149
148
5.3
Практикалық программалау
V бөлім
Алгоритмді программалау
Python-да тармақталған алгоритмдерді пайдаланып, есептердің
программасын қалай құрастыруға болады?
Алгоритмнің қандай түрлерін білесің?
Есептерді программалауда тиімді алгоритм құру қаншалықты
маңызды?
Алгоритмді графикалық түрде блок-схемалар арқылы көр-
сету – оның логикалық құрылымын графикалық түрде бейне-
леу екендігін өткен тақырыптарда білдік. Мұнда деректерді өң-
деудің әрбір кезеңі атқарылатын операцияға сәйкес әртүрлі гео-
метриялық фигуралар (блоктар) түрінде көрсетіледі. Сонымен
бірге алгоритмдерді блок-схема түрінде қолдануда блоктар арасын
бағытталған кесінділермен дұрыс біріктіріп отыру маңызды. Бұл
әдіс арқылы есеп шығару барысында блок-схемадан программаға
ауысу кезеңі оңай болады.
Есептерді программалау барысында олардың алгоритмдік
блок-схемасын жасау өте маңызды. Программалауды енді бастап
жатқандар берілген есептің маңызды тұстарын жоспарлап алуы
керек. Сол үшін орындалатын әрбір есептің шартын мұқият оқып,
есептегі туындайтын әртүрлі шарттарды орынды қолдануы қажет.
Блок-схемалар арқылы алгоритмдік қадамдарды жоспарлап ал-
ғаннан кейін ғана есептің программасын жазуға кіріскен дұрыс.
Алгоритмдер құрылымына қарай 3 түрге бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: