Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология(Таным мәселелері) Әлеуметтік философия



бет135/231
Дата23.12.2022
өлшемі5,05 Mb.
#164080
түріОқулық
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   231
Байланысты:
философия Серик Мырзалы

«...Айнала бұлақ басы тең,


Азаұлының Стамбұлдан несі кем? - деген сұрақ қойып, олай болса, «...Ер Доспамбет ағаның Хан ұлына несі жоқ,
Би ұлынан иесі кем!
Тәңірінің өзі берген күнінде,
Хан ұлынан артық еді менің несібем!» - деп, өзін ең жоғары тұрған тұлғалардан кем санамайды. Шіркін, осы белгілі бір орталыққа бағынбауды мойындамайтын еркөкіректік болашақта халықты қандай апатқа әкелетінін, әрине, ол сезіне алмады: айнала қоршаған әлеуметтік ахуал оны мүмкін кьглмады.
Ел-жұрт үшін ерлік жасағанын мақтаныш етіп, өз өмірінің әрбір күніне қанағат етеді:
«Тоғай, тоғай, тоғай су.
Тоғай қондым өкінбен,
Толғамалы ала балта қолға алып,
Топ бастадым, өкінбен.
Бүгін-соңды өкінбен,
Ер Мамайдың алдында Шахид кештім, өкінбен».
Жыраудың ойынша, әңгіме бұл өтпелі фәниде ұзақ та солғын өмір кешуде емес, оны мазмұнды өткізуде. Яғни ол қазіргі тілмен айтсақ, өмірден алу, иелену, байлыққа масаттану емес, керісінше, болуды аңсаған ержүрек батыр.
XVI ғ. көрнекті жырау Шалкиіз Тіленшіұлы болды. Жыраудың ой-толғаулары ел-жұртты қорғау, адамның қысқа өмірін той-думанмен өткізу, әлсізге қол ұшын беру т.с.с. әдеттегі тақырыптарға арналса да, өзінің ерекшеліктерімен сипатталады. Мысалы, халықтың белгілі бір орталық билікке бағыну керектігі. Темір биге арналған толғауында жырау:
«Сен алтынсың - мен құлмын,
Сен жібексің - мен жүнмін,
Сен сүлтансың - мен құлмын», - деп, оның лауазымын мойындайды. Басқа жағдайда өзара қырылыс-тартыстың жойыл-майтынына оның көзі жетеді. Жыраудың ойынша, халықтың бірлігін арттыратын - жақсылық жолы, сондықтан ол «жығылғанды тұрғыз, жылағанды уат, қисайғанды түзет», - дейді.
Көшпенді замандағы ер жігіттің аяұлы да нәзік қысқа өмірін толғай келе, Шалкиіз діни бейсаналық (иррационализм) бағытын ұстайды. Жыраудың ойынша, бәрі де Тәңірдің жазғанымен болады:
«Жапырағы жасыл жаутерек,
Жайқалмағы желден дүр.
Төренің кежігуі елден дүр.
Байлардың мақтанбағы малдан дүр...
Жалаңаш барып жауға ти,
Тәңірі өзі біледі,
Ажалымыз қайдан дүр».
Адамды аспанға көтеретін де, құзға құлататын да - Тәңір. «Тең атаның ұлы едің, дәрежеңді артық етсе - Тәңірі етті», - дейді жырау. Мүндай көзқарастың жұрнақтары осы күнгі қазақтардың да бойында бары сөзсіз. Өмірі толығынан қауіп-қатерге толы, ертеңгі күні не болатынын білмейтін көшпендінің дуниесезіміне мүндай өмір философиясы оған тірек болып, оны батырлыққа итерді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   231




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет