрі олар 
бір жерге бас қоспай-ақ, бір-бірінен тәуелсіз болып, жүйелерді 
дамытудың мақсаттары туралы өз пікірлерін айтады. Пікірлерін 
сауалға жауап қайтару түрінде білдіреді; тіпті сауал қоюшылар 
сарапшыларға барып, олардан жазбаша түрде жауап алып қайтады.
Түпкілікті сараптық шешімді шығару бірнеше кезеңдермен 


165
жүзеге асырылады: 
- жеке сұрау салу (сауалнама);
- анықтамаларды жасау (әр қилы пікірлер турасында);
- жүйе бойынша пікірлердің бар болуы туралы сарапшылардың 
ақпараты.
Сараптық нұсқаларды түзету процедурасы пікірдің бірауызды 
болуына қол жеткізетін мақсаттар іріктеліп болғанша бірнеше рет 
жүзеге асырылады.
Операциялық ойын. Сарапшылар белгілі бір сценарий бойынша 
мақсаттарды қалыптастыратын нақты тұлғаның қызметін ұқсатады. 
Жалпы пікірталастыру мәжілісінде мақсаттың ең қолайлы нұсқасы 
таңдап алынады.
«Мақсаттар ағашы» әдісі. Мақсаттарды рет-тәртіпке келтіріп 
ұсыну «мақсаттар ағашы» атауына ие болған әдіспен жүзеге 
асырылады.
«Мақсаттар ағашы» – бұл мақсаттардың арасындағы 
байланыстардың және бірқатар эвристикалық процедураларды 
қолданумен дедуктивті логика қағидасы бойынша құрылған 
мақсаттардың байланысына қол жеткізетін құралдардың графикалық 
бейнесі.
Бұл әдіс болашақтағы оқиғалардың өзара байланысын нақты 
әдістердің тізбесін алуға дейін толық көрінісін көрсетуге әрі 
олардың салыстырмалы маңызы туралы ақпаратты алуға мүмкіндік 
береді. Ол мақсаттардың құрылымы мен ұйымдық құрылым 
арасына сәйкестік тудыру арқылы тікелей орындаушыларға дейін 
мақсаттарды жеткізу бойынша жұмысты қамтамасыз етеді.
«Мақсаттар ағашы» иерархия түрінде берілген бірнеше 
деңгейдегі мақсаттардан тұрады: басты мақсат – I деңгейдің (басты 
мақсаттың) қосалқы мақсаты – II деңгейдің қосалқы мақсаты және 
т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   177




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет