Санитарлық сараптау әдісі. Санитарлық сараптау – бұл санитарлық-гигиеналық талаптарға сай келуі туралы зерттеулер жүргізу және қорытынды беру. Санитарлық сараптау әдісі, негізінен алдын алу (сақтық) мақсатындағы бақылауды жүргізу кезінде қолданылады, яғни нысанды пайдалануға беруге дейін немесе әр түрлі өнім түрлері, материалдарды, өнімдерді тұтынушыларға өткізгенге дейін бақылау жүргізу кезінде қолданылады. Санитарлық сараптауға жататындар:
елді мекендердің жоспары мен құрылысының жобалары;
коммуналдық, тұрғын үй және өнеркәсіп құрылыстарының жобалары;
құрылысқа жер телімін таңдау және бөлу;
нысандардың құрылысы, қайта құру және пайдалануға беру кезеңдері;
ауыз суы, сусындар, тағамдық азықтар;
ыдыстың, жабдықтардың және буып-түйетін заттардың жаңа түрлері, құрылыс материалдары;
жаңа технологиялық үрдістер;
балалардың ойыншықтары, кітаптары және киімдері және басқалар.
Санитарлық сараптау, әдетте бірнеше кезеңдерді қамтиды. Тағамдық азықтарды санитарлық сараптауда, алдымен жолдама құжаттарынан азық-түлік туралы мәліметтер зерттеледі, содан соң өз орнында азықтардың партиясын қарау және зертханалық зерттеулер үшін сынама алу жүргізіледі. Зертханалық зерттеу кезінде алдына қойған міндетіне байланысты, әр түрлі әдістер – физико-химиялық, бактериологиялық, гельминтологиялық және басқа да әдістер қолданылады. Зертханалық зерттеу мәліметерін алғаннан кейін, санитарлық сараптау актісі, жазылады, онда азықтың сапасы бағаланады және оның тамақтануға жарамдылығы және өткізу жолдары туралы қорытынды жасалады.
Сонымен, санитарлық сараптау, халықтың денсаулық жағдайы өзгеруінің (бұзылуының) алдын алуға мүмкіндік беретін тиімді әдістердің бірі болып табылады, себебі, оның көп бөлігі зиянды факторлардың алдын алуға мүмкіндік беретін кезеңдерінде жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |