Бәсекеге қабілеттілік елдегі нақтылы салада және сырттағы
елдердегі бір фирманың екінші фирмаға
қарағандағы артықшылығы.
Бәсекелестік күрес рынокта бәсекелуші фирманы өзінің
бәсекелестік артықшылықтарын іске
асырудағы пайдаланатын әдісі.
Бейімделу жүйе және оның бөлек элементтерінің
сыртқы ортаның өзгеру жағдайларына
лайықтануы.
Бизнес жеке бастың пайдасын арттыруға
бағытталған іс, кәсіпкерлік, коммерция,
сауда. Бұдан басқа мемлекеттік,
тұтынушылар бизнесі бар.
Бизнес-жоспарлау кәсіпкерлік, инвестициялық жобаларды
іске асыру үшін шаралар жүйесін
әзірлеу процесі.
Билік өкімет, өкім, әкімшілік жүргізу. Қазіргі
жағдайға болмаса басқа адамдардың
тәртібіне әсер етуге құқығы бар.
299
Болжау қағидалары қағида теорияның қалыптасуының
алғашқы негізі, адам тәртібінің ережесі.
Болжау қағидалары: жүйелік, кешендік,
үзіліссіздік, нұсқаулық, оңтайлық.