Сыныбы
|
10 «А» сынып, қазақ әдебиеті
|
Сабақтың тақырыбы
|
Шәкәрім Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» поэмасы
|
Күні
|
06.03. 2015ж
|
Сілтеме
|
Оқулық, бағдарлама, электрондық оқулық, «Мұғалімге арналған нұсқаулық». Бірінші (ілгері) деңгей. Екінші басылым.
|
Жалпы
мақсаты
|
1.Білімділік: Ш.Құдайбердіұлының “Еңлік-Кебек” поэмасын жан-жақты талдау. Көркемдік ерекшелігін тану, образдар жүйесін ашу.
2. Дамытушылық: Өз беттерімен проблема шешуге, қорытынды жасай білуге, бағалау дағдыларын қалыптастыруға, шығармашылық ой-өрістерін жетілдіруге ықпал жасау.
3. Тәрбиелік. Шығарма идеясы арқылы өзекті мәселені бірлесіп шешуге, өз ойын батыл айта білуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
|
Негізгі мақсаттар
|
Топпен жұмыс істеуге дағдыландыру;
Тақырыпты өз ізденістерімен түсіну дағдыларын қалыптастыру;
Бір-бірімен әңгімелесу арқылы білім алуға үйрету.
Өзара білімдерін бағалай білуге ынталандыру.
|
Оқыту нәтижесі
|
Шәкәрім Құдайбердіұлының өскен ортасын біледі, Шығыс әдебиетімен байланысы қай жылдардан басталғанын түсінеді.
|
Түрі
|
Lesson Study сабағы.
|
Әдістер мен тәсілдер
|
Топпен жұмыс, диалогтік оқыту, оқыту үшін бағалау, талантты және дарынды балаларды оқыту, сын тұрғысынан ойлау, «Кітайша ет, еркін жазу, топтастыру» әдістері.
|
Тапсырмалар
|
Мұғалімнің
іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Уақыт
45 минут.
|
1-тапсырма.
Мақсаты: топпен жұмыс істеуге дағдыландыру.
|
1.«Шетелдік амандасу» тренингі.
2.Дене шынықтыру сабағында қалай сапқа тұрасыңдар, солай тұру, сол арқылы 1,2,3-ке саналу.
1-топ. 2-топ. 3 топ.
|
2 минут.
|
2-тапсырма.
Мақсат: электрондық оқулықтан тыңдай арқылы білімдерің толықтыруға үйрету.
|
«Шәкәрім Құдайбердіұлы туралы» электрондық оқулықтан тыңдау.
|
5 минут.
|
3-тапсырма.
Шәкәрімнің өмірі мен шығармашылығы, ағарту-шылық бағыттағы өлеңдері туралы білу.
Мақсат: оқушыларды бір-біріне бейімдеу.
|
«Қытайша ет» әдісі.
1-топ-Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі. 2–топтың жұмысын тексереді. Дұрыс болмаса, қызыл пастамен түзетеді. Жетіспесе толықтырады.
2-топ-Шәкәрім Құдайбердіұлының 1 өлеңін жатқа айту. 3-топтың жұмысын тексереді.
3-топ-Шәкәрім Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» поэмасы. 1-топтың жұмысын тексереді.
Топ жұмысының бағалануы
Еш қате болмаса «5» ;
Бір қате болса , «4»;
Екі қате болса, «3»;
Үш және одан да көп қате болса «2» қойылады.
Тексерілгеннен кейін оқушылар тапсырманы дәптерге жазады.
|
10 минут.
3 минут.
|
4-тапсырма. Поэмаларындағы өзекті ойды түсіну.
|
«Еркін жазу» стратегиясы
Шәкәрім Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» поэмасының мазмұнын жазу.
|
10 минут.
|
5-тапсырма. Поэмаларын салыстыра алады, поэма-ларындағы ұқсастық пен айырмашылығын ажырата алады.
|
«Топтастыру» стратегиясы.
Постерге «Шәкәрім Құдайберді-ұлының «Еңлік-Кебек» поэмасын» топтастырады.
|
7 минут.
|
Бағалау. Өзін-өзі бағалауға ынталандыру.
|
«Смайликтер» арқылы бағалау.
|
3 минут.
|
Үйге тапсырма.
|
Шәкәрім Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» поэмасын толық оқып келу.
|
1 минут.
|
Рефлексия –қорытынды. Ұлттық бірыңғай тестке дайындық.
|
Тест кітабынан Шәкәрім Құдайбердіұлына арналған сұрақтарды тауып, оқу.
|
4 минут.
|