Реферат тақырыбы Қытай философиясының негізгі ерекшеліктері. Даосизмдегі диалектикалық көзкарастар.
Қытайдағы бүгінгі реформалар мен конфуциандык идеоло-гияның байланысы.
«Фа-цзя» мектебі мен XX ғасырдағы тоталитарлық мемлекеттер (тарихи салыстыру).
Үнді мифологияларындағы негізгі түсініктер.
Джайнизм философиясыньщ кағидалары.
Буддизм - үнді философиясы.
Грек натурфилософиясы.
Платонның философиялык көзқарастары.
Аристотельдің онтологиялық ілімі.
Адам дүниенің өлшемі бола ала ма (Протагормен сұхбаттасу).
Аристотельдің саяси-этикалық көзқарастары.
Демокриттің атомистік көзқарасы.
Стоя философиясы.
Ойланыңыз: Ешқашанда бұл дүниеде өшпенділік өшпенділікпен жойылған жоқ; тек кана өшпенділіктің жоғы оны тоқтатады. Бұл – мәңгілік Дхамма. Бұл Будданың сөзін қалай бағалайсыз?
Жау жауға не істесе де, жалған бағытпен жіберілген ой одан да жаман істейді.
Даосизмнің диалектикалық идеялары: Барлык дүние болмыстан туады. Болмыс бейболмыстан туады. Бірдеңені әлсірету үшін ең алдымен оны күшейту керек. Бірдеңені кұрту үшін ең алдымен оны гүлдету керек. Біреуден бірдемені алу үшін оған ең алдымен беру керек; Бақытсыздықта бақыт жатыр. Бакытта бақытсыздық бар. Кім оның шекарасын біледі?
Адамдарды білетін - дана; өзін-өзі білетін - ағарған.
Аспанның тілегі - адамдар бірін-бірі сүю керек және бір-бірі-не пайда әкелулері керек (Мо-Цзы).
Пайда іздегендер адалдықты ұмытады; Ең биік адамды сүюшілік туыскандық байланыстарды ескермейді (Чжуан-Цзы).
Аспан қарапайым адамдарды елбасы үшін тудырмайды, ол елбасын таққа қарапайым адамдар үшін отырғызады (Сюнь-Цзы).
Өлген мен тірі, оянған мен ұйықтаған, жас пен кәрі, бәрі - бір, өйткені бірінші екіншіде жоғалады (Гераклит).
Бейболмыстың өмір сүруі ешқашанда дәлелденбейді. Ой елегін бұл жолменен жүргізбе (Парменид).
Сүйіспеншіліктің тартуымен бәрі де жиналады; қастық олардың бәрін кері тартады (Эмпедокл). Философия - таңғалудан басталады (Аристотель).
Күн, ай және барлық жұлдыздар - жанып жатқан тастар (Анаксагор).
Бір заттың себебін табу - маған парсы тағынан қымбат (Демокрит).
Дене тілегі - ашықпау, шөлдемеу, тоңбау. Осының бәрі бар адам, я соған болашақта үмітті адам Зевстің өзімен бақыт жөнінде дауласа алады (Эпикур).
Тағдыр тілегенді алып жүреді, тілемегенді сүйретеді (Сенека).
Қандай тәлтекке түссең де, олардың бәрі ғасырлар бойы аңықталған. Себептердің байланысы басынан бастап сені сол оқиғалармен байлады (Марк Аврелий).
Менің білетінім - ештеңені білмегенім (Сократ).
Уақыт - өзінің істегендерін қарап отырған мәңгілік (Платон).