Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011


Басқарудың ақпараттық негіздемесі



Pdf көрінісі
бет145/177
Дата07.02.2022
өлшемі4,22 Mb.
#86201
түріОқулық
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   177
34. Басқарудың ақпараттық негіздемесі
Басқаруды ұйымдастыруға жүйелі түрде қарау оның ақпараттық 
жағын бөліп алып, оны дұрыс бағалауды талап етеді. 
Басқарудың барлық үрдісі ақпаратты қабылдау, өзгерту және 
жеткізу үрдісі ретінде қаралына алады. Бұл үрдістің орталық сәті 
шешім қабылдау актісі болып табылады. Шешім қабылдау басқарушы 
ақпаратты тудырады, ал мұның өзі жоспарлар, тапсырмалар, 
нормативтер, бұйрықтар беру түрінде орындаушыларға жеткізіледі 
де, олар үшін белгілі бір мақсаттарға бағытталған әрі үйлестірілген 
әрекеттерге бастайтын күш ретінде қызмет етеді. Сонымен бірге 
шешімдер қабылдау үрдісі де ақпаратқа сүйенеді, ал олардың 
негізделу дәрежесі, сайып келгенде сол ақпараттың толық, анық 
болуына және дер кезінде келіп түсуіне байланысты болады. 
Басқару жүйесінде барлық органдар мен қызметкерлер біртұтас 
байланыстық тармақтарды құрайтын ақпарат тасқындары арқылы 
байланысты. Бұл тармақта бір органдағы ақпараттық шығу 
басқалары үшін ақпараттық кіруге айналады. 


252
Әрбір басқару органы байланыстық тармақтардың өз алдына 
дербес торабы болып есептелінеді, онда әр алуан саладан түсетін 
және әр түрлі бағыттарға жіберілетін көптеген ақпарат тасқындары 
тоғысып жатады. Ақпарат тасқындары мазмұны, уақыт тәртібі 
бойынша сипатталады. Сондықтан да, басқаруды ұйымдастыру осы 
сипаттамалармен тығыз байланысты. Осы тәуелділіктерді анықтау 
оларды есепке ала отырып, басқару құрылымын жасау және оның 
қызметтерін бөлу, ақпарат тасқындарын ұйымдастыру – ақпараттық 
тұрғыдан басқару жүйесін зерттеудің мақсаты болып табылады. 
Енді 
ақпарат
дегеніміз не екенін анықтап алғанымыз жөн. 
Әдетте, ақпаратты хабарлама, мәліметтер, деректер ретінде 
сипаттайды. 
Алайда басқару үшін жалпылама мәліметтер немесе деректер 
маңызды емес. Әрбір басшы әр түрлі деректердің көрсеткіштері 
сандық жағынан бірдей болғанымен, тең дәрежеде бағалы болып 
шықпайтындығын біледі. 
Басқару аппаратының қызметкері деректерді ала отырып, оларды 
жай ғана қабылдай салуға тиісті емес. Ол деректердің мазмұнын 
анықтауға, шешілетін міндеттер үшін олардың маңыздылығын 
бағалауға тиісті. Мазмұнды анықтау ісі бұл қызметкерден оның 
кәсіби дәрежесіне, мамандығына, жұмыс тәжірибесіне байланысты 
білімдер қорын жұмылдыруды талап етеді. Білімдер қоры оны 
қабылдаушы субъектінің (адамның) есінде қалған ұғымдар, 
пікірлер және олардың арасындағы байланыстар ретінде көрінеді. 
Мамандар оны 
тезаурус
(латынша – қазына деген сөз) деп атайды. 
Хабарламаның мазмұны түсінікті болуы үшін, ол жұрттың айтып 
жүргеніндей қабылдаушының қазынасымен (тезаурусымен) ортақ 
нүктелерге ие болуы керек. Дәлірек айтқанда, егер хабарламада 
қандай да бір термин болса, онда қабылдаушының есінде ол 
терминнің мағыналық мәнін құрайтын ұғым болуға тиісті. Егер 
мұндай терминдер көп болса, онда хабар бұл қабылдаушыға таныс 
емес тілде айтылған кез келген мәлімет сияқты ақпараттың бір 
бөлігі есебінде қабылданады. Бұл жерде ақпараттың жоғалу себебі 
семантикалық
(мағыналық) шуыл деп аталады. Осы тұрғыдан алып 
қарағанда, қабылдаушының білім қазынасын (тезаурусын) байыта 
түсетін тек жаңа мәліметтер ғана ақпарат болып табылады деп 
айтуға болады. 
Екінші бір жағдай мынандай болуы мүмкін. Хабардың мазмұны 


253
түсінікті болып, бірақ қабылдаушы оны ақпарат ретінде ұғынбауы 
мүмкін, себебі ол өзінің алдында тұрған міндеттерді шешу үшін 
мазмұнды қажет деп есептемейді, оның маңыздылығын бағалайды. 
Объективті жағынан алғанда, бұл мәліметтердің пайдалы болуы, 
бірақ қызметкер оларды ұғынуға даяр болмай тұрып, оларға 
өзінің теріс бағасын беруі мүмкін. Бұл жағдайларда деректердің 
пайдалылығына қарай берілетін бағамен және олардың ішінен 
басқару міндеттерін шешу үшін маңыздыларын таңдап алуына 
байланысты 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   177




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет