Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен


Медицина қызметкерлерінің еңбек гигиенасы



бет266/304
Дата22.04.2022
өлшемі9,78 Mb.
#140282
түріОқулық
1   ...   262   263   264   265   266   267   268   269   ...   304
Байланысты:
Uchebnik Gigiena-kaz yaz

12. Медицина қызметкерлерінің еңбек гигиенасы.
Әр түрлі саладағы дәрігерлер мен орта буындағы медциналық қызметкерлердің жұмысында өзіне тән ерекшеліктері бар, бірақ олардың бәрі де өздері жұмыс істеп жатқан өндірістік ортаның физикалық, химиялық және биологиялық факторларының әсеріне, сондай-ақ жұмыс үрдісінің сипатымен байланысты кәсіби зияндылықтардың әсеріне ұшырайды.
Дәрігер-хирургтар мен акушер-гинекологтардың еңбегі ауыр және қауірт болып табылады. Ол ақыл-ойына түсетін, сенсорлық, эмоционалдық жүктемелер, түнгі ауысымда жұмыс істеу, жұмыс кезінде дененің мәжбүр қалыпта болуы, дененің еңкеюі, статикалық және жергілікті динамикалық жүктемелер сияқты еңбек үрдісінің әр түрлі факторларының тұрақты әсер етуімен жүреді.
Хирургтар мен акушер-гинекологтардан тез және дұрыс диагноз қоя білуін, аурудың өте көп белгілерінің ішінен қажетті ақпаратты алу және оны бағалауды, уақыт тапшылығы жағдайында пайда болған жағдайға дұрыс шешім қабылдай алуын, операцияны, босандыруды жоғары дәрежеде жүргізуін, операция кезінде немесе босандыру кезінде пайда болуы мүмкін асқынуларға дайын болуын талап етеді. Олар науқастың өмірі үшін жауапты, ал акушер-гинекологтар және нәрестенің де өміріне жауапты. Мұның бәрі хирургия саласындағы дәрігерлерінің еңбегіне тән жоғары жүйкелік-эмоционалдық зорналунарды көрсетеді. Операциялардың көпшілігін хирургтар түрегеп тұрған жағдайында, денесі еңкейіп тұрған күйінде орындайды, оның үстіне операциялардың жасалу ұзақтығы әр түрлі болып келеді: 1-2 сағаттардан 6-7 сағаттарға дейін. Жұмыстық кезіндегі мұндай дене қалпы едәуір статикалық зорлануға алып келеді, ал қолмен атқарылатын үзіліссіз динамикалық жұмыс – оған қатысатын бұлшықеттердің зорлануы мен қажуына әкеледі. Сенсорлық жүктемелер дет жоғары, атап айтқанда көру мүшеміне түсетін (Х тараудың 5.1 бөлімін қара) тұрақты кернеулік көрудің айқын қажуына әкеп соғады.
Операциялық күнен кейін, әсіресе тәуліктік кезекшіліктерден кейін хирургия саласындағы дәрігерлер де айқын қажу дамиды, бұл көп жылдар бойы осы кәсіппен айналысатындарда тұрақты болып қалады. Оның үстіне түнгі ұйқы барлық уақытта бірдей дамыған қажуды баспайды. Әріптестерімен қолайсыз ара қатынастары, емдеудің қолайсыз аяқталуы және басқалар сияқты психогенді факторлар қажуды күшейтеді жүйкелік-эмоционалдық зорланудың бәсеңдеуін қиындатады.
Еңбек үрдісі факторларынан басқа бұл салалардағы дәрігерлерге әр түрлі химиялық факторлар: наркозға арналған заттар, анестетиктер, антибиотиктер және басқа да дәрілік заттар, дезинфекциялаушы заттар да әсер етеді. Науқастардың қанында, жарасында, нәжістерінде болатын, сондай-ақ қатар ауада айналып жүрген патогенді және шартты патогенді микрофлора сияқты биологиялық факторлар қандай да бір жұқпалы ауруды жұқтырудың немесе іріңді-септикалық үрдістер дамуының тұрақты қауіп-қатер факторлар болып табылады. Бұл салалардағы мамандарға рентген, лазер сәулелері, ультрадыбыс және басқа физикалық факторлар да әсер етуі мүмкін, егер операция жасау кезінде қолданылатын болса.
Көрсетілген факторлардың әсер етуі гипертония ауруының, аяқтарының көк тамырларының варикозды кеңеюлері, геморройдың едәуір ерте (жұмысының бірінші 5жылынан кейін-ақ) дамуының себептері болып табылады. 50 және одан үлкен жастағы дәрігерлерде жүректің ишемиялық ауруы, бас миы тамырларының атеросклероздық зақымдануы мен ми да қан айналымының бұзылуы жиілейді. Хирург әйелдерде жиі ана без етеккір қызметі мен жүктілік ағымы бұзылады. Дәрілік заттарға сенсибилизация байқалуы мүмкін, ол есекжем, бронх демікпесі, дерматиттер, экземалар және басқа да аллергоздар түрінде байқалады, сондай-ақ олармен дисбактериоз қатар жүреді. В және С гепатитімен ауру жағдайлары да жиі кездеседі.
Терапия саласындағы дәрігерлердің еңбегі азырақ зорлануымен және қажуымен сипатталады, дегенмен олар да жүйкелік-психикалық жүктемелердің, айқындылығы дәрежесі әр түрлі статикалық және динамикалық физикалық жүктемелердің, химиялық заттардың, физикалық және биологиялық факторлардың әсеріне ұшырайды. Мұнда әрбір медицина саласының өзіне тәне ерекше факторлары болатынын ескерген дұрыс. Мысалы, дәрігер рентгенологтардың жұмысында – бұл рентгенсәулесі, физиотерапия бөлімінде, ол – ультракүлгін сәулеленуі, АЖЖ, УЖЖ, ЖЖ тоқтар мен өрістер, дәрігер психиатрларда – психикалық аурулармен қатынаста болу, дәрігері жұқпалы аурулар жұмысында – патогенді микроорганизмдер және басқалары. Бірақ кез-келген саланың дәрігерлері қалай болғанда да күннің өзінде де басқа да ортамен еңбек үрдісі факторларының әсеріне ұшырайды.
Медициналық бикелер мен кіші буын медициналық персоналдардың еңбегі дәрігерлер еңбегінің айтарлықтай айырмашылығы бар, бірақ орындалатын жұмыстың сипатына байланысты оларға да аурухана ортасына тән айқындылықтағы әр түрлі дәрежедегі химиялық, физикалық және биологиялық факторлар, сондай-ақ дене жұмысының жүктемелері және жүйкелік-эмоционалдық жүктемелер әсер енді, жеке мүшелер мен жүйелерге шамадан артық күш түсүі байқалады.
Кәсіби зияндылықтардың медицина қызметкерлерінің денсаулығына қолайсыз әсерінің алдын алу үшін қажуды, жүйкелік-эмоционалды және дене жұмысы жүктемелерінен шамадан артық күш түсүін азайтуға, өндірістік ортаны сауықтыруға, ағазаның қарсылық кушін жоғарлатуға бағытталған шаралар кешенін жүргізу қажет. Бұл шаралардың ішінде еңбекі және демалуды ұжымды ұйымдастыруға маңызды роль беріледі. Мысалы, хирургтар мен анестезиологтарға түнгі немесе тәуліктік кезекшіліктен кейінгі күні жоспарлы операцияларды жасауына болмайды, жоспарланатын операциялардың жорамалданған ауырлық дәрежесі мен ұзақтығы бойынша айырмашылығы болуы тиіс. Үйде толық құнды ұйқы мен таза ауада болып дем алу, жаяу серуендеу, физикалық белсенді жаттығулар жасау қамтамасыз етілуі тиіс. Қолайлы микроклимат жағдайларын ұйымдастыру және жұмыс бөлмелері ауасының ластануының алдын-алу да тонусты жоғарлатып, қажудың дамуын баяулатады. Әкімшілік және медицина қызметкерлерінің өздері жұқпалы агенттерді жұқтыру мүмкіншілігінің, физикалық және химиялық факторлардың әсер етуінің алдын алатын барлық гигиеналық талаптарды орындауы тиіс.
Болашақ мамандығын таңдау адамның психо-физиологиялық ерекшеліктерін, оның физикалық мүмкіншіліктері мен денсаулық жағдайын ескеріп жүргізілуі тиіс. Бұл мәселені шешуде кезеңдік медицицналық тексерулердің алатын орны ерекше. Жыл сайын жүйелі түрде жүргізілетін медициналық тексерулер аурулардың ерте белгілерін анықтауға және тиісті емдеу-сауықтыру шараларын жүргізуге мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   262   263   264   265   266   267   268   269   ...   304




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет