Ы
94
Мені қоРШаған оРта
1. көпіршіктегі сөздер қай ғаламшарды сипаттайды?
сипатта
2. Берілген сөздерді пайдаланып, қоршаған орта туралы
әңгімелеңдер.
ертегідей
жасыл
күшті
үлкен
рақат
нұрлы
Ескен Елубай
(1942-2017) – ақын. Жамбыл
облысы Қордай ауданы Отар стансысын-
да дүниеге келген. Ақынның өлеңде-
рі мен кітаптары балаларға арналған.
Ақын көп жыл «Балдырған» журналында
қызмет еткен.
Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойын анықтаймын.
Өлеңнің маңызды тұстарын талдаймын.
Шығармашылық жұмыс жасаймын.
64
АЛ
М
АТ
Ы
КІ
ТА
П
БА
СП
АС
Ы
95
дарқан жер
Балақандар, біл, таныс,
Басын бұрып күнге алыс
Өскен мынау күнбағыс,
Ұзынтұра бұл нағыз.
Егіп қойды мұны кім?
Жердің бұлар күні-түн
Шырынын сорып ала алар,
сол үшін екті адамдар.
мынау өскен қарбыздар
піскен кезде жарғызар.
Егіп қойды мұны кім?
Жердің бұлар күні-түн
суын сорып ала алар,
сол үшін екті адамдар.
мынау өскен сарымсақ,
тез шығатын барын сап.
Егіп қойды мұны кім?
Жердің бұлар күні-түн
Ащысын сорып ала алар,
сол үшін екті адамдар...
мынау өскен жусандар,
сыпырғыш қып бусаңдар.
Егіп қойды мұны кім?
Жердің бұлар күні-түн
Хош иісін сорып ала алар,
Екпесе де адамдар...
Жерден қажет алар нәр,
Өсімдікті табар әр,
Қолданып сан амалдар,
Данышпан ғой адамдар!
Ескен Елубай
түсініп оқы
|