Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен


Аурухана құрылысы жүйелерінің гигиеналық сипаттамасы



бет205/304
Дата22.04.2022
өлшемі9,78 Mb.
#140282
түріОқулық
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   304
Байланысты:
Uchebnik Gigiena-kaz yaz

2. Аурухана құрылысы жүйелерінің гигиеналық сипаттамасы.
Қазіргі кездегі ауруханалар көп төсекті, құрылымы мен қызметі күрделі, әр түрлі мамандандырылған медициналық көмек түрлерін көрсететін бөлімшелері болуымен, жаңа емдеу және диагностика әдістерін дамытумен және енгізумен, жоғары техникалық жабдықталуымен, қымбат тұратын жабдықтарды күтетін инженерлік-техникалық қызметті ұстау қажеттілігімен, аурухана базасында маман қызметкерлерді дайындаумен ерекшеленеді.
Осы аспектілердің бәрінің де шешілуі, көбінесе, ауруханалардың құрылыс жүйесімен анықталады. Осыдан бірнеше жүз жылдар бұрын пайда болған бірінші ауруханалар казарма түрінде болды және бірқатар өтпелі залдардан тұрды, оған, ауру сипатын ескермей, 30-40 адамнан жатқызды. Санитарлық тұрғыдан аббатандырылмауы, шектеулі аумақта аурулардың жиналуы, аурулардың қоздырғыштары туралы ешқандай түсінік болмауы, жаппай аурухана ішілік инфекцияның дамуына әкеп соқты. 19 ғасырдың басында ауруханаларды салудың павильондық құрылыс жүйесі бірінші рет қолданыла бастады. Бұл жүйесінде қабаты аз, онша үлкен емес ғимараттарда, жарық екі жағынан да түсетін, жақсы желденетін және күн сәулесі түсетін кең зал-палаталар орналастырылды, сонымен қатар, санитарлық және шаруашылық бөлмелері де болды. Павильондық (орталықтандырылмаған) құрылыс жүйесі, аурухана ішілік инфекцияның дамуын төмендетіп, науқастарға гигиеналық жағынан қолайлы жағдайлар қамтамасыз етуге мүмкіншілік берді. Бұл жүйе, кейбір кемшіліктеріне (мамандандырылған медициналық көмек көрсету қиындығы, бір қызмет түрін атқаратын аспаптардың біреуінің орнына бірнешеуін қолдану, экономикалық шығыны үлкен және басқалар) қарамастан, осы күнге дейін қолданылуда. Бұл кемшіліктер ауруханалардың функционалдық жағынан жетілуін, емдеу-диагностикалық үрдістің іске асуын шектеді, осыған байланысты 20 ғасырдың бірінші жартысында аурухана құрылысын салудың келесі кезеңі - орталықтандырылған құрылыс жүйесі болды, бұл құрылыс жүйесінде барлық бөлімшелер бір ғимаратта орналасты. Бірақ, бұл жүйенің де кемшіліктері болды, бірінші кезекте, аурухана ішілік инфекция дамуының қаупі жоғары болды. Аралас құрылыс жүйесі ұсынылды, содан соң ірі көп салалы ауруханалардың көбеюіне байланысты, 20 ғасырдың 70-жылдарының басында олардың қазіргі талапқа сай жаңартылған түрі – орталықтандырылған-блоктық құрылыс жүйесі ұсынылды.
Қазіргі кезде аурухана құрылысының 4 жүйесі қолданылады: орталықтандырылмаған, орталықтандырылған, орталықтандырылған-блоктық және аралас.
Орталықтандырылмаған құрылыс жүйесінде, аурухана мекемесі әр түрлі саладағы емдеу бөлімдері орналасқан бірқатар жеке түрған аз қабатты ғимараттардан тұрады. Жеке ғимараттарда емхананы, әкімшілік және шаруашылық қызметтерін орналастырады. Орталықтандырылмаған құрылыс жүйесінің артықшылықтары:

  • бөлімдерінің бір-бірінен жақсы оқшауланғандығы, бұл аурухана ішілік инфекцияның таралу мүмкіншілігін едәуір азайтады;

  • емдік-қорғаныс тәртібін, қолайлы микроклимат жағдайларын, жарық пен ауа алмасуын қамтамасыз ету мүмкіншілігі жақсарады;

  • науқастардың ашық ауада, көгөрістердің арасында болуын жеңілдетеді;

Сонымен қатар, орталықтандырылмаған құрылыс жүйесінің бірқатар кемшіліктері де бар, ол туралы жоғарыда айтылды. Мысалы, аурухананың орталықтандырылмаған құрылыс жүйесін салуға жер учаскесін ауданы үлкен болуы қажет. Бұл, әрине, қазіргі уақытта қиын шешілетін мәселе. Мұндай құрылыс жүйесі бойынша, бөлек ғимараттар салу, оларға коммуникациялар жүргізу, аумағын абаттандыру көп материалдық шығынды қажет етеді. Елеулі кемшілігі, маман дәрігердің кеңес беруі және жедел мамандандырылған медициналық көмек көрсетудің қиындауы, әр түрлі корпустарда емдеу-диагностикалық бөлімшелердің қосарлануы, науқастар мен медицина қызметкерінің жүру жолдарының ұзаруы. Орталық ас блогынан корпустарға тамақ тасу қажеттілігі тағамның сапасын төмендетеді және суып кетуіне байланысты, оны қайта ысытуды қажет етеді.
Сондықтан, қазіргі кезде орталықтандырылмаған құрылыс жүйесін, көбінесе қала шетінде орналасатын туберкулездік, психиатриялық ауруханалар, реабилитациялық орталықтар және т.б. емдеу-алдын алу мекемелерін салу ушін, сондай-ақ, сейсмикалық қауіпті аудандарда ауруханалдар салу үшін қолданады. Орталықтандырылған жүйеде, жұқпалы, патологиялық-анатомиялық бөлімдерден басқа, барлық соматикалық бөлімдерін бір, көп қабатты ғимаратта орналастырады. Бұл жүйенің де кемшіліктері мен артықшылықтары бар. Артықшылықтары: құрылысы едәуір арзанға түседі, құрылыс ауданы азаяды, орталыктандырылған құрылымдық бөлімшелерде (рентген бөлімінде, функционалдық диагностика бөлімінде, зертханаларда және басқаларда) шоғырландырылған бір емдеу-диагностикалық жабдықты аурухананың барлық бөлімдері ұтымды пайдаланады. Сонымен бірге, жедел кеңес беру және басқа да тез емдік көмек көрсету мүмкіншілігі жақсарады, персоналдың жүру жолы және тамақ тасу жолы қысқарады, санитарлық-техникалық жабдықтарды және әр түрлі коммуникацияларды пайдалану жеңілдейді.
Орталықтандырылған қүрылыс жүйесінің негізгі кемшіліктеріне, аурахана ішілік инфекцияның пайда болуы мен таралуының жоғарылығы, емдік-қорғаңыш және санитарлық-эпидемияға қарсы тәртіптерді ұйымдастыру мен сақтаудың қиындауы, шу деңгейінің жоғарылауы, микроклимат жағдайының нашарлауы, аурулардың аурухана бауын пайдалануының қиындауы жатады.
Аралас құрылыс жүйесі, орталықтандырылған және орталықтандырылмаған құрылыс жүйелерінің жеке қасиеттерін біріктіреді. Әдетте, 4 – 5 қабатты бас корпуста оқшаулауды қажет етпейтін соматикалық бөлімдер мен орталықтандырылған емдеу-диагностикалық бөлімшелерді орналастырады. Бөлек ғимараттарда аурухана ішілік инфекцияның алдын алу мақсатында, бір-бірінен оқшаулауды міндетті түрде қажет ететін перзентхананы, балалар бөлімін, жұқпалы аурулар бөлімін орналастырады. Сонымен қатар, бөлек тұрған ғимараттарда әкімшілік-шаруашылық бөлімін және емхананы орналастырады. Аралас құрылыс жүйесі орталықтандырылған және орталықтандырылмаған құрылыс жүйелерінің кейбір кемшіліктерін өте төмен дәрежеге дейін азайтуға мүмкіншілік береді.
Гигиеналық талаптарға ең көп сәйкес келетіні - орталықтандырылған-блоктық құрылыс жүйесі (Е.И.Гончарук,2006). Бұл жүйеде бір немесе бірнеше көп қабатты (6-9 қабатты) палаталық корпустар және бір немесе бірнеше аз қабатты ғимараттар болады. Көп қабатты корпустарда, жұқпалы аурулар бөлімінен басқа, барлық бөлімдер орналасады. Аз қабатты ғимараттарда операциялық, емдеу-диагностикалық бөлімшелер, қосалқы қызметтер орналасады. Бұлардың бәрі бір-бірімен жабық жер бетіндегі немесе жер астындағы өтпелерімен қосылады. Патологиялық-анатомиялық және жұқпалы аурулар бөлімдері бөлек ғимараттарда орналасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   304




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет