Оқулық Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет113/127
Дата22.12.2021
өлшемі45,36 Mb.
#127665
түріОқулық
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   127
Байланысты:
3 сынып цифрлық сауаттылық Алматыкітап2021 (1)

Орында
Ойлан
•  Фотоколлаж қандай мақсатпен жасалады?
•  Қандай тақырыптарда фотоколлаж жасағың келеді?
• Презентация жасау мен коллаж жасаудың арасында қандай 
ұқсастық бар?
Мұғалім ұсынған суреттер бойынша А4 парағына фотокол-
лаж жасаңдар. Коллаж жасаған кезде жапсырма, желім, су-
реттерді қолданыңдар. Коллажға тақырып беріп, басқаларға 
таныстырыңдар.
Компьютерде коллаж жасау қадамдарына арналған сұрақтар 
құрастыр.
5-сурет. 
Суреттер топтамасы


122
122
Жобамен таныстыру
33
•  Дайындаған жобаны қай программамен таныстырар едің?
•  Презентация қалай безендіріледі? Есіңе түсір.
•  Жобаны қорғау кезінде слайдтан слайдқа ауысудың қай 
түрін қолданасың? Тінтуірмен ауысу ма, әлде уақытпен 
ауысу ма? Себебін түсіндір.
Жоба дайындаған кезде туындайтын сұрақтармен танысасың.
Жоба дайындау кезеңдерін практикалық тұрғыдан үйренеміз.
Міне, оқу жылы да аяқталды. «Цифр лық сауаттылық» 
пәні бойынша алған біліміңді тереңдетіп, кеңейте түстің. 
3-сыныпта Scratch программалау ортасында жұмыс істеуді, 
жобалар құрастыруды, роботтармен әртүрлі жобалар жасау-
ды үйрендің. Мәтіндік редактормен жұмыс істеп, суреттер-
ді өңдеу программаларымен таныстың. Керекті ақпарат пен 
суретті Интернет желісінен іздеуді, көшіріп алуды үйрен-
дің. Сонымен қатар берілген тақырыптар бойынша презен-
тация құруды, оны безендіріп, ауысулар қою жолдарымен 
таныстың. 
Енді алған біліміңді пайдалану үшін, рөлдік тапсырма-
лар береміз. Осы рөлге ене отырып, берілген тапсырмалар-
ды шағын жоба түрінде құрастырып, ұсын. Өз жобаңды 
сыныптастарыңа таныстыру үшін, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   127




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет