Сапа бойынша жұмыстардың жалпы әдістері. Сапаны жақсартудың барлық әдістерін үш топқа бөлуге болады.
Сапаны қамтамасыз ету әдістері. Бұл өнімнің өмірлік циклінің барлық сатысындағы процестерді талдау және реттеу үшін қолданылатын инженерлік-техникалық әдістер. Сондай-ақ олар өнім сипаттамаларын қайта өңдеу үшін қолданылады.
Сапаға ұмтылдыру әдістері. Бұл моральдық және материалдық ұмтылдыру жұмыстары – жалақыға үстемелер қосу, сыйақылар, мақтау қағаздары, кәсіби жарыстар және т.б.
Сапа бойынша жұмыс нәтижелерін бақылау әдістері. бұл сапаны бағалау әдістері – метрологиялық, статистикалық, өзіндік бақылау және т.б.
Сапаны басқаруға арналған қабылдаулар мен тәсілдерді 4 топқа бөлуге болады:
Сапаны басқару.
– процестің тұрақтылығы;
– бақылаудың статистикалық әдістері;
– процестер мүмкіндіктері;
– технологиялық мәселелерді шешу;
– процесті жақсарту;
– жоба мен өндіріс сатысындағы тоқтаулар сипаты мен салдарын талдау.
Персоналды басқару.
– басқарушылар командасы;
– сапаға жалпыға ортақ оқыту;
– жұмысшы топтарды ұйымдастыру;
– мотивация әдістері мен құралдары;
– байланыстырушы буындар;
интенсификация теориясы;
біліктілікті жоғарылату.
Ресурстарды басқару.
– сапа шығындарының бағдарламасы;
– орындауды бақылау көрсеткіштері;
– бағалық көрсеткіштер;
– ресурстер консервациясы;
– қоршаған ортаны жақсарту;
– «дәл мерзіміне» принципі бойынша жұмыстар.
8.2-суретте TQM құраушыларының өзара байланысы көрсетілген. Барлығы ішкі және сыртқы критерийлермен бағаланатын ұйым ретіндегі кәсіпорыннан, оның сапасынан басталады. 5 компоненттен кейін кәсіпорын технологиялық процесс құрады және сол арқылы өнім (өнім немесе қызмет) жасалатын процесс сапасын жасайды. Ол өз кезегінде тұтынушыға әсер етеді және оны өнім сапасымен қанағаттандырады.