Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 (075. 8)


Стандарттаудың экономикалық тиімділігі көрсеткіштері



бет70/216
Дата18.05.2022
өлшемі6,42 Mb.
#143677
түріОқулық
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   216
Байланысты:
Bilim Mendebaev-Stand-metr-sertif

Стандарттаудың экономикалық тиімділігі көрсеткіштері. Стандарттаудың экономикалық тиімділігін анықтауда өндіріс алдындағы, өндіріс және пайдалану кезеңдеріндегі тиімділікті қарастырады.
Стандарттаудың жылдық экономикалық тиімділігі стандарттау бойынша іс-шаралар жүргізу нәтижесінде алынған барлық өндірістік қорлардың (тірі еңбек, материалдар, капиталдық салымдар) жалпы үнемділігінің абсолюттік шамасын көрсетеді. Бұл көрсеткіш жаңа техникаға стандарттар жасау мен оларды енгізу салдарын бағалауда ерекше орын алады. Стандарттаудың жылдық экономикалық тиімділігі техниканың базалық (ескісі бар болса) және стандартталатын нұсқасына кеткен келтірілген шығындар айырмасы ретінде есептеледі:
,
мұнда Si – өнім (қызмет) бірлігінің өзіндік құны, теңге/дана, En - капиталдық салымдардың экономикалық тиімділігінің нормативтік коэффициенті (En=0,15), Ki – меншікті капиталдық шығындар көрсеткіші, теңге/кг, Ni – стандартталатын объектің жылдық шығарылу көлемі, дана.
Жаңа стандартқа сәйкес шығарылған техникаға кеткен шығын тұтынушыға тиімді болу үшін капиталдық салымның әрбір теңгесі қосымша табыстың қандай минималды үлесін қамтамасыз ету керектігін En шамасы көрсетеді.
Стандарттаудың рационалды нұсқасы табылғанда, келтірілген шығынның минималды шамасы болатын жақсы нұсқасын іздестіреді.
En шамасына кері көрсеткіш – қосымша капиталдық салымдардың өтелімділігінің нормативтік мерзімі (Ток=1/En). Ол стандарттаудың салыстырмалы тиімділігін бағалау үшін пайдаланылады. Бұл көрсеткіш стандартты жасау және ендіруге қажет қосымша капиталдық салымдардың ΔК өзіндік құнның түсуінен келген үнемділік есебінен өтемделетін рұқсат етілген ең үлкен уақытты анықтайды. Егер есептелген өтемділік мерзімі Ток нормативтік мерзімнен кем немесе тең (Ток ≤ Токн) болса стандарт тиімді деп саналады. Есептелген өтемділік мерзімі:

болып анықталады. Күнделікті шығынды түсіруден болатын жылдық үнемділік Эуг – бұрынғы базалық және стандартталатын нұсқалардың өзіндік құндарының S1, S2 айырмасы.
Сапалық сипаттамаларын (сенімділік, еңбек өнімділігі, материалдық сыйымдылық, энергиялық сыйымдылық, т.б.) жоғарылатуды ескере отырып жүргізілетін ұзақ уақыт қолданатын еңбек құралдарын (машиналар, станоктар және т.б.) стандарттаудың жылдық экономикалық тиімділігі Э:

болып анықталады. Мұнда S1 және S2 - базалық және стандартталатын нұсқалардың өзіндік құндары, теңге/дана, K1 және K2 – базалық және стандартталатын бұйымдардың өндірістік қорларына капиталдық салымдар, теңге / жыл дана, W1 және W2 – базалық және стандартталатын бұйымдардың жылдық еңбек өнімділігі, өнімділік бірлігі / жыл, Z1 және Z2 – базалық және стандартталатын бұйымдарды қолдану кезіндегі тұтынушының жылдық пайдалану шығындары, теңге/дана жыл, K11 және K21 – базалық және стандартталатын бұйымдарды қолдану кезіндегі тұтынушының сәйкес капиталдық пайдалану шығындары (машинаның бағасын қоспағанда), теңге/дана, Nr2 – стандартталатын бұйымның жылдық шығару бағдарламасы, дана/жыл, P1 және P2 – базалық (реновация) және стандартталатын (реновация коэффициенті) бұйымдарды орнына толық келтіруге кететін баланстық бағадан берілетін үлес:
,
мұнда Е – келтіру нормативі, 0,1-ге тең болатын; Т – бұйымның қызмет ету мерзімі.
Тәжірибелік конструкторлық жұмыстар – (ТКЖ) саласындағы экономикалық тиімділікті анықтау әдістері. ТКЖ саласында стандарттау нәтижесіндегі үнемділікке негізінен стандартталған, унификатталған бұйымдар мен тетіктерді жобалау, унификатталған технологиялық процестерді жасау қажеттілігі болмай қалатындығынан қол жетімді болады.
Стандарттауды енгізу нәтижесінде, жобалау кезеңінде экономикалық тиімділікке қол жеткізудің негізгі көздеріне:
- бұрынырақ орындалған жұмыс сызбаларын және басқада техникалық құжаттамаларды пайдалану мүмкіндігіне байланысты, сонымен қатар унификатталған және нормальданған техникалық құжаттарды қолдану, ТКЖ орындау көлемін, көп еңбек сіңіруді, бағасы және мерзімін азайту;
- жіктеуіштер және унификатталған құжаттамалар жүйесін қолданудан жұмысқа кеткен көп еңбекті азайту;
- сызбалар және басқа құжаттамалар көлемін азайту арқасында қосалқы материалдардың және көшірме жұмыстарының шығындарын үнемдеу, мұрағатты азайту, т.с.с.;
- сызбалар және басқада құжаттамалардың тұрақтылығын жоғарылатуға, оларды қайта өңдеу мен рәсімдеуге кететін уақыт пен шығынды азайту;
- жаңа техникаға техникалық құжаттаманы келісу мен бекітуге кететін уақытты қысқарту;
- тәжірибелік өнімді сынау және есептеу әдістерін унификаттау жатады.
ТКЖ өндірісті техникалық тұрғыдан дайындаудың бірінші кезеңі болғандықтан тікелей ғылыми-зерттеулерден кейін жүріп отырады.
ТКЖ жүргізу мақсаты – өнімнің тәжірибелік үлгісін (партиясын) жасау, сынау және конструкторлық құжаттар комплектісін құру. ТКЖ:
- техникалық тапсырманы жасау;
- эскиздік және техникалық жобалау және тәжірибелік үлгінің жұмыс сызбаларын құру;
- тәжірибелік үлгіні жасау, сынау және жеткізу;
- жаппай ашық және сериялық шығарылымға жұмыс сызбаларын жасау сияқты негізгі кезеңдерді қамтиды, оларды орындауда стандарттау және унификаттау бойынша іс-шаралар маңызды рөль атқарады.
ТКЖ саласында экономикалық тиімділікті есептеу конструкцияның стандартты элементтерін, сызбаларды, конструктивті шешімдерді пайдалану нәтижесінде стандарттауға дейін және стандарттаудан кейін өнімді жобалауға, тәжірибелік өндіріске және сынауға кеткен жалпы шығындарды салыстыруына негізделген.
Жылдық үнемділік:
,
формуласы бойынша анықталады. Мұнда Sp1, Sp2 – стандарттауға дейін және стандарттаудан кейін өнімді жобалауға, тәжірибелік өндіріске және сынауға кеткен жылдық шығындар.
Шығындар күнделікті шығындардан, атап айтқанда стандарттауды енгізу мерзімінің барлық кезеңінде кеткен шығындар және капиталды шығындардан тұрады. Осыдан шығындар тең болады:
;

Өндірісті технологиялық дайындау (ӨТД) кезеңінде стандарттау жұмыстарының экономикалық тиімділігін есептеу әдісі. ӨТД кезеңінде стандарттау жұмыстарының экономикалық тиімділігі көбінесе:
- технологиялық процестерді типтеу және стандарттау;
- технологиялық құжаттамаларды стандарттау;
- технологиялық жарақтандыру құралдарын (жабдықтар мен жарақтар) стандарттау;
- ӨТД ұйымдастыруды жетілдіру;
- ӨТД жұмыстарын автоматтандыру сияқты іс-шараларды жүргізумен анықталады.
ӨТД кезеңінде стандарттау жұмыстарының максималды тиімділігіне қол жеткізу үшін машина жасау, аспап жасау бұйымдарының және автоматтандыру құралдарының тұрақты жетілдіріліп отыратын Өндірісті технологиялық дайындаудың бірыңғай жүйесі (ӨТДБЖ) стандарттары енгізілді.
ӨТДБЖ енгізу негізінде ӨТД жетілдіруден болатын экономикалық тиімділіктің қосынды көрсеткішін, оннан асатын экономикалық тиімділік көздері бойынша қосып есептеу нәтижелерін ескере отырып анықтауға болады. Экономикалық тиімділік көздеріне:
- өндірісті технологиялық дайындауды басқару ережелерін енгізу және сақтау;
- бұйым конструкциясының технологиялылығын қамтамасыз ету ережелерін енгізу;
- технологиялық процестерді жасау мен қолдану және технологиялық жабдықтау құралдарын таңдау ережелері мен әдістемелік нұсқауларын енгізу;
- технологиялық жабдықтау құралдарын жобалау, жасау және қолдану ережелері мен әдістемелік нұсқауларды енгізу және сақтау;
- инженерлік техникалық жұмыстарды механикаландыру және автоматтандыру техникалық құралдарын қолдану ережелерін сақтау;
- өнімді сынау және бақылау әдістерінде типтік құралдарды қолдану ережелері мен әдістемелік нұсқауларды енгізу және сақтау;
- өндірістік қуатты пайдалану қарқындылығы ережелерін енгізу және сақтау;
- технологиялық процестерді ұйымдастыру пішімдерін таңдау ережелері мен әдістемелік нұсқауларды енгізу және сақтау;
- жабдықтарды технологиялық орналастыруды таңдау ережелерін енгізу және сақтау;
- технологиялық нормативтерді жасау ережелері мен әдістемелік нұсқауларды енгізу және сақтау;
- технологиялық құжаттамалардың бірыңғай жүйесін қолдану ережелерін енгізу және сақтау жатады.
Экономикалық тиімділіктің әрбір көзі бір немесе бірнеше көрсеткіштермен сипатталады. Олардың бірнешеуін қарастырайық.
1. ӨТД бойынша жұмыстардың нормативтерінің құжаттарын жасаудан болатын жылдық экономикалық тиімділік мынаған тең:
,
мұнда tij – еңбек сыйымдылығы, ӨТД бойынша j – жұмыстың i – ші операциясы, адам/сағ.; Цij – ӨТД жүйесіндегі басқару бөлімінің қызметкерлерінің еңбек ақысы, теңге; rij – i-ші операциясы j-ші жұмыстың сатылу саны, саны; ЭТ – ӨТД жүзеге асатын жаңа техника бұйымдарынан болатын жылдық экономикалық тиімділік, теңге/жыл; En – экономикалық тиімділік нормативтік коэффициенті; H – шартты-тұрақты шығындардың жылдық сомасы, теңге; N – бұйымның шығарылу жылдық бағдарламасы, дана; индекс 1 – ӨТДБЖ енгізуге дейінгі көрсеткіш, индекс 2 – ӨТДБЖ енгізілгеннен кейінгі көрсеткіш, осында және алдыда.
2. Унификаттау және стандарттаудың жылдық экономикалық тиімділігі:
,
мұнда Сn – айла-бұйымның орташа бағасы, теңге; Тос – шығарылатын бұйым бірлігіндегі айла-бұйым шыдамдылығы.
3. Материалды пайдалану коэффициентін көтеруден жылдық экономикалық тиімділік:
,
мұнда М – бұйым массасы (нетто), кг; Kn – материалды пайдалану коэффициенті; Цм – материал бағасы, теңге/кг; Цо – қалдықтар бағасы, теңге/кг.
4. Компьютер қолданудан автоматтандыру деңгейі жоғарылауының жылдық экономикалық тиімділігі:
,
мұнда Ср – компьютер қолданбаған жобалау бағасы, тенге; Кос – дайындық жұмыстарының бағасының компьютерде нақты істелінген жұмыс бағасының 1 теңгесіне шағу коэффициенті; Св – компьютердің жұмыс уақытының бағасы, теңге/сағ.; Тв – компьютерде жобалау уақыты, сағат; Цр – қызметкердің сағаттық мөлшерлемесі, теңге/сағ.; Тк – компьютерде жұмыс істеу уақыты, сағат.
Өндіру және пайдалану саласындағы стандарттау жұмыстарының экономикалық тиімділігі. Жасалатын бұйымның өзіндік құнын төмендетуге стандарттау бұл салада ең көп әсер етеді. Өндірудегі барлық ағындық шығындарды айнымалы Sп (материал құны, қызметкерлердің келісімді еңбек ақысы, т.с.с.) және арнайы баптар бойынша амортизациялық шартты-тұрақты аударымдар Sуп (негізгі қор шығыны, тұрақты еңбек ақысы – жалақы, т.с.с.) деп бөлуге болады.
Бұйымның өзіндік құны:

болып анықталады.


Бұйымды шығару өскен сайын стандарттау, унификаттау нәтижесінде өнім бірлігіне келетін шартты-тұрақты шығынның үлесі қысқарады. Стандарттау және унификаттау жұмыстарын жүргізуде, бұйымды шығару бағдарламасын көтеру есебінен еңбек сыйымдылығы және өзіндік құны төмендейді, стандарттау бойынша іс-шаралар еңбек өнімділігін көтереді, негізгі және айналмалы шығындарды қысқартады.
Пайдалану саласындағы стандарттау жұмыстарының экономикалық тиімділігіне бұйым сапасын, сенімділігін және ұзақтылығын жоғарылату, арналу және пайдалану көрсеткіштерін жақсарту, жөнделуге жарамдылығын арттыру нәтижелерінде қол жеткізеді. Жалпы алғанда стандарттау жаңа техниканы игеру уақытын қысқарттады, бұл қомақты экономикалық тиімділікті білдіреді. Жаңа техниканы игеруді тездетуден болатын үнемділікті есептеу:
.
Стандарттау және материалдық қорды үнемдеу. Стандарттауды қолдану материалдық қорды едәуір үнемдеуге мүмкіндік береді. Бұл бұйымның техникалық деңгейі мен сапасын көтерудің негізгі бір мәселелері саналады. Замануи машина жасау саласы дамуының негізгі бір тенденциясы машина тетіктерінің салмағын кеміту және олардың қызмет көрсету мерзімін арттыру. Стандарттаудан материалдардың үнемделу тиімділігі тікелей және жанама деп бөлінеді.
Тікелей тиімділік қажеттілік және материал шығынын төмендету арқылы білінеді.
Мұнда материалды үнемдеу тиімділігі бұйым салмағының төмендеуінде (машина жасау саласының бұйымдарында материал бағасы 30%-дан 60%-ға дейін тербеледі), қолданылатын материалдардың құрылымын тапшы және қымбат материалдармен алмастыру арқылы жетілдіру, материалдарды пайдалану коэффициентін көтерумен білінеді.
Жанама тиімділік қосалқы қызметтерде – сату, көлік, қойма білінеді. Бұл қызметтер бұйымның бірдей шығарылу бағдарламасында өндірістің материалдық активтеріне қызмет көрсетуге аз шығынданады. Мысалы, көлік қызметінде автомашиналардың саны мен жүрген жолы, жанармай, қосалқы бөлшектерге және жөндеуге, т.б. кететін шығындар қысқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   216




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет