Оқулық Қазақстан тарихы. С. Р. Ахметова, А. М. Ибраева, А. А. Құлымбетова 5 сынып «Назарбаев Зияткерлік мектебі» 2017



бет2/4
Дата29.12.2021
өлшемі155,62 Kb.
#106573
түріОқулық
1   2   3   4
Байланысты:
1 сабақ. Қазақстан тарихы 5 сынып

Ежелгі заман тарихы

  • Орта ғасырлар тарихы

  • Жаңа заман тарихы

  • Қазіргі заман тарихы

    Ежелгі заман тарихы




    Алғашқы қоғам тарихы

    б.з.б. 1 мыңжылдыққа дейінгі


    Ежелгі тарих

    б.з.б.1 мыңжылдықтан б.з 5 ғасырына дейін



    Ежелгі тарих

    Ежелгі Қазақстан тарихын кезеңдерге бөлудің бірнеше түрі бар. Осылардың ішінде көп қолданылатыны – археологиялық тәсілдер негізінде кезеңге бөлінуі. Археологияда адамзат тарихының дамуы олардың еңбек құралдарын жасаған негізгі материалының атауына байланысты кезеңге бөлінеді. Мысалы: құралдар тастан жасалған кезең – тас дәуірі, қоладан жасалған кезең – қола дәуірі, темірден жасалған кезең – темір дәуірі деп аталады.






    Дәуір

    Кезең

    Хронология

    1

    Тас дәуірі

    1. Ерте тас дәуірі – палеолит

    2. Орта тас дәуірі – мезолит

    3. Жаңа тас дәуірі – неолит


    б.з.б. 2,6 млн жыл – б.з.б. 1–2 мыңжылдықтар

    б.з.б. 12–5 мыңжылдықтар

    б.з.б. 5–3 мыңжылдықтар





    Тас және қола дәуірінің арасындағы өтпелі кезең

    2. Мыс-тас кезеңі –

    энеолит


    б.з.б. 3 мыңжылдықтың соңы

    2

    Қола дәуірі




    б.з.б. 2 мыңжылдық – б.з.б. VIII ғасыр

    3

    Ерте темір дәуірі




    б.з.б. 1 мыңжылдық – б.з. VI ғасыры

    Кез-келген тарихи оқиғаның, құбылыстың уақыты бар. Тарих ғылым осындай өткен оқиғалардың уақытын көрсетуге, белгісіз болған жағдайда шамамен анықтауға тырысады. Тарихи уақыты көрсетуде күні айы, жылы, ғасыры,мыңжылдықтары сияқты өлшемдер қолданылады. Тарих ғылымында жылдарды Араб цифрымен (мыс:1,2,3,....), ғасырды Рим цифрымен (I, II, III...) беру қалыптасқан. Біздің жыл санауымыздан бұрынғы уақыт біздің заманымыздан бұрынғы деп айтылады және ол б.з.б.деп қысқартылып жазылады.

    0

    б.з.б б.з


    Тарихи оқиғаларды білу үшін түрлі деректерге сүйене отырып, зерттеу жүргізеді. Деректер негізгі үш топқа бөлінеді.

    1.Заттық дерек

    2.Жазбаша дерек

    3.Ауызша дерек

    Қазақстанның ежелгі заман тарихына қатысты құнды деректерді Археология ғылым саласы береді. Археология грек тілінен аударғанда archaios-ежелгі,ескі, logos-ілім деген мағынаны білдіреді. Археология – тарихты зерттеуге қажетті аса құнды заттық деректермен қамтамасыз етеді. Археологиялық зерттеулермен– археолог ғалымдар айналысады.

    Археологиялық ескерткіштер деп ежелгі адамның өмірі мен қызметінің іздері бар орындар мен ерте замандардан қалған бұйымдарды айтамыз.

    Тарих ғылымының археология, этнология, антропология, өлкетану сияқты көптеген салалары бар.





  • Достарыңызбен бөлісу:
    1   2   3   4




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет