§ 3. Тәуелсіздік пен тәуелділік
Жалқы мен жалпы категорияларымен тығыз байланысты, болмыста терең тамырланған ұғымдар - тәуелсіздік пен тәуелділік ұғымдары.
Бұрынғы философия оқулықтарында бұл ұғымдар жоқ болатын-ды. Бірақ бүгінгі таңда қазақ елі тәуелсіз мемлекет орнатып жатқан кезде, олардың мән-мағынасы кұрт өсуде, өйткені тәуелсіздік - кейбір әдебиетте кездесетіндей, бұрынғы одақтас кеңес республикаларындағы ұлттық элитаның билікке деген
ұмтылысынан пайда болған құбылыс емес, оның түп-тамыры тереңде - болмыстың өзінде жатыр. Тәуелсіздіктің баянды болуы, онын қазақ халқына ауадай қажеттігінің негізінде осындай философиялық пайымдау жатыр.
Енді осы айтылған тұжырым жалаң болып көрінбес үшін, оны дәлелдеп көрелік. Жоғарыда айтып өткеніміздей, Дүниеде - Жер болсын, аспан болсын, біз екі бір-біріне толық ұқсас зат, я болмаса құбылысты таба алмаймыз. Микроәлемдегі элементарлық бөлшектерден бастап Мегаәлемдегі жүлдыздарға дейін әрбір зат, я болмаса құбылыс тек өзіне тән болмысымен сипатталады. Даралық және қайталанбастық, басқаға ұқсамастық, жалпы алғанда, материалдық және рухани болмыстың өмір сүру тәсілі болып табылады. Оны өз уақытында Эпикур болжамдаған болатын. Оның ойынша, атомдар кеңістікте кұлдырап бара жатқан кезде алғашқы бағытынан «өз еркімен» ауытқиды. Қазіргі ядролық физиканьщ деректеріне сүйенсек, бүгінгі таңдағы ашылған 300-ге жуық элементарлық бөлшектердің эрқайсысының өз табиғаты, сыры бар. Ең ақырында, бүгінгі таңдағы ашылған ең ұсақ бөлшектер адрондардың құрылымын құрайтын кварктардың өздері «бір-бірінен салыстырмалы түрде тәуелсіз және біршама еріктіктің деңгейінде өмір сүреді» (қараңыз: Материалистическая диалектика., М., Мысль, 1983, 61-6.). Әсіресе көрнекі түрде тэуелсіздіктің сипатын тірі жэне өлі табиғаттағы, қоғам өміріндегі статистикалық үрдістерден байқауға болады. Мысалы, газ табиғаты жөніндегі қазіргі теориялар әрбір молекуланың бір-бірінен тәуелсіздігін көрсетеді. Тек қана сырттай шектеу қойылған кезде ғана (белгілі бір құйманың ішінде) олар бір-бірімен болуы мүмкін байланыстарға түседі. Сол себепті, статистикалық заңдылықтардың негізінде әрбір бөлшектің бағытын білу мүмкін емес, ол оныц дербестігін, тәуелсіздігін көрсетеді, тек олардың жиынтығының заңдылықтарын ғана анықтауға болады. (қараңыз: П.В.Алексеев., А.В.Панин. Философия., М., Проспект, 1998, 424-6.). Термодинамиканың екінші бастамасы Дүниеде дезинтеграция (ыдырау), энтропия (күш-қуаттың төмендеуі), хаос (бытырау) үрдістері жұріп жатқанын мойындайды. Ал мүның өзі де заттар мен кұбылыстардың болмыстағы «өз еріктігіне» деген «ұмтылысын» көрсетпей ме? Өйткені олардың әрбіреуінің болмыста өз негізі бар! Классикалық механиканың негізгі қағидаларының бірі -эрбір зат өзінің салмағы арқылы ерекшеленеді, ал оның өзі бастапқыдан бір-бірінен тәуелсіз берілген.
Тірі табиғатта да біз осындай жайттарды байқаймыз. Мысалы, ағаштың бұтақтарында өсіп тұрған 50 мың жапырақтың бір-біріне толығынан ұқсас екеуін тауып алу мүмкін емес. Әр жапырақ дүниеге өз болмысымен келіп, соңында -- кетеді. Бір ананың бойында өсіп, дүниеге келген егіз - екі түрлі болып келеді, олар қанша бір-бірімен ұқсас болғанымен, тәуелсіз, қайталанбайтын ұқсас емес жақтарымен танылады.
Ал егерде адам болмысына келер болсақ, «Дүниеде болу _ ерекшеленуге» теңеледі, яғни эр тұлға өз бойындағы табиғи дарындарын ерістетіп, дамыту арқылы өмір сүреді. «Адам құқтары» аталатын бүгінгі таңдағы кең таралған қағида өзінің тереңге кететін түп-тамырында тәуелсіздік ұғымына, тұлғаның басым-дылығына негізделген. Бугінгі қоғамдарды шарпыған әлеуметтік аномияның (ауытқудың) терең себептерінде адамдардың өз болмыстық негіздерінің дамуына қанағаттанбаушылық жатыр. Сондай-ақ әр халық өз тәуелсіздігіне жетуге, соның негізінде мәдени құндылықтарын, дүниесезімі мен дүниеқабылдауын сақтауға тырысады.
Қоғамнын рухани саласына келер болсақ, тек қана өзіндік болмысымен көрінетін төл шығарма ғана құ-ндылығымен танылады. Сол себепті Құрманғазы мен Абайдың, Қастеев пен Тәттімбеттің т.с.с. шығармалары халықтың санасында мэңгілік сақталады. Ал өзіндік негізі жоқ «біркүндік» туындылар бүгін дүниеге келіп, ертең-ак ұмытылып калады. Тіпті математиканың ең абстрактіліқ саласы - метаматематиканың өзін алсақ, оның өзі де ауыспалы тәуелсіздікке негізделген.
Жоғарыда айтылғанды корыта келе, тэуелсіздік категория-сының болмыстык мэртебесін мойындауға тура келеді.
Сонымен қатар Дүниедегі өмір сүріп жатқан бірде-бір зат, қүбылыс өзіндік болмысына қаншалықты «үмтылса да», толығынан өзімен-өзі бола алмайды, сондықтан ол өз тэуелсіздігінің белгілі бір бөлігінен айырылуға мәжбүр болады. Мүны соғыстан кейінгі Албанияның әлеуметтік тәжірибесі айқын көрсетті. Батыспен де, Шығыс социалистік елдерімен де байланыстарын үзген сол елдің басшылары өз Отанын толық апатқа дейін әкеліп тіреді емес пе? Бүгінгі әлемде адамзатқа қажет 2,5 млн. жуық әртүрлі заттар өндірілсе, бірде-бір мемлекет, канша алып болса да, басқа елдермен карым-қатынаска, кооперацияға туспей, дербес өмір сүре алмайды. Олай болса, тэуелділік тәуелсіздікке қарама-қайшы, яғни қарсы бағытталған категория болып шықты. Егер тәуелсіздік жалқының қайталанбайтын өзіндік жақтарымен тығыз байланысты болса, тәуелділік жалпылықтың негізінде өмір сүреді. Аталған екі категорияның «басын біріктіретін» дәнекер - заттар мен құбылыс тардың өзара тәуелділігі, өйткені зат пен құбылыстың өзіне тән қайталанбас жақтарымен есептеспейтін біржакты тәуелділік ертелі-кеш бұзылады, басқа жағдайда – тәуелді заттың құруына әкеледі. Мысалы, бұрынғы Кеңес Одағының күрт жарылуының негізгі себептерінің бірі оның халықтардың тілі мен діні, әдет-ғұрпына тигізген зәбірлігі болды емес пе? Барлық халықтарды «орыстандыруға» бағытталған саясат ішкі наразылықты тудырып, ұлт-азаттық сезімді, халықтың ар-намысын оятты. Егерде Ресей саясатшылары уақытында шешен халқына федерацияның шеңбе-рінде дербес даму мүмкіншілігін бергенде, бүгінгі қантегіс болмас еді.
Халықтар арасындағы өзара тәуелділік - олардың мүдделерін келіссөздер арқылы бір-бірімен ұштастыруға тең. Жер бетіндегі локальды (жергілікті) соғыстардың осы уақытқа шейін тоқталмауы, негізінен алғанда, ірі мемлекеттердің кішілерді өз еркіне көндіру саясатынан шығады. Тек бүгінгі таңда ғана Ресей мемлекеті бірте-бірте империялық сана шеңберінен шығып, бұрынғы одақтас мемлекеттермен өзара тэуелділіктің негізінде ғана жақсы тиімді қатынастарды орнатуға болатынын сезгендей. Халықаралық саясаттағы бұл оң өзгерістерге өзінің барша тәжірибесі мен білімі, тапқырлығын қосқан елдің президенті Н.Назарбаевтың үлесін асыра бағалау өте қиын.
Тәуелсіздік - қай халықтың болмасын, аса бағалайтын құндылығы, өйткені тек осы жағдайда ғана алға кеткен халықтарды тиімді түрде қуып жетуге, халықтың шығармашылық мүмкіндіктерін сыртқа шығарып гүлдетуге, негізінен алғанда, тәуелсіздіктің терең түп-тамыры, өз болмысының қайнар көзіне, жаңа деңгейде қайта оралуына жағдай туады. Қоғам өміріндегі көп нәрселерді реформа барысында өзгертуге, басқа елдердің озық тәжірибесін қабылдауға, әрине, болады. Бірақ халық болмысының қайнар көзінде жатқан, тәуелсіздіктің өзіндік негізін құрайтын нәрселерді өзгертуге болмайды. Ондай жағдайда біз «жаңа мәңгүрттікке» тап болып, өз-өзімізден (идентификация) айырылып қалуымыз мүмкін. Айтылған ойды терендете, қоғам өміріндегі кейбір өзекті мәселелерге тоқтала кетейік.
Тәуелсіздіктің сонғы 10 жылында елімізді бүкіл әлемге таныту мен мойындату жолында көп жұмыстар жасалды. Бұрынғы Кеңес қоғамының ядролық қаруларынан бас тартудың арқасында, ең ірі мемлекеттерден, соның ішінде АҚШ, Ресей, Қытай елдері де бар, тәуелсіз өмір сүруіміздің кепілін алдық. Бұл біздің жас дипломатиямыздың ең ірі жетістіктеріне жатады. Соның арқасьщда Қазақ елі бүкіләлемдік қауымдастыққа бейбіт өмір аңсайтын қоғам болып танылып, мәртебесі көтерілді. Біздің несібемізге тиген мол табиғи байлықтың арқасында көп дамыған елдердің мүдделерің елімізде қалыптастырдық, миллиардтаған доллар инвестицияларды тартып, халық шаруашылығын жаңа жолға қойдық. Бұл да тәуелсіздіктің негізгі факторларын құрайды. Ел астанасын жаңа жерге көшіру - жаңа мемлекетті кұрудың символы, тәуелсіздік жолындағы қажымас саяси ырықтың көрінісі болды. Отандык мәдениет дамуының жаңа сапалы сатысы ашылып, ұлттық руханияттың қайнар көздері ой елегінен өткізіле бастады.
Сонымен қатар кемшіліктер де жоқ емес. Ол ең алдымен елдін экономикалық қауіпсіздігінде жатқан сияқты. Энергетикалық ресурстарды көптеп сыртқа шығарсақ та, осы уақытқа шейін Ресей, Өзбекстан сияқты елдердің газы мен мұнайына тәуелдіміз. Ұлттық іскер топтар тек сауда-саттықпен айналысып, өз өндірісімізді дамытуға аса ынта көрсетпей отыр. Біржақты мұнайға басымдық жасау елді трансұлттық компанияларға тәуелді етуі мүмкін. Екінші жағынан, біз табиғи байлықтардың шексіз емес екенін ұмыт қалдырған сияқтымыз, олар болашақ ұрпақтарға да керек емес пе?!
Реформалар барысында өткен қоғамды тотальды (бірегей, мүлде) терістеу орын алды. Ал оның өзі тәуелсіздік ұғымына түбегейлі қайшы, өйткені философиялық тұрғыдан келгенде, ол өз болмысымыздың терең қайнар көздерінен бас тартумен бірдей. Ондай жағдайда болашақта тәуелсіз дамудың өзі де мүмкін болмай қалар еді.
Алғашқы кезде жекеменшікке негізделген экономикада «Адам Смиттің «көрінбейтін қолы» бәрін де стихиялық түрде өз қалпына келтіреді», - деген романтикалық қиялдың болғаны да рас. «Ең алдымен экономиканы дұрыстап алайык, қалғанының бәрі содан кейін өз ретіне келеді», - деген сорақы пікірлер де болды. Бүгінгі таңда олардың бәрі қайта ой елегінен еткізіліп, жіберілген қателіктер түзетілуде.
Келесі бір естен шығармайтын жайт реформалардыи бүкіләлемдік рухани дағдарыстың астарында өтуінде. Сондықтан, басқа елдердің құндылықтарын таңдамалы түрде кабылдап қана өз-өзімізді сақтай аламыз, яғни тәуелсіздігімізді уыстан шығармаймыз. Түбегейлі өзгерістер барысында қазақ халқының мыңдаған жылдардағы тарихында тудырған рухани құндылықтарын сақтап қалуымыз керек. Олар: табиғатты аялау, жетім мен әлсіздерге ұшын беру, әділеттілік, ар-намысты жоғары ұстау, дүниеде алудан гөрі болуға тырысу, үлкендерді сыйлау, әке-шеше алдындағы борышты өтеу, тәубеге келу т.с.с. Сонда ғана біз тәуелсіз гүлденген ел боламыз.
Достарыңызбен бөлісу: |