Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен



бет184/304
Дата22.04.2022
өлшемі9,78 Mb.
#140282
түріОқулық
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   304
Байланысты:
Uchebnik Gigiena-kaz yaz

9.3.- кесте
Оқушылардың биологиялық даму деңгейінің көрсеткіштері.



Жасы

Дене ұзындығы, см

Дене ұзындығының жыл сайынғы қосылуы, см

Тұрақты
тістерінің саны

Екіншілік жыныстық
белгілерінің даму дәрежесі

Ұлдар

7

М 7 ±δ

4 – 6

7 ±3




8

М 8 ±δ

4 – 6

12 ±2




9

М 9 ± δ

4 – 6

14 ± 2




10

М 10 ±δ

4 – 6

18 ± 3




11

М 11 ± δ

4 – 6

20 ±4

АХо Р0

12

М 12 ± δ

4 – 6

24 ± 3

АХо Р0, 1, V1

13

М 13 ± δ

7 – 10

27 ± 1

АХо Р1, V1, L 0, 1

14

М 14 ± δ

7 – 10

28

АХ1 Р2, V1, 2F 0, 1 L 0, 1

15

М 15 ± δ

4 – 7

28

АХ2 Р3, V2, F1, L 0, 1

16

М 16 ± δ

3 – 4

28

АХ3 Р3, V2, F1, 2L2

17

М 17 ±δ

1 – 2

28

АХ3 Р4, V2, F2, 3L2

Қыздар

7

М 7 ± δ

4 – 5

9 ± 3




8

М 8 ± δ

4 – 5

12 ± 3




9

М 9 ±δ

4 – 5

15 ±3




10

М 10 ±δ

4 – 5

19 ±3


11

М 11 ± δ

6 – 8

21 ±3

АХ0, 1Р0, 1Ма 1

12

М 12 ± δ

6 – 8

25 ±2

АХ1, 2Р1, 2Ма 2

13

М 13 ± δ

4 – 6

28

АХ2, 3,Р 2,3Ма 2,3 menses

14

М 14 ± δ

2 – 4

28

АХ2,3Р3, Ма3 menses

15

М 15 ± δ

1 – 2

28

ÀХ3, Р3, Ма3 menses

16

М 16 ± δ

1 – 2

28

АХ3, Р3, Ма3, 4 menses

17

М 17 ±δ

0 – 1

28

АХ3, Р3, Ма4 menses

Бала ағзасының биологиялық даму деңгейімен қатар, морфологиялық-функционалдық көрсеткіштерін, олардың өзара байланысын бағалауға мүмкіндік беретін әдіс - дене дамуын бағалаудың кешенді әдісі. Ол 2 кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңінде, жоғарыда көрсетілген белгілер бойынша баланың биологиялық жасы бағаланады. Биологиялық даму жөнінде қорытындының 3 түрі болуы мүмкін: биологиялық жасы төл құжаттық жасына сәйкес келеді, төл құжаттық жастан артта қалған немесе озып кеткен.


Биологиялық жастың артта қалғандығы немесе озып кеткендігі жөнінде, көпшілік көрсеткіштері бойынша 2 немесе одан да көп жасқа артта қалуы, әлде озып кетуі болса ғана, айтуға болады. Кешенді әдістің екінші кезеңінде регрессия шкалалары бойынша даму үйлесімділігі анықталады. Биологиялық дамудың - жасына сәйкес, жасынан артта қалған немесе озып кеткен - кез келген деңгейінде, дененің дамуы үйлесімді, үйлесімді емес, үйлесімділігі күрт өзгерген болуы мүмкін (9.4.- кесте).


9.4.- кесте


Балалардың дене дамуын кешендік әдіспен бағалау сызбасы



Даму
үйлесімдлігі

Морфологиялық-функционалдық жағдайы

Биологиялық даму деңгейі

Дене массасы, кеуде торының шеңбері

Өкпенің тіршілік сыйымдылығы, қолдың бұлшық етінің күші

Үйлесімді

Бұлшық еттің жақсы дамуы есебінен М±σ R және одан жоғары

М±σ және одан да жоғары

Жасына сәйкес

Жасынан озған

Жасынан артта қалған

Үйлесімді емес

М-1,1 σ R ден М-2,0 σ R дейін
М+1,1 σ R ден М+2,0 σ R дейін, жоғары мөлшерде май жиналудан

М-1,1 σ ден М- 2,0 σ дейін

Жасына сәйкес

Жасынан озған

Жасынан артта қалған

Үйлесімділігі күрт өзгерген

М-2,1 σ R және одан да төмен М+2,1 σ R және одан да жоғары, артық мөлшерде май жиналудан

М-2,1 σ және одан да төмен

Жасына сәйкес

Жасынан озған

Жасынан артта қалған

Қазіргі кезде дене дамуын бағалаудың центильдік әдісі кеңінен таралған. Ол әдістің ерекшеліктеріне жеткілікті дәрежеде объективтілігі, қарапайымдығы және қолданылу ыңғайлығы, қосымша есептеулер жүргізудің қажеті болмауы жатады. Әдетте, әрқайсысы жеке қарастырылатын, бірнеше белгілері: дене ұзындығы мен массасы, BMI, кеуде торының шеңбері, тері асты май қабатының қалыңдығы, қол бұлшық етінің күші, ӨТС, артериалық қан қысымы, пульс жиілігі және т.б. құрамына кіретін, бір өлшемді центильдік шкалалар қолданылады. Екі өлшемді центильдік шкалаларда даму үйлесімділігін анықтауға мүмкіндік беретін, дене дамуының 2 басты белгілері: дене ұзындығы мен массасының өзара байланысы берілген. Центильдік әдісте кез келген белгінің барлық мөлшерлерін, мысалы, белгілі бір жастағы балалардың дене массасының мөлшерлерін кіші мәнінен үлкеніне қарай өсу реті бойынша реттелген түрдегі қатарда орналастырады. Бұл қатарды 100 бөлікке (центилььдерге) бөледі. Әдетте, центильдік кестелерде барлық центильдер емес, тек қана 7 белгіленген – 3, 10, 25, 50, 75, 90, 97 центильдер беріледі. Белгіленген центилььдер арасында 8 - центильдік аралықтар түзіледі. Бірінші аралыққа 0–3 центильдерге (өте төмен), екіншіге – 3–10 центильдерге (төмен), үшіншіге – 10–25 центильдерге (төмендеген), төртіншіге – 25–50 центильдерге (орташа), бесіншіге 50-75 центильдерге (орташа), алтыншыға – 75–90 центильдерге (жоғарылаған), жетіншіге – 90–97 центильдерге (жоғары) және сегізіншіге 97–100 центильдерге жататын (өте жоғары) белгілердің мөлшерлері кіреді. Баланы тексеріп, оның даму көрсеткіштерінің мөлшері, аралықтардың қайсысына кіретінін анықтайды. Дене дамуының қалыпты түріне 3–6 аралықтар арасындағы, яғни 10 - 90 центильдер зонасында жататын және сау балалардың 80%–да кездесетін белгілер жатады..


Егер дене ұзындығының көрсеткіштері 3–7 зонасында, ал дене салмағы 3–6 зонасында жатса, онда дамуы қалыпты болып саналады. 1 және 8 центильдік аралықтарға жататын көрсеткіштер дененің дамуында ауытқулар бар екенін көрсетеді және балаға диагностикалық тексеру жүргізуді қажет етеді. Көрсеткіштері 2- және 7- аралықтарға түсетін балалар қауіп–қатер тобына жатады, олар үнемі динамикалық бақылауда болуы қажет.
Центильдік кестелер бойынша жекелеген белгілерді ғана емес, дамудың үйлесімділігін де бағалауға болады. Егер дене массасы мен ұзындығының өлшемдері бір аралықта немесе көршілес аралықтарда да болса, онда дене дамуы үйлесімді болып саналады. Егер олар орналасқан аралықтардың айырмашылығы 3 аралыққа жетсе, үйлесімді емес, ал айырмашылығы одан да артық болса – үйлесімділігі күрт өзгерген болып есептеледі. Дененің дамуын скрининг бағалау мақсатында екі өлшемді центильдік номограммалар кеңінен қолданылады (Ю.П. Пивоваров, 2001).
Сөзсіз артықшылықтарына қарамастан, центильдік әдіс баланың биологиялық дамуын бағалауға мүмкіндік бермейді. Бірақ, ол, көп еңбекті талап ететін регрессия шкалалары бойынша морфологиялық - функционалдық жағдайды бағалау әдісін алмастыра отырып, дененің дамуын кешендік бағалауда ойдағыдай қолданылады. Биологиялық дамудың артта қалуы немесе озып кетуі және морфологиялық-функционалдық көрсеткіштердің үйлесімді еместігі денсаулық жағдайында ауытқулар бар екенін көрсетеді. Дене дамуының үйлесімсіздігінің және биологиялық дамудың бұзылыстарының дәрежесі жоғарылаған сайын, аурулардың даму қаупі одан әрі артады. Сондықтан балалардың дене дамуын жекелей бағалаған кезде, оларды төмендегідей қауіп–қатер топтарына бөлуге болады (В.Р. Кучма,2001, 9.5.- кесте).


9.5.- кесте
Балалар мен жасөспірімдерді дене дамуының әр түрлі дәрежесіне
байланысты аурулар дамуының қауіп–қатер топтары.



Морфологиялық-функционалдық
көрсеткіштері

Биологиялық даму деңгейі

сәйкес келеді

озады

артта қалады

Үйлесімді



1

1

Үйлесімді емес – дене массасының жеткіліксіздігі мен функционалдық көрсеткіштердің төмендеуі есебінен

1

2

2

Үйлесімді емес–дене массасының артық болуынан

2

2

2

Үйлесімділігі күрт өзгерген – дене массасы жеткіліксізі немесе артық болған кезде

3

3

3

4. Секулярлық тренд және қазіргі кезеңдегі балалардың өсу және даму ерекшеліктері
Адам биологиясында бірнеше ұрпақтар бойы жүретін өзгерістер, «секулярлық тренд» - ғасырлық дамудың бағыты деп аталады. Соңғы жүз жылдықта секулярлық тренд адам денесі өлшемдерінің және репродуктивті кезеңінің ұзақтығының өсуімен, өмір сүрудің ұзаруымен, сонымен қатар, балалар мен жасөспірімдердің өсуі мен даму үрдістерінің өзгеруімен сипатталады. 20 жүзжылдықта секулярлық трендінің ерекшелігі, өсу мен дамудың акселерациясы болды. Қазіргі кезеңде акцелерация үрдісі тұрақтануымен және децелерацияның (ретардация) біртіндеп жоғарылауымен алмаса бастады.
Акселерация дегеніміз бұрынғы ұрпақпен салыстарғанда, даму мен өсу қарқынының жылдамдауы, ал децелерация – баяулауы. 40 жылдардың өзінде басталған, өсу мен даму акселерациясы ең жоғарғы деңгейіне жетіп, 20 ғасырдың 60–80 жылдарында барлық жерде байқалды, ал оның ең шарықтау шыңы 70 жылдарда болды. Акселерация балалардың барлық даму кезеңдерін, тіпті құрсақішілік кезеңіне дейін қамтыды. 1 жасқа дейінгі балаларда 1 ай бұрын дене массасы екі еселеніп, еңбектерінің ерте сүйектенуі байқалды. Сүт тістерінің тұрақты тістерге ауысуы, ғасыр басындағыға қарағанда, орта есеппен, 1 жыл ертерек аяқтала бастады. Едәуір айырмашылықтар дене өлшемдері мен жыныстық жетілу мерзімдерінде де байқалды. Әсіресе, олар жасөспірімдік кезеңде айқын білінді. 80 жылдарда 15 жасар оқушылардың бойы, 20 жылдардың басындағы өз қатарларынан 15 см–ге, ал салмағы 16 кг–ға жоғары болды. Дене ұзындығы әр он жылдықта, орта есеппен, 2 см–ге жоғарылап отырды. Menarche пайда болатын жас 15 жастан 12 жас 7 айға дейін, ал қалқан шеміршігінің даму мерзімі – 9 айға, дауыстың өзгеруі – 3 айға, қасаға мен қолтықтың түктенуі – 5–5,5 айға азайды. Акселерация үрдісін анықтауда көптеген гипотезалар ұсынылады. Атап айқанда, табиғи және антропогенді сыртқы орта факторларының әсеріне: күн радиациясының циклдік белсенділігіне, ғарыштық сәулеленуге, электромагниттік фон мен электромагниттік ластағыштарға, тамақтанудың жақсаруына, урбанизацияға, қазіргі қоғамдағы өмір салтына көп көңіл бөлінеді. Сондай–ақ, балалар арасындағы жұқпалы аурулардың төмендеуінің, тұрмыс жағдайларының, оқу мен тәрбиенің жақсаруының да өзіндік қосар үлесі бар екенін теріске шығаруға болмайды.
Ішкі - генетикалық фактордың да маңызы аз емес. Акселерация, аралас некелердің көбеюі нәтижесінде, гетерозиготтылықтың күшеюі салдарынан, сондай–ақ, ағзаның қоршаған орта факторларының циклді өзгерістеріне генетикалық жоспарланған бейімділігінің пайда болуынан дамыды деген ұғымдар бар.
20 ғасырдың соңынан бастап, балалар ағзасының өсуі мен даму үрдісінің ретардацияға көшуі байқалды. 80 жылдардың өзінде–ақ, балалар мен жасөспірімдердің функционалдық көрсеткіштерінің, ал 90 жылдарда - бойдың өсуі мен дене массасының және басқа соматометриялық көрсеткіштерінің төмендегені байқалды. Қазіргі кездегі балалардың ішінде, дене бітімінің “грацилизациясы” деп аталатын, дененің барлық ені мен құлашы өлшемдерінің төмендеуі, әсіресе қолайсыз болып саналатын - кеуде торы мен жамбастың сагиталдық және көлденең өлшемдерінің кішіреюі жиі кездесетін болды. Дене массалары жеткіліксіз немесе артық оқушылардың пайызы 2 есеге жуық өсті, сондай–ақ, биологиялық жасы күнтізбелік жасынан артта қалған балалардың, әсіресе қыздардың, пайыздық саны жоғарылады. Балалар мен жасөспірімдердің дене өсуіндегі теріс өзгерістер, олардағы бейімделу қабілеті мен денсаулық деңгейінің төмендегенін дәлелдейді.
Ретардацияның даму себептері толығымен белгісіз болса да, оның дамуындағы әлеуметтік–экономикалық жағдайлар мен экологиялық факторлардың сөзсіз рөлі, балалар мен жасөспірімдердің тіршілік ету жағдайларын сауықтыру мәселелерін шешуді қажет етеді.
5. Балалар мен жасөспірімдердің денсаулық жағдайын бағалау. Денсаулық топтары.
Балалар мен жасөспірімдердің денсаулық жағдайын зерттеу мен бағалау, жоғарыда көрсетілгендей, С.М. Громбах ұсынған белгілерге сәйкес жүргізіледі. Бір баланың денсаулығы да (жеке адам денсаулығы) және бүкіл балалардың да денсаулығы (қоғамдық денсаулық) сипатталынады.
Балада созылмалы аурулардың болуы немесе болмауы жөнінде педиатрдың және арнаулы саланың мамандарының жоспарлы медициналық тексерулерінің мәліметтері мен медициналық көмек алуға келу бойынша анықталған аурушаңдық деректері бойынша біледі.
Ағзаның қарсы тұру қабілеті, өткен жылдағы балада болған жедел аурулардың және созылмалы аурулардың асқынуларының сандары бойынша бағаланады. Жиі ауыратын балаларға, бір жылда 4 немесе одан көп рет ауыратындар жатады.
Мүшелер мен жүйелердің функционалдық жағдайы клиникалық–функционалдық зерттеу әдістерімен анықталады.
Жүйкелік–психикалық даму деңгейін, арнайы тесттердің (Керн–Ирасек тесті, монометриялық тест, әріптердің дыбысын дұрыс шығаруын бағалау және басқалар) көмегімен психоневролог анықтайды.
Дененің даму деңгейі кешендік және центильдік зерттеу және бағалау әдістерінің мәліметтері бойынша анықталады.
Алынған деректер негізінде балаларды 5 денсаулық тобының біреуіне жатқызады. Балалар мен жасөспірімдерді денсаулық топтарына бөлу, тиісті сауықтыру шараларын жүргізуге, диспансерлік бақылауға алуға, дене шынықтыру тәрбиесі мен еңбекке баулудың көлемі мен түріне түзету енгізуге, емдеу–алдын алу шараларының тиімділігін бағалауға және т.б. мүмкіндік береді.
Бірінші денсаулық тобына дені сау, созылмалы аурулары, кемтарлығы, ақаулары жоқ, дене дамуы мен жүйкелік–психикалық дамуы жасына сәйкес, үйлесімді, сирек ауыратын, функционалдық ауытқулары жоқ балалар жатады.
Екінші денсаулық тобына дені сау, созылмалы аурулары жоқ, бірақ кейбір функционалдық және морфологиялық ауытқулары бар балалар, сондай–ақ, биологиялық жасы күнтізбектік жасынан артта қалған эндокриндік патологиясы жоқ және дене массасы жеткіліксіз немесе артық, жиі және ұзақ ауыратын балалар жатады.
Үшінші денсаулық тобына, функционалдық мүмкіншіліктері сақталған, компенсация сатысындағы жүре пайда болған созылмалы аурулары және туа біткен патологиясы бар балалар, сондай–ақ оқуға немесе еңбекке қабілеттілігін бұзбайтын, дене кемістіктері және жарақаттануларының едәуір салдары бар, балалар жатады.
Төртінші денсаулық тобына функционалдық мүмкіншіліктері төмен, субкомпенсация сатысындағы жүре пайда болған немесе туа біткен созылмалы аурулары бар балалар, сондай–ақ, оқуға немесе еңбекке қабілеттілігін бұзатын, дене кемістіктері және жарақаттануларының едәуір салдары бар, балалар жатады.
Бесінші денсаулық тобына функционалдық мүмкіншіліктері айқын төмендеген, декомпенсация сатысындағы жүре пайда болған немесе туа біткен ауыр созылмалы аурулары бар балалар, сондай–ақ мүгедектікке әкеп соғатын, дене кемістіктері және жарақаттануларының едәуір салдары бар балалар жатады.
Созылмалы аурулар кезіндегі компенсация дәрежесі патологиялық үрдістің таралуы, оның жыл бойындағы асқынуларының жиілігі, интеркуррентті аурулардың жиілігі, ағзаның функционалдық мүмкіншіліктері төмендеуінің айқындылығы бойынша анықталады. Аурудың компенсациялық түрде өтуі кезінде, әдетте, бір-екі мүшелер мен жүйелердің зақымдалуы байқалады, асқынулар сирек – жылына 1 ретке дейін, ремиссия кезеңі – ұзақ, функционалдық мүмкіншіліктері сақталған, интеркуррентті аурулардың сирек қосылады және жеңіл өтеді, ағзаның жалпы жағдайы мен ахуалының айқын бұзылыстары байқалмайды.
Субкомпенсация сатысы, үрдістің басқа мүшелер мен жүйелерге таралуымен, аурудың жиі асқынуларымен (жылына–2–3 рет дейін) және интеркуррентті аурулардың жиі қосылуымен, реконвалесценция кезеңінің ұзаққа созылуымен, сондай–ақ, ағзаның функционалдық мүмкіншілігінің төмендеуімен сипатталады. Декомпенсация кезінде бұзылу үрдістері көптеген мүшелер мен жүйелерге таралады, ремиссия кезеңі – қысқа, ағзаның функционалдық мүмкіншіліктері күрт төмендеген, соның салдарынан, мұндай балалар басқа адам күтім көрсетуін қажет етеді және балалар мен жасөспірімдерге арналған жалпы салалық мекемелерге қатыспайды.
Денсаулық тобын өз саласы бойынша медициналық тексеруге қатысқан әрбір маман анықтайды. Соңғы бағаны мамандардың қорытындалары негізінде, жаппай медициналық тексерулер немесе диспансерлеу жүргізуге басшылық еткен дәрігер-педиатр немесе мектепке дейінгі мекемелер мен мектеп дәрігері береді. Егер балада бірнеше аурулар болса, онда баға олардың ішіндегі ең ауыры бойынша беріледі. Егер ол аурулардың әрқайсысы науқас баланы 3 денсаулық тобына жатқызуға мүмкіндік беретін болса және оның функционалдық мүмкіншіліктерін төмендетсе, онда баланы 4 топқа жатқызу керек. Денсаулық тобы мәңгілікке белгіленбейді, ол баланың денсаулық жағдайына қарай өзгеріп тұрады. Денсаулық тобын анықтауда бірыңғайлаған «Денсаулық тобын анықтау сұлбасы» қолданылыды.
Балаларды топтарға бөлу, оларға дифференциалды бақылау, денсаулық деңгейіне байланысты сауықтыру және емдеу жүргізуге мүмкіндік береді.
6. Күн тәртібі мен оқу–тәрбие үрдісінің гигиеналық негіздері.
6.1 Күн тәртібінің физиологиялық негіздері. Балалар мен жасөспірімдердің дамуы және оларды тәрбиелеу мен оқыту, олардың әр түрлі әрекет түрлерін орындау нәтижесінде жүзеге асырылады. Өскен сайын ол әрекеттердің мазмұны, күрделілігі, әр түрлілігі және ұзақтығы кеңейеді. Кез келген жұмысты орындау барысында, заңды түрде, субьективті шаршау сезімімен, жұмысқа қабілеттілігінің және ағзаның негізгі жүйелерінің функционалдық белсенділігінің төмендеуімен сипатталатын, уақытша қайтымды үрдіс – қажу дамиды. И.М. Сеченов пен И.П. Павлов пікірі бойынша, қажу – жұмыс істеп тұрған мүшелерден импульстардың үздіксіз түсуінен, ми қыртысы жасушаларының функционалдық әлсіреуіне байланысты. Қазіргі көзқарастар бойынша, қажудың дамуы жүйке орталықтарының функционалдық өзгерістеріне де және қыртыс пен қыртыс астылық бөлімдер арасындағы өзара әрекет етуінің бұзылыстарына да, сондай–ақ, шеткі мүшелердің, мысалы, шамадан артық жүктемені орындағандағы, көлденең жолақты бұлшықеттің, біріншілік функционалдық әлсіреуіне де байланысты болуы мүмкін. Қажудан пайда болатын, ағзаның функционалдық жағдайындағы өзгерістер ұйқыдан және жеткілікті демалудан кейін тез қалпына келеді.
Бірақ, жүктеменің көп болуы, жеткіліксіз демалу, адамда қандай да бір аурудың болуы кезінде, қажудан пайда болған өзгерістер қалпына келу кезеңінде коменсацияланбай, жиналады да, зорығуға әкеледі. Зорығу, қажумен салыстарғанда, жүйкелік–психикалық және вегетативтік бұзылыстармен, ағзаның резистенттілігімен жұмыс қабілеттілігінің айқын және ұзақ төмендеуімен сипатталатын, физиологиялық емес, патологиялық үрдіс.
Зорығу әдеттегі демалу немесе ұйқыдан кейін қалпына келмейді, оны жою үшін тиісті емдеу жүргізу қажет болады. Сондықтан, зорығу дамуының алдын алу шараларының маңызы өте зор. Аурулардың, сонымен қатар, қажу мен зорығудың алдын алу шаралары жүйесінде балалар мен жасөспірімдердің күн тәртібі жетекші рөл атқарады.
Күн тәртібі деп, негізгі тіршілік үрдістеріне: ұйқы, тамақ қабылдау, әр түрлі іс–әрекеттерге тәулік ішінде бөлінген уақытты және олардың ұзақтығы мен мазмұнын түсінеді. Үнемі күн тәртібін сақтау, ағзаның осы тәртіптегі тіршілік ету бағдарламасын іске асыратын, шартты рефлекстер жүйесінің, яғни, динамикалық стереотиптің, пайда болуына және бекітілуіне әкеледі. Атап айтқанда, тағам қабылдау, ұйқы, жұмысқа кірісу және тағы басқаларға бөлінген уақытқа шартты рефлекстер қалыптасады, олар белгілі кезектілік пен осы уақыт аралығындағы физиологиялық үрдістердің жүру деңгейін қамтамасыз ете отырып, ағзаны орындалатын іс–әрекетке алдын ала дайындайды. Сондай–ақ, күн тәртібінің жеке сәттерінің жүйелілігі мен олардың кезектесіп келуіне де шартты рефлекстер қалыптасады, соған байланысты алдыңғы іс–әрекет келесіге шартты тітіркендіргіш болады. Осылайша динамикалық стереотиптің түзілуі барлық мүшелер мен жүйелердің үнемділеу қызмет атқаруын қамтамасыз етеді және қажудың да алдын алады, себебі ағза, күн тәртібіне сәйкес қалыптасқан жұмыс жүйесі ретінде, жұмыс істейді. Қалыптасқан динамикалық стереотиптің арқасында бала жылдам және жеңіл, қыңырлықсыз ұйықтайды, белгілі уақытта тәбетпен тамақтанады, әр түрлі іс–әрекеттерге оңай кірісіп кетеді, кез-келген тапсырманы орындағанда аз қажиды, уақытын дұрыс және тиімді пайдалануды үйренеді. Дұрыс ұйымдастырылған күн тәртібі, сонымен қатар, оңтайлы дене дамуы мен жүйке–психикалық жетілу үшін, қалыпты эмоционалдық күйді, мінез– құлықтық статусты сақтау үшін, оқу мен шығармашылық қызметке қызығушылықты дамыту үшін қажетті жағдай болып табылады. Қалыптасқан стереотиптің алмасуы, мысалы, балалардың үй жағдайынан мектепке дейінгі мекемелер жағдайына өтуі, белгілі бір уақытты қажет етеді және жиі жүйке бұзылыстарын туғызады. Балалар неғұрлым жас болган сайын, олар үйреншікті тәртіптің өзгеруіне соғұрлым сезімтал болады. Бұл дамып келе жатқан мидың салыстырмалы түрде төмен функционалдық мүмкіншіліктерімен түсіндіріледі, себебі дамып келе жатқан миға жүйке үрдістерінің тепе-теңдікте болмауы және жылдамдығы аз болуы, белсенді ішкі тежелу үрдісістерінің салыстырмалы түрде әлсіз кезінде, иррадиациялануға бейім қозудың басым болуы тән.
Соның нәтижесінде, бұрын қалыптасқан шартты рефлекстердің тежелуі қиын, ал жаңа рефлекстердің қалыптасуы баяу жүреді. Сондықтан, күн тәртібін құрастыруда келесі қағидаларға сүйенеді:

  1. Күн тәртібі ағзаның биологиялық ырғағын ескере отырып құрастырылуы керек.

  2. Күн тәртібінің мазмұны мен тәуліктік уақыт бюджеті, балалар ағзасының жасына байланысты ерекшеліктері мен мүмкіншіліктерін ескеруі қажет, жұмысқа қабілеттіліктерінің рұқсат етілген шегінен асырмауы және демалу кезінде мүшелер мен жүйелердің толық қалпына келуін қамтамасыз етуі тиіс.

  3. Іс–әрекет түрлерінің кезектесуі, әрбір келесі іс–әрекеттің түрі, алдыңғы іс–әрекет түрінен туындаған қажуды жоятындай болуы керек.

  4. Күн тәртіптерінің ауысып отыруы жиі болмау керек.

  5. Жаңа күн тәртібіне көшу біртіндеп жүргізілуі қажет.

Күн тәртібіне келесі негізгі компоненттер кіреді: ұйқы, тамақтану, таза ауада болу, оқу, өз қалауы бойынша ойын және демалу, жеке бастың гигиенасы. Осы компоненттердің ішіндегі әрқайсысының ұзақтығы мен мазмұны, сондай–ақ, олардың бала ағзасы үшін маңызы әр түрлі жас кезеңдерінде бірдей емес, бұл әрбір жастағы балалардың өсуі мен дамуының ерекшеліктеріне байланысты.
6.2 Емшектегі және мектепке дейінгінің алдындағы (бөбектік) жастағы балалардың күн тәртібі.
Балалардың бірінші үш айлық жасындағы күн тәртібінің негізгі компоненттері ұйқы, тамақтану, сергу болып табылады. Ұйқы өте ұзақ – 16-18 сағатқа дейін, ол болар-болмас сыртқы тітіркендіргіштердің әсерінен жетілмеген жүйке жүйесінің тез әлсірейтіндігімен және қорғаныштық тежелудің дамуымен түсіндіріледі. Ұйқы кезеңдерінің саны 4–3. Екінші айға қарай, ұйқының тәуліктік ырғағы тұрақталады: түнгі ұйқы (10–11 сағат) және күндізгі ұйқы (6–6,5 сағат). Сергу уақытының жиынтық ұзақтығы 5–6 сағаттан, ал әрбір кезеңнің ұзақтығы 1-1,5 сағаттан аспайды.
Өмірінің бірінші жылының кейінгі айларында сергу уақыты біртіндеп ұзартылып, 1 жастың соңында 9–10 сағатқа жетеді. Сергу уақытымен қатар, ұйқының тәуліктік ұзақтығы 14–15 сағатқа дейін, ал ұйықтау кезеңінің саны–2–2,5 дейін азаяды. Емшектегі балаларда тамақ қабылдауының басым (доминанта) болатыны айқын көрінеді. Сондықтан, күн тәртібінде, тағамға деген қажеттілікті бала оянғаннан кейін қанағаттандырып, тиімді сергу және одан соң жеңіл ұйықтауды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін келесі реттілікті сақтайды: ұйқы – тамақтану – сергу – ұйқы. Жасы үлкендеу балаларда, 10 ай және одан жоғары жаста, тамақ доминантасы біртіндеп төмендейді, оның орнын белсенді сергу алады. Сондықтан, емшектегі балаларға қарағанда, 1–3 жастағы балалардың күн тәртібінің құрамдас бөлігінің реттілігі басқаша: ұйқы – сергу – тамақтану. Сергу уақыты 11–12 сағатқа дейін ұзарады, ал, әрбір сергу кезеңінің ұзақтығы 5–6 сағатқа дейін жетеді. Ұйқының ұзақтығы, керісінше, 13–12 сағатқа дейін азаяды, тек, ұзақтығы 2–3 сағаттық, бір ғана күндізгі ұйқы қалады. Емшектегі балалардың сергу уақыты, негізінен гигиеналық күтім және балалар қоршаунда (манеж) жеке баланың ойыны, кейін еңбектеу және жүру дағдыларын меңгеру үшін қолданылады. 1–3 жасар балаларда сергу біршама белсенді бола бастайды, оның құрамына әр түрлі ойындар, таза ауада серуендеу, сонымен бірге, сөйлеуді, сенсорлық қабылдауды, қимыл қозғалыстарды дамытуға ықпал ететін және қоршаған әлеммен таныстыратын арнайы сабақтар мен ән сабақтары кіреді. Бұл жастағы балалардың орталық жүйке жүйесі дамуының ерекшеліктеріне байланысты, олар бір іске ұзақ уақыт көңіл тоқтата алмайды, жиі алаңдайды, тез шаршайды, сондықтан да апта бойына әрқайсының ұзақтығы 8–10 минут көлемде 10–11 сабақ өткізіледі. Күніне 2 сабақ өткізіледі – біреуі түске дейін, екіншісі – түстен кейін. Сабақты жеке немесе кіші топтарда жүргізу (5–6 адам) орынды деп саналады. Жаз айларында сабақтарды және ойындарды таза ауада өткізу өте маңызды болып табылады. Қыста міндетті түрде 2 реттен кем емес, ұзақтығы 1–2 сағаттық серуендеу қажет.
Сонымен, емшек жасындағы және мектепке дейінгінің алдындағы жастағы балаларда күн тәртібі бірнеше рет өзгереді, оны тиімді етіп құру, осы жастағы балаларды тәрбиелеудегі негізгі міндеттерді шешуге мүмкіндік туғызады.
6.3 Мектепке дейінгі жастағы балалардың күн тәртібі мен оқу–тәрбиелеу үрдісінің гигиеналық негіздері.
Мектепке дейінгі жастағы балалардың күн тәртібінде де, мектепке дейінгінің алдындағы жастағы балалардың күн тәртібіндегі сияқты, жоғары жүйке қызметінің ерекшеліктері ескерілуі тиіс. Олардың да жоғары жүйке қызметіне бас ми қыртысы жасушаларының жеңіл әлсіреуі және қозу үрдісінің тежелу үрдісінен басым болып қала беруі тән. Қозу иррадиациясы, бұрынғысынша концентрациядан басым, бірақ, оған қоса, баланың көңіл тоқтату қабілетін жоғарылататын теріс индукция үрдістері де дамиды. Жоғары жүйке жүйесі қызметінің ерекшелігімен қатар, күн тәртібін құру кезінде ағзаның басқа да мүшелерімен жүйелерінің өсуі мен даму ерекшеліктерін ескеру қажет (1 тарауды қара), яғни мектепке дейінгі жастағы балалардың күн тәртібінде жүру, жүгіру, өрмелеу, күрделі қорғану дағдыларын меңгеруге, сөйлеудің қалыптасуы мен жетілуіне, көптеген бұйымдармен және көріністермен танысуға, логикалық ойлаудың дамуына гигиеналық және қандай да бір еңбек дағдыларын бойға сіңіруге ерекше көңіл аударылуы қажет.
Мектепке дейінгі жаста күн тәртібіне келесі 6 құрамдас бөліктері кіреді (9.6.- кесте): өз бетінше істейтін іс–әрекеті (ойындар, еңбек, сабаққа дайындалу, серуендеу, жеке басының гигиенасы және т.б.), тамақ қабылдау, сабақтар, үзілістерді қоса, серуендер, күндізгі және түнгі ұйқы. Жасына байланысты күн тәртібі 4 топқа жіктеледі: кіші (3–4 жастағы балалар), орта (4–5 жастағы балалар), үлкен (5–6 жастағы балалар) және мектепке дайындайтын (6–7 жастағы балалар) топтарға. Күн тәртібінің құрамдас бөліктерінің құрылымы, реттілігі мен кезектесіп келуі ұқсас, бірақ ұзақтығы мен мазмұнында айырмашылық болады.
9.6.- кесте
Мектепке дейінгі топтардағы (жылдың салқын кезеңі) балалардың күн тәртібінің әр түрлі құрамдас бөліктерінің ұзақтығы (сағат).



Күн тәртібінің құрамдас бөліктері

Балалардың жасы

3–4 жас

4–5 жас

5–6 кг

6–7 кг

Өз бетінше істейтін іс–әрекеті (ойындар, еңбек және т.б.)

5

5

4,5

4,5

Тамақ қабылдау

2

1,5

1,5

1,5

Сабақтар (үзілісті қоса)

40 мин

45 мин

1–1,5

2

Серуендер

4

4

4–4,5

4

Күндізгі ұйқы

2

2

2

1,5

Түнгі ұйқы

10,5

10,5

10

10

Күн тәртібінде ұйқы бұрынғысынша маңызды орын алады. Оның жалпы ұзақтығы кіші және орта топтарда 12,5 сағаттан, ал үлкен және мектепке дайындайтын топтарда – 12–11,5 сағаттан кем болмауы қерек. Түнгі ұйқыға жасына сәйкес 10,5 және 10 сағат бөлінеді. Күндізгі ұйқы күн тәртібінде қала береді, өйткені мектепке дейінгі жастағы балалар үзіліссіз сергу жағдайында 5–6 сағаттан артық бола алмайды, себебі ұзақ уақыт сергу орталық жүйке жүйесі үшін шамадан артық жүктеме болып, астенияға және невротикалық бұзылыстардың дамуына әкелуі мүмкін.


Сондықтан, күн тәртібінде кіші жастағы балалар үшін бір рет 2 сағаттық және үлкен жастағы балалар үшін 1,5 сағаттық күндізгі ұйқы қарастырылады. Мектепке дейінгі жастағы балалардың белсенді сергу уақыты 10–12 сағатқа дейін ұлғаяды, ол, барған сайын түрлері көбейетін, ойындармен, оқу сабақтары және серуендеумен, қарапайым еңбек міндеттерімен толықтырылады. Ойын әрекеті– тәрбиелеу және оқытудағы әр–түрлі тапсырмаларды шешуде аса маңызды. Ойындарды қимылды және тыныш (рөлдік желідегі, дидактикалық, музыкалық, құрылыс материалдарымен), жеке және ұжымдық және т.б. деп бөледі. Қимылды ойындарда қимыл-қозғалыстар жетіледі және ептілік, батырлық, шыдамдылық, реакцияның жылдамдығы, баланың кеңістікте және кездойсоқ жағдайларға үйрену қабілеті дағдыланады, ағзаның өсуі мен дамуы ынталандырылады
Одан басқа, қимылды ойындар баланың сабақтан, ұйқыдан кейін жұмыс істеуге қабілетін қалпына келуіне ықпал етеді. Ойынның басқа түрлері (дидактикалық, рөлдік желідегі, музыкалық–дидактикалық және т.б.) қоршаған әлемді тануға, сезім мүшелерінің дамуына, назар аударудың, ойлаудың, сөйлеудің, танудың, есте сақтаудың, көз алдына елестету дамуына ықпал етеді, бірақ аз қозғалысты болып табылады. Сондықтан, күн бойына әр түрлі сипаттағы ойындар тиімді түрде кезектестірілуі қажет.
Қарапайым қозғалмалы ойындарды (қол ұстасып жүріп айтылатын ән мен билейтін би, доппен ойнау, жүгіру, және т.б.) оянғаннан кейін, таңертеңгі сағаттарда, сонымен қатар, статикалық әрекеті басым сабақтарға дейін және олардың арасында өткізу қажет. Спорттық сипаттағы ойындарды (жүгіру, секіру, бадминтон, теннис, шанамен, конькимен сырғанау, велосипед тебу және т.б.) серуендеу кезінде өткізген дұрыс. Қимылды эмоционалдық ойындар ұйықтау және тамақ қабылдау алдында ұсынылмайды, себебі олар, бірінші жағдайда, ұйықтауды қиындатады және терең толық ұйқыға кедергі болады, екінші жағдайда, ас қорыту бездерінің сөлін тежеп, тәбетті төмендетеді және тағамның сіңірілуі мен қорытылуын бұзады.
Ойындарға міндетті түрде ойыншықтарды (доп, шеңбер, құрылыс жиынтығы, секіртпе және т.б.) қолданады, ол қимылдарды жаттықтыруға, тапқырлыққа дағдылануға, ынталылығын жоғарылатуға мүмкіндік береді.
Ойындармен қатар, балалар ағзасының денсаулығын күшейту мен төзімділігін жоғарылату үшін таза ауада серуендеу тиімді құрал болып табылады. Күнделікті және дұрыс ұйымдастырылған, ұзақтығы 4 сағаттан кем емес серуендеу, осы жастағы балалардың қимыл белсенділігінің қажеттілігін жартылай қамтамасыз етіп, гипокинезия белгілерін төмендетеді. Сонымен бірге, таза ауа және күн радиациясы ағзаның алмасу үрдісін ынталандырып қана қоймай, көңіл-күйге де қолайлы әсер етеді. Серуендеуді күннің бірінші де, екінші де жартысында өткізу қажет. Оның құрамына тек қана жүріп серуендеу ғана емес, сонымен қатар, өз бетінше орындайтын әрекеттердің әр түрлі түрлерін: тыныш және қимылды ойындарды, дене жаттығуларын, табиғатты бақылауды, жұмыс істеуді (өсімдіктерге су құю, қардан жолды тазарту және т.б.) кіргізу қажет.
Мекептке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеудің маңызды міндеттерінің бірі – келесі жас топтарындағы оқу бағдарламаларын меңгеру үшін және мектепте оқу үшін қажетті ой жұмысын, жүйке–психикалық статусын және қарапайым білім мен дағдыларын дамыту болып табылады. Осы мақсатта ана тілі, математика, қоршаған әлеммен және табиғатпен танысу, музыка, бейнелеу іс–әрекеті, дене шынықтыру, сенсорлық қабылдауды жақсарту бойынша сабақтар жүргізіледі. Кіші және орта топтарда күніне, күннің бірінші және екінші жартысында, ұзақтығы 15–20 минуттан, 2 сабақ өткізіледі.
Үлкен топтарда сабақтың саны мен ұзақтығы ұлғаяды. Аптасына 4 рет, күніне жалпы ұзақтығы (үзілісті қоса) 1 сағат 25 минуттан, 3 сабақ өткізіледі, ал, аптаның аяқталатын күнінде, жалпы ұзақтығы 1 сағаттан, 2 сабақ өткізіледі. Дайындық тобында үлкен топтағы сабақ санына аптаның әрбір күнінде 1 сабақ қосылып отырады, ал жалпы ұзақтығы 1 сағат 50 минутқа дейін (үзілісті қоса) ұзартылады. Қиын сабақтар (математика, сөйлеудің дамуы, сауаттану, табиғаттану) күн бойына жеңіл (сурет салу, құрастыру, мүсіндеу) және динамикалық (дене шынықтыру, музыка) сабақтармен кезектестірілуі қажет.
Бір күнде екі динамикалық сабақты, және дене шынықтыруды бірінші сабақта өткізу дұрыс емес, себебі дене жүктемесінен пайда болатын қажу дене шынықтырудан кейінгі қиын сабақты өткізу кезінде күшеюі мүмкін. Ағзаның функционалды жағдайының көрсеткіштері аптаның басында төмен болып, сейсенбі және сәрсенбі күндері шыңына жетеді, ал содан кейін қайтадан төмендейді, осы деректі ескере отырып, жоғары оқу жүктемесі аптаның сейсенбі және сәрсенбі күндері беріледі. Балалардың жұмысқа қабілеттілігінің динамикасы сабақты жүргізу кезінде де ескерілуі қажет.
Сабақта көрнекті құралдарды, дидактикалық ойындарды қолдану, өсімдіктерді, жануарларды және т.б. бақылау, осы үрдіс кезіндегі екі дабыл жүйесінің өзара әсерлесуі нәтижесінде, белсенді қабылдауды және материалды есте сақтауды қамтамасыз етеді.
Мектепке дейінгі жастағы балаларға үй тапсырмасы берілмейді. Жылына екі рет балаларға демалыс беріледі, онда балалар сабақтан босатылады, бірақ мектепке дейінгі мекемеге баруын жалғастырады.
Мектепке дейінгі жастағы кіші топтағы балаларды еңбекке тәрбиелеу, негізінен өзіне - өзі қызмет етудің қарапайым дағдыларын қалыптастырудан тұрады: өз беттерімен киініп-шешіну, жуыну және тісін тазалау, ұқыпты тамақтанудан. Дегенмен, оларды одан да күрделі іс–әрекетке тарту қажет: өсімдіктерді күтуге көмектесу, дастархан дайындау, еденді сыпыру, өзінің заттарын жинау және басқаларға. Мектепке дейінгі жастағы үлкен топтағы балаларды өзінің төсегін жинауға, заттарын, ойыншықтарын жууға, аяқ-киімін тазалауға, өзінің шкафын және бөлмесін жинауға үйретеді. Сонымен қатар, олар өсімдіктер мен жануарларды күту, жерді қопсыту, көшеттерді отырғызу, суару мен шабу сияқты іс-әрекеттерді орындау мүмкін.
Саусақтардың бұлшық етінің функционалды дамуына ықпал ететін, қол еңбегі сабақтарының да – әр түрлі ұсақ–түйектерді дайындау, іс тігу, тоқу және т.б. пайдалы. Сонымен қатар, жұмыстың ұзақтығы күш жетерлік болуы керек: жеңіл шаруашылықтық-тұрмыстық жұмыстарды орындау кезінде – күніне 25–30 минутқа дейін болып, қарқынды іс–әрекеттер кезінде орта топтағы балалар үшін 7–10 минуттан және үлкен топтағы балалар үшін 15 минуттан аспау керек.
Тағам қабылдау қатал бекітілген сағаттарда жүргізілуі тиіс, себебі ол тағамдық стереотиптің қалыптасуына ықпал етеді және ас қорыту мүшелерінің ауруларын алдын алу үшін маңызды болып табылады. Тамақты қабылдау аралығының ұзақтығы 4 сағаттан аспау керек, ал барлық тамақтарды қабылдаудың жалпы ұзақтығы – кіші топтарда 2 сағаттан, үлкен және дайындық топтарында 1,5 сағаттан аспау керек. Тамақ қабылдау уақытының ұзаруы ұзақ уақыт отыру себебінен статикалық шаршауды туғызады, және нейрогенді анорексияның дамуына ықпал етуі мүмкін.
6.4 Балалардың мектепте оқуға функционалдық дайындығы.
Мектепте оқу мектепке бірінші рет барған балалар ағзасына жоғары талаптар қояды. Үнемі жүргізілетін оқу үрдісіне барлық балалар бірдей функционалды дайын болмайды. Оқуға функционалдық дайын болуы («мектепте оқуға жетілуі») деп мектеп бағдарламасын табысты меңгеру үшін жеткілікті дене және жүйке - психикалық даму деңгейін айтады. Оқуға дайын еместігі немесе дайындығы жеткіліксіз болуы әр түрлі себептерден болуы мүмкін: денсаулығындағы ауытқулардан, сөйлеу, моторика, психика және т.б. дамуының артта қалуынан.
Мектепте оқуға дайындығын анықтау мектепте оқытудан 1 жыл бұрын (мектепке түсер алдындағы жылдың қазан–қараша айларында), содан кейін, қайтадан мектепке оқуға түсер алдында (мамыр–сәуір) жүргізіледі. Бала дәрігерінің, отоларингологтың, хирургтың, тіс дәрігерінің, көз дәрігерінің және психоневрологтың қатысуымен тереңдетілген медициналық тексеру жүргізіледі. Балалардың оқуға дайындығы медициналық және психофизиологиялық критерийлері бойынша бағаланады. Медициналық критерийлерге биологиялық даму деңгейі, баланың денсаулық жағдайы, ағзасының резистенттілігі (жедел аурулармен аурушаңдық мәліметтері бойынша) сияқты көрсеткіштер жатады. Психофизиологиялық критерий ретінде Керн–Ирасек тесті, дыбысты айту ауытқуларын анықтау, монометриялық тест, сонымен қатар, арнайы дайындалған анкета бойынша сауалнама алу жиі қолданылады. Психофизиологиялық критерийлер негізінде «мектепте оқуға қажетті» функциялардың даму дәрежесі (сөйлеу, бас миы қыртысының талдау және синтетикалық қызметі, қимыл қозғалысының дамуы) анықталады. Мысалы, Керн– Ирасек тесті 3 тапсырмадан тұрады, онда адам суретін салу, қағазға жазылған сөзді және нүктелер тобын көшіріп жазу ұсынылады. Монометриялық тестпен шекарадан шықпай шеңберді кесіп алу ұсынылады. Керн – Ирасек тестін орындау тапсырманың табысты орындалуына байланысты балл бойынша бағаланады. Бала неғұрлым көп балл алса, соғұрлым оның қажетті функциясының дамуы төмен болады.
Денсаулық жағдайында қандай да бір ауытқулар анықталу кезінде және мектепке қажетті функцияларының дамуы артта қалғанда, арнайы емдеу, сауықтыру және түзету шаралары жүргізіледі. Қайта медициналық тексеру кезінде баланың мектепте оқуға дайындығы туралы соңғы қорытынды береді.
Суб– және декомпенсация сатысындағы созылмалы аурулары, айқын функционалды ауытқулары, дыбысты айту кемшіліктері бар, төлқұжаттық жасынан биологиялық жасы артта қалған, тәртібінде ауытқулары бар, мектепке қажетті дағдылары қалыптаспаған (Керн–Ирасек тесті - 10 және одан да артық балл, монометриялық тест - теріс), бала бақша бағдарламасын меңгере алмаған және оқуға деген көзқарасы қалыптаспаған балалар мектепте оқуға дайын емес деп саналады. Оқуға дайын емес балалардың мектепке баруын уақытша кейінге қалдыру ұсынылады, бұл кезеңді оларды келешекте оқуға максималды дайындау үшін пайдаланады. Гипербелсенді, назар аудару тапшылығы синдромы бар балаларды, олардың басқа параметрлері бойынша оқуға дайындығы жеткілікті болғанына қарамастан, оқыту өте қиын болып табылады. Ондай балаларды ата– анасына сауалнама жүргізу сонымен қатар оқудың бірінші 1-2 айларында балаларды бақылау арқылы анықтайды, содан кейін қажетті медициналық- алдын алу шаралары тағайындайды.
6.5 Мектеп оқушыларының күн тәртібі мен оқу – тәрбие үрдісінің гигиеналық негіздері.
Мектепке түскеннен кейін балалардың күн тәртібінде жаңа құрамдас бөліктер пайда болады. Оқу сабақтарын орындауға бөлінетін уақыттың үлесі жоғарылау есебінен және демалу, ұйқы, тамақтануға арналған уақыттың қысқаруы нәтижесінде күн тәртібі айқын өзгереді, жеке құрамдас бөліктерінің мазмұнында жаңа ерекшеліктер пайда болады. Мектеп оқушыларының күн тәртібінің құрылымына мектепте және үйде сабақ оқу, ашық ауада белсенді демалу, өз таңдауы бойынша демалу, тамақтану, жеке бас гигиенасы, ұйықтау кіреді (9.7.- кесте). Күн тәртібін құру жоғарыда аталған барлық принциптерді есепке ала отырып жүзеге асырылады
Оқушылар ағзасының биоырғағы мен жұмысқа қабілеттілігінің динамикасына ерекше көңіл бөлінеді (9.1.-сурет). Басында жұмысқа қабілеттілік жоғарылайды (жұмысқа төселу кезеңі), одан кейін, максималды деңгейге жетіп, біраз уақыт осы деңгейде тұрады (жоғары жұмысқа қабілеттілік кезеңі), содан кейін біртіндеп төмендейді (жұмысқа қабілеттіліктің төмендеу кезеңі немесе қажу). Жұмысқа қабілеттіліктің осындай динамикасы көптеген балаларда (бірақ барлығында емес) байқалады. Ол жұмыс күнінің бірінші және екінші жартысында да жұмысқа қабілеттіліктің 8–12 және 16-18 сағат аралығында жоғарылаумен сипатталады. Осыған ұқсас балалардың жұмысқа қабілеттілігі оқу аптасы, тоқсаны, жылы ішінде өзгереді: осы кезеңдердің басы мен соңында жұмыс өнімділігі төмендейді, ал ортасында ең жоғары болады. Жұмысқа қабілеттіліктің. динамикасына сәйкес күн, апта, тоқсан, жыл бойына күн тәртібі құрастырылады және оқу жүктемесі бөлінеді. Қазіргі кездегі мектептерде оқу, ақпараттық жүктемелердің көбеюіне және күрделенуіне, уақыттың үнемі тапшылығына, дененің ұзақ уақытқа созылған статикалық қалыпта болуына, гипокинезия мен гиподинамияға, сондай–ақ, әлеуметтік сипаттағы стресс әсерлерінің себептерінен пайда болатын қажу мен зорығудың дамуына, ағзаның қарсы тұру қабілетінің төмендеуіне, функционалдық бұзылыстар мен әр түрлі аурулардың дамуына байланысты, балалар мен жасөспірімдердің ағзасына жоғары талаптар қояды.


9.7- кесте
Мектеп жасындағы балалардың күн тәртібінің құрамдас бөліктері және ұзақтығы (сағат)



Күн тәртібінің құрамдас бөліктері

7 жас

8 жас

9-10
жас

11-12 жас

13 жас

14 жас

15-16 жас

Оқу сабақтары:
-мектепте

4

4

4
4 4,5



5

5

5-6

5-6

- үйде

1

1,5

2

2,5

3

3

4

Тағам қабылдау

1,5

1,5

1,5

1- 1,5

1- 1,5

1- 1,5

1- 1,5

Ашық ауада болу

3-3,5

3-3,5

3-3,5

2,5-3

2,5-3

2,5-3

2,5-2

Өз таңдауы бойынша оқудан тыс әрекет

1-1,5

1-1,5

1-1,5

1,5-2,5

1,5-2,5

1,5-2,5

1,5-2,5

Жеке бас гигиенасы

1,5

1,5

1,5

1- 1,5

1- 1,5

1- 1,5

1- 1,5

Түнгі ұйқы

10-11

10

10

9

9

9

8-8,5

Күндізгі ұйқы

1

-

-

-

1*

1*

1*

*– жоғары оқу жүктемелері кезеңінде болғаны жөн


Сондықтан, мектептегі оқу–тәрбие үрдісін ұйымдастырудың негізгі принциптері:


 оқу жүктемесін нормалау, яғни балалар ағзасының жасына және жеке басының мүмкіншіліктеріне сәйкес жүктемелердің шегін орнату
 ғылыми негізделген жолмен оқу үрдісін ұйымдастыру
 балалардың мектепте болуы және оқуы кезінде оптималды жағдайлар жасау болып табылады.
Оқу жүктемесін нормалау деп оқу аптасының, сабақтарының, үзілістерінің, демалыс күндерінің ұзақтығын, күнделікті және апталық сабақтар сандарының нормалануын және сабақты, оқу күнін, аптасын және оқу жылының басқа кезеңдерін дұрыс ұйымдастырылуын түсінеді. Жалпы білім беретін ұжымдардың барлық түрлерінде (мектептерде, гимназияларда, лицейлерде және т.б.) аптадағы сағат саны 9.8-кестеде берілген нормативтік жүктемеден аспауы керек.
А
а б в

I II III
9.1.- сурет. Оқушылардың күндік және апталық жұмысқа қабілеттілігінің динамикасы. (В.Р. Кучма бойынша келтіріледі, 2001).


А–жұмысқа қабілеттілік; I– жұмысқа төселу кезеңі; II–жоғары және тұрақты жұмысқа қабілеттілік кезеңі ; III-жұмысқа қабілеттіліктің төмендеу кезеңі; а-толық емес компенсация аймағы; б- соңғы қарқын аймағы; в-үдемелі төмендеу аймағы.


9.8.- кесте
Жалпы білім беретін мектептердегі оқу жүктемелерінің нормалары.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   304




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет