Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология(Таным мәселелері) Әлеуметтік философия



бет153/231
Дата23.12.2022
өлшемі5,05 Mb.
#164080
түріОқулық
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   231
Байланысты:
философия Серик Мырзалы

Анри Бергсон (1859-1941 жж.) - «өмір философиясының» шеңберінде «шығармашылық талпыныс» ағымын жасайды. Оның ойынша, алғашқы да ең терең шындың - ол белгілі бір толыққанды біртұтас өмір, ал материя мен рухқа келер болсақ, ол -сол өмірдің қалдықтары. Өмір - «өмірлік талпынысқа» (еіап уііаі), яғни ешқашанда тоқталмайтын шығармашылық өзгеріс, қалыптасуға тең. Материя - болмыстың енжар жағы, ол, әрине, қаншалықты қарсылық көрсетсе де, дегенмен, ең ақырында, өмірге бағынады. Сондықтан табиғаттың тарихи күрделенуі, өрлеуі - өмірдің шығармашылық өрлеуімен тең. Олай болса, дүние бірегей, тоқталмайтын, өне бойы жаңа формаларды бірінсн соң бірін тудыра беретін шығармашылық .
А.Бергсонның ойынша, адам айнала қоршаған материалдық дүниеге өзінің интеллекті (ақыл-ойы) арқылы бейімделді. Интеллект дегеніміз ақыл-ой, зерде арқылы адамның дүниедегі құбылыстарды танып-білуі, ол өзінің ең биік шыңына жаратылыстану ғылымдары арқылы жетеді. Интеллект біртүтас дүниені заттарға, соңғыларды құрамдас бөлшектерге бөліп, содан кейін олардан дүниенің жасанды суреттерін тудырады. Интеллектінің қайнар көзі — адамның материалдық дүниедегі іс-әрекеттерін ұйымдастыру, олардың нәтижелілігін қамтамасыз ету. Бұл арада аса назар аударатын нәрсе интеллект, А.Бергсонның ойынша, заттың терең мәнін аша алмайды, ол тек қана олардың арасындағы байланыстары мен қарым-қатынастарын ғана көрсете алады. Өлі материяны құрамдас бөліктеріне бөліп, содан кейін оларды басқаша түрде қайта құрастыру - интеллектінің негізгі ісі. Олай болса, ол заттың сыртқы қабығын ғана игере алады. Өне бойы қозғалып, өзгеріп жатқан дүниені интеллект кинопленкадағы өмірді «жасанды түрде» көрсеткен сиякты (онда әрбір кадр қозғалысты көрсетпесе де), бірінің артынан бірін белгілі бір жылдамдықпен өткізген кезде, экранда «қозғалыстағы өмірдің» көшірмесі пайда болады. Интеллект дүниедегі ұқсас, қайталанатын қарым-қатынастарды ғана көрсетіп, сонымен қатар оның қайталанбайтын, өмірге бір-ақ рет келген ішкі өзегін - өмірдің өзін—танып-біле алмайды.
А.Бергсон адамның интеллектінен басқа да таным кұралының бар екенін мойындайды - ол интуиция. Интуиция дегеніміз - ол затқа деген сүйіспеншіліктің негізінде оның ішкі, интеллектіге ашылмайтын жағына өтіп, оның өмірлік өзегін сезіну болып табылады. Интуиция дегеніміз - рухтың алғашқы негізі. Ол -өмірдің өзі. Танымдық тұрғыдан алып қарағанда, алғашқы интуиция инстинкт пен интеллектіге бөлінеді. Сол сәтте инстинкт өзіндік санасынан, интеллект заттың ішкі сырын ашу қабілетінен айырылады. Адамның интуициясы толығынан интеллектіге бағынышты. Алайда кейбір «шекаралық жағдайда», адамның өміріне қауіптенген, я болмаса оның басына «тағдырлық» ахуал келген кезде, интуиция интеллектінің құрсауынан босап, адамға нағыз шындықты көрсетіп, оның ғарыштағы орны мен тағдырын анықтауға көмектеседі.
Адам - шығармашылық пенде, өйткені «өмірлік талпыныс» оның ішінен өтеді. Алайда өмірді терең сезіну интуициясы - тек қана таңдаулы адамдарға ғана тән нәрсе. Сонымен А.Бергсон шығармашылық пен мәдениет жөнінде элитарлық көзқарас ұстайды.
А.Бергсонның әлеуметтік философиясына келер болсақ, ол адамның өмір сүруінің екі түрін мойындайды. Көп жағдайда адам «сыртқы» өмірдің шеңберінде, өзі үшін емес, басқа адамдар үшін өмір сүреді. Тек қана өзіміздің ішкі өмірімізге терең үңіліп, біз өзіміздің еріктігіміз бен әлеуметтігімізді анықтай аламыз. Бірінші, өмір формасын ол «жабық», екіншісін «ашық» қоғамға жатқызады,жабық қоғамда тұлға ұжымның кұрсауынан шыға алмайды, ашық қоғамда тұлғаның өмірі мен шығармашылық қызметі ұстем болып келеді.
Қорыта келе, біз А.Бергсонның философиясының біршама қайшылықтарының бар екенін байқаймыз. Әрине, интеллект адамның жан дүниесінің нәзік жақтарын толығынан жете біле алмайды. Интеллект есептейді, бөледі, қайта құрастырады, одан әрқашанда суық лебіз білінеді. Адам көп жағдайда өмірдің терең жақтарын бисаналық түрде өзінін барлық жан-тәнімен сезінуі мүмкін. Мұның бәрі де дұрыс. Бірақ А.Бергсонның интеллект пен интуицияны қарама-қарсы қойғаны қайсыбір терең дүниетанымды жоққа шығарады. Өйткені интуициямен сезінгенді ұғым арқылы түсіне алмасақ, онда оны қалайша басқа адамдарға жеткіземіз? Дүниедегі «шығармашылық талпыныс» өне бойы қайталанбайтын өзгерістерді тудыра берсе, онда дүниедегі барлық заңдылықтардан бас тартуға тура келер еді. Әрине, ол мүмкін емес. Дегенмен А.Бергсонның философиялық көзқарастарының негізінде ерекше ағым пайда болмағанымен, ол XX ғ. басқа философиялық ағымдарға өзінің зор әсерін тигізді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   231




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет