А класына жататын қалдықтар, қауіпті емес, өйткені олар биологиялық сұйықтармен, науқастардың шығарындыларымен және жұқпалы аурулары бар адамдармен байланыста болмайды. Бұл жұқпалы аурулар, тері-венерологиялық, және фтизиатриялық бөлімдерден басқа, барлық бөлімдерден шыққан тағам қалдықтары, улы емес қалдықтар, сыпырындылар, құрылыстың жарамсыз қалдықтары, қағаз және басқалар. Оларды қақпағы бар қоқыс жинағыштарға жинап, босағаннан кейін, жуып, дезинфекция жасайды.
Аурухананың ауласындағы қоқыс тастауыштар мен урналардағы қоқыстарды күн сайын, қатты тұрмыстық қалдықтарға полигондарда, әдетте, қолданылатын әдістермен залалсыздандырады.
Б класына жататын қалдықтар, потенциалды инфекцияланған болып табылады. Бұған жұқпалы аурулар бөлімінің барлық қалдықтары, оның ішінде тағам қалдықтары, патанатомиялық қалдықтар, аурулардың шығарындыларымен, қанымен ластанған материалдар мен құрал-жабдықтар, операция жасаған уақытта алып тастаған мүшелер мен тіндер және басқалар жатады.
В класына аса қауіпті инфекциялармен ауыратын аурулармен жанасуда болған материалдар, жоғары патогенді микроағзалармен жұмыс істейтін зертхананың қалдықтары, туберкулездік және микологиялық бөлімдердің қалдықтары жатады. Б және В классына жататын қалдықтарды алдымен зарарсыздандырады, содан соң бір рет қолданатын герметикалық буып-түйетін ыдысқа салып, аурухана аумағында орналасқан қоқыс жағатын пештерде немесе үлкен орталықтандырылған – қоқыс жағатын зауыттарда және қалалық крематорияларда жағып жібереді. Г класына жататын қалдықтар – бұл, мерзімі өтіп кеткен дәрілік заттар, дәрілік және диагностикалық препараттардың қалдықтары, цитостатиктер, аспаптар мен жабдықтар және т.б. Оларды бір рет қолданатын ыдыстарға салып, талаптарға сәйкес залалсыздандырады. Д класына белсендік қалдықтар жатады, оларды жинау, сақтау, жою және көму санитарлық ережелерге сәйкес жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |