53
Автоматты реттеу жүйесі (АРЖ)
технологиялық процестің
бақыланатын параметрлерінің берілген мәніне автоматты қолдау
көрсетеді немесе берілген заң бойынша оның өзгеруін жүзеге асырады.
Бұл жүйені тек бір параметрмен жұмыс жасайтын басқару
микрожүйелері мен бақылау микрожүйелерінің жиынтығы ретінде
қарауға болады. Мұндай бірігулер көбінесе техникалық жағынан өте
жеңіл орындалуы мүмкін, сондықтан да, АРЖ-ның кең таралуына алып
келді.
Температураны автоматты реттеу мысалы – электр үтігі. Матаның
түріне қарай қажетті температураны қалыптастыратын бұранданы
бұрау арқылы, сіз барлық үтіктеу уақытында реттеу жүйесі автоматты
түрде сақтайтын температураға қоясыз. Осыған ұқсас жүйе
резервуардағы және құбыр желісіндегі сұйықтықтың берілген
температурасын сақтау үшін пайдаланылуы ықтимал, бірақ оның
өндірістік жағдайлардағы тәжірибеде жүзеге асырылуы шамалы
өзгешелеу.
Сұйықтық деңгейін автоматты түрде реттеу жүйесінің мысалы –
дәретханадағы шаю багының толтырылу құрлысы. Бактағы су деңгейі
қалай төмендейді, солай қақпақша ашылып, бакқа су толады; қажетті
деңгейге қол жеткізілген соң қақпақша жабылады. Осыған ұқсас жүйе
резервуардағы және құбыр желісіндегі сұйықтықтың деңгейін реттеу
үшін пайдаланылуы ықтимал.
АРЖ-ның
ерекшелігі
–
оның
толықтай
автоматтығы:
технологиялық процесте жүйемен бақыланатын жағдай қалай өрбісе
де, параметрде берілген мәні болады немесе ол берілген заң бойынша
өзгере алады (соңғы жағдайда жүйе айтардықтай күрделенеді).
Іс жүзінде технологиялық процестерді автоматтандыру кезінде
құрамалы автоматты жүйелер пайдаланылады, олар қарастырылған үш
жүйе түрін де қамтиды.
Достарыңызбен бөлісу: