Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 (075. 8)



бет48/216
Дата18.05.2022
өлшемі6,42 Mb.
#143677
түріОқулық
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   216
Байланысты:
Bilim Mendebaev-Stand-metr-sertif

1.15. Бірдейлендіру және агрегаттау


Бірдейлендіру – бұл ғылыми-техникалық сұрыптау әдісі және бірдей қызмет жасауға арналған объектілерді тиімді қолдану мәліметтері негізінде олардың санын қысқартуға және белгіленген нышаны бойынша бірыңғайлау. Машина жасауда бірдейлендіруді бұйым конструкциясын, олардың қолданылуын және бұйымның конструкциясы мен өлшемінің, оның құрастыру бөліктерін және тетіктерін, берілген қолданыс саласы мен тағайындалған белгісі бойынша бірыңғай оңтайлы типтік конструкцияға келтірілуін талдау жолымен жүргізеді.
Бірдейлендірілген бұйымдар, олардың құраушы бөлшектері мен тетіктері сапа көрсеткіштері (немесе үйлесу) және біріктіруші өлшемдері бойынша толық өзара ауыстырымдылыққа ие болуы керек. Бірдейлендіруде жоғары сапа көрсеткіштеріне қол жеткізген минимум қажет, бірақ жеткілікті саны бар типтер, түрлер, типтік өлшемдер тағайындалады. Бірдейлендіру – кеңінен тараған және тиімді стандарттау пішімі. Бірдейлендіруді стандарттау алдында жүргізуге болады, бірақ бұйым мен оның құрамдық бөліктерін стандарттау міндетті түрде бірдейлендіру болуын қажет етеді. Егер өнеркәсіптің бернеше саласында қолданатын стандарт жасалынатын болса, онда типтік өлшемдердің көп болуына рұқсат етіледі. Олардың кейін қысқартылуына салалық және зауыттың ішкі бұйымының типтік өлшлемдерінің шектеулі тізімін құру жолымен жүзеге асады.
Бірдейлендіру алдында объектілерді жүйелейді және жіктейді. Заттарды, құбылыстарды немесе ұғымдарды жүйелеу, оларды қолдануға ыңғайлы, анық жүйе құратын, нақты бір ретпен және бірізділікпен орналастыру мақсатын көздейді. Жүйелеу объектілерінің өзара байланысы да ескеріледі. Объектілерді алфавиттік жүйемен орналастыру жүйелеудің қарапайым пішімі болып келеді. Объектілерді реттік нөмірлеу немесе оларды хронологиялық ретпен орналастыру да қолданылады. Машиналардың және олардың құрастыру бөлшектерінің өлшемі мен параметрлерін жүйелеуде тәуір көретін сандар қатарын жиі қолданады.
Жіктеу жүйелеудің бір түрі болып келеді. Заттарды, құбылыстарды немесе ұғымдарды олардың ортақ белгілеріне қатысты класс, төменгі класс және разрядттар бойынша орналастыру, атап айтсақ бір-біріне бағынышты объектілер жүйесін құру мақсатын көздейді. Жіктеуді көбінесе, ондық жүйе бойынша жүргізеді. Әмбебап ондық жіктеу (ӘОЖ) ғылыми және оқу әдебиеттерінің индекстерін рубрикациялау халықаралық жүйесі ретінде қабылданған. Мысалы, ӘОЖ 62 – тех­ника, ӘОЖ 621 – жалпы машина жасау және электротехника, ӘОЖ 621.3 – тау-кен ісіндегі электротехника т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   216




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет