102
жаңаша ойлайтын, қабілеті мол азаматтар қалыптастыру,
үшіншіден, білім, ғылым және инновациядағы серпілісті
қамтамасыз ету. Бұлардың барлығы да жаһандық әлемдегі
білім беруді дамытудың негізгі факторы адами капитал рӛлін
арттыру, адами ресурстарға деген жаһандық бәсекелестіктің
ӛсуі және жаңа технологиялық толқын талаптарына жауап
беруді қамтамасыз ету мақсаттарын кӛздейді. Соған сай,
білім беруді жаңғырту, оны қаржыландыруды тұрақты түрде
арттыру арқылы 2020 жылдарға қарай білім берудің жаңа
сапасын қамтамасыз ететін жаңа жүйені қалыптастыру
міндеттері нақтыланды.
Осы міндеттер бүгінгі таңда еліміздің білім беру
мазмұны мен нәтижелерін жаңартуды қажет етеді. Адам
капиталын дамытуды кӛздейтін жаңа экономикалық
қатынастардың нығаюы мен әлемдік ӛркениетке ықпалдасу
білім берудің құндылықтарын жаңғыртуға ықпал етуде.
Білім саласындағы жаңа құндылықтар ҚР Мемлекеттік
жалпыға міндетті білім беру стандарттарының барлық
буындарына арналған мазмұнында айқындалған. Ондағы
негізгі ӛзгерістер білім берудің жаңа нәтижелері ретінде
білім алушылардың
құзыреттіктерін қалыптастыру
белгіленуінде. Мысалы, 2008-2009 жылдары талдауға
ұсынылған
Достарыңызбен бөлісу: