Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 (075. 8)



бет10/216
Дата18.05.2022
өлшемі6,42 Mb.
#143677
түріОқулық
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   216
Байланысты:
Bilim Mendebaev-Stand-metr-sertif

1.6. Халықаралық стандарттау
Жалпы стандарттау бойынша бірінші халықаралық ұйым Стандарттау бойынша ұлттық ұйымдардың халықаралық ассоциациясы 1926 жылы құрылған болатын, бірақ 1939 жылы соғыс басталғаннан кейін қайта тарап кетті.
Қазіргі таңдағы Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым ИСО (ISO) 1946 жылы 25 мемлекеттің қатысуымен құрылған.
ИСО қызметінің аумағы электроника мен электротехникадан басқа стандарттаудың барлық салаларына қатысты. Бұл салаларда стандарттаумен Халықаралық электротехникалық комиссия (МЭК) айналысады. Кейбір жұмыстар ИСО мен МЭК-тің бірге қатысуымен жүргізіледі.
ИСО-ның қызметі: әлемде халықаралық тауармен және қызметпен алмасуды қамтамасыз ету мақсатымен қызмет түрлері мен стандарттаудың дамуына үлес қосу, сонымен қатар ғылыми-техникалық, экономикалық, интелектуалдық салаларда әріптестік қатынастарды дамыту. Қазіргі уақытта ИСО-ның құрамында 160 ел бар, ол ұйымға Қазақстан Республикасы да кіреді. Ұйым құрамында 200-ден аса комитет бар. Штаб – пәтері Женевада (Швейцария) орналасқан. ИСО-ның жоғарғы басшылық органы Бас ассамблея үш жылда бір рет өтеді. Тікелей басшылықты ИСО Кеңесі жүргізеді. Негізгі координациялық жұмысты жеті: СТАКО стандарттаудың ғылыми қағидаларын зерттеуші комитет, ПЛАКО техникалық бюро, КАСКО сәйкестікті бақылау комитеті, ИНФКО ғылыми-техникалық ақпараттар туралы комитет, ДЕВКО дамушы елдерге көмек көрсету жөніндегі комитет, КОПОЛКО тұтынушылардың қызығушылықтарын қорғау туралы комитет, РЕМКО стандартты үлгілер туралы комитет атқарады.
Халықаралық стандарттарды жасау бойынша тікелей жұмыстарды жұмысшы топтарды бөле алатын техникалық комитеттер мен комитет бөлімдері жүргізуде. 1996 жылдың деректері бойынша ИСО шеңберіндегі стандарттарды 2832 жұмысшы тобы жасайды. ИСО-ның негізгі тілдері ағылшын, француз және орыс тілі. ИСО 12000-нан астам стандарт дайындап шығарды, қазіргі таңда жыл сайын 1000-1100 аралығында стандарттарды дайындайды және қайта қарап шығады. ИСО 500-ден астам халықаралық ұйымдармен іскерлікті қатар жүргізеді, оның ішінде БҰҰ-ның мамандандырылған барлық агенттіктері де бар. Ең тығыз байланыстар Стандарттау бойынша Еуропалық комитетпен (СЕН) жүргізіледі. ИСО-ның басқа ірі серіктестіктерінің бірі – Халықаралық электротехникалық комиссия (МЭК). Жалпы алғанда бұл 3 ұйым халықаралық деңгейдегі стандарттау бойынша барлық қызметтерді қамтиды. Сонғы кездері елдердің интеграциясына байланысты ИСО қызметінің мәні мен аясы көлемді түрде кеңеюде.
ИСО стандарттары міндетті стандарттарға жатпайды. Кез келген мемлекет оларды қолдануға немесе қолданбауға құқығы бар. Қазақстанда ИСО стандарттарының жартысына жуығы қолданылады. Тек стандарттардың 20 пайызы арнайы өнімдерге талаптарды қамтиды. Стандарттардың негізгі бөлігі қауіпсіздіктің, өзараауыстырымдылықтың, техникалық сыйымдылықтың, өнімді сынау әдістерінің сұрақтарына және жалпы әдістемелік сұрақтарға қатысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   216




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет