Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011



Pdf көрінісі
бет112/177
Дата07.02.2022
өлшемі4,22 Mb.
#86201
түріОқулық
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   177
Менеджменттің 
стратегиялық бағыттары
Менеджмент тұтас нарықтық экономиканы және ішінара 
кәсіпорындарды басқарудың тұрақты тетіктерінің болғанын 
қалайды (ұйғарады). Менеджменттің өз стратегиялық бағыты 
болуы керек. Бұл бағыттардың сызбасы нарықтық экономиканы, 
менеджментті дайындауды, ұйымдық қатынастағы басқаруды 
қайта құруды, шетелдік тәжірибені және ком¬пьютерлік техниканы 
зерделеп (үйреніп), пайдалануды қамтиды.
Менеджментті дайындау басқарушылық және экономикалық 
білімдердің философиясын; дайындау сапасын; технологиялық 
білімді; дайындау формаларын; дайындау әдістерін қамтиды.
Менеджменттің басты бағыты ретінде болатын өз компоненттері 
бар меншік түрлері; бәсекелестік; монополиясыздандыру; банк-
несие жүйелерін дамыту.
Басқару ісін қайта құру басқаруды орталықсыздандыру; 
басқарудың жаңа түрін құқықтық тұрғыдан қамтамасыз ету; 
экономикалық басқаруды демократияландыру; басқарудың 
(ұйымдастыру нысандары) икемділігі; басқаруды кәсібилендіру 
сияқты бағыттарды қамтиды.
Әр түрлі басқару жүйесіндегі менеджметтің орнын анықтау үшін 
типология деп аталатын басқару, яғни құбылыстарды жіктеудің 
ерекше түрі қарастырылады. Ол бір үлгідегі белгілердің шектеулі 
шеңберін пайдалануды ұйғарады.
Басқарудағы нарықтың рөлі белгілі бір дәрежеде назар аударуға 
тұрады. Бірінші белгі – директивтік басқару – өз-өзін ақтаудан 
қалған, көнерген белгі. Маркетинг типіндегі басқару ұсыныс 
пен сұраныстың арақатынасын ескеретін және тауарды нарықта 
жылжытатын менеджмент қызметін білдіреді.
Мақсатты басқару – бұл нарықтық (экономикалық) басқаруды 
жоққа шығармайтын мақсаттар бойынша басқару. Басқарудың 
мұндай типі адами құндылықтар мен мүддені өз тірегіне 
айналдырады.
Мақсаттық бағдарламалы басқару – даму бағдарламаларын 
пайдаланатын мақсатты басқарудан гөрі ұйымдастырылуы 
әлдеқайда қатаң болатын басқару.
Ғылыми ұстаным тұрғысынан басқарудың мына ерекшеліктерін 
атауға болады:


191
- идеологияландыру – экономиканың даму қарқынына жағымсыз 
әсер етеді;
- тұжырымдамалық тұрғыдан басқару ғылыми негізделген 
ережелердің тұтас жиынтығын білдіреді, жүйе осы тұтас жиынтыққа 
сәйкес дамиды;
- эмпирикалық басқару ең алдымен тәжірибеге, оны 
қорытындылау мен зерделеуге негізделеді;
- прагматикалық басқару – бұл бір сәттік (қысқа мезеттік) 
жетістікке бағдарланатын басқару. Жылдам реакцияны және 
оперативтік тапқырлықты, сондай-ақ нарықтық ахуалдағы 
ерекшелікті білуді ұйғарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   177




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет