Оқулық «Білім беруді дамыту Федералды институты»


ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ПАРАМЕТРЛЕРДІҢ



Pdf көрінісі
бет44/110
Дата13.03.2023
өлшемі4,68 Mb.
#172057
түріОқулық
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   110
Байланысты:
ӨНДІРІСТІ АВТОМАТТАНДЫРУ НЕГІЗДЕРІ

ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ПАРАМЕТРЛЕРДІҢ 
ДАТЧИКТЕРІ 
4.2.1.
 
Жалпы мәлімет 
Алуан түрлі датчиктердің үлкен мөлшері бар. Онда түрлі 
физикалық шамалар арасындағы тәуелділік пен түрлі физикалық 
құбылыстар пайдаланылады. датчиктерді әр топқа арналған жалпы 
белгілер бойынша біріктіруге болады (топтастыруға). 
Мысалы, электрмагнитке, жылуға, оптикалық және басқа да 
құбылыстарға негізделген датчиктерді бөлек қарастыруға болады, 
немесе оларды технологиялық параметрлердің өзгеру түрі бойынша
топтастыруға болады: жылжу, жылдамдық, күш, температура және т.б. 
сондықтан да датчиктердің атауына, әдетте, кіріс технологиялық 
параметрі мен (мысалы, жылжуын) түрлену қағидасын да көрсетеді 
(
мысалы, индуктвтіліктің өзгерісін). Толық атауы — жылжудың 
индуктивті жылжуы. 
Датчиктердің түрлерінің, конструкциясының және таңбасының 
түрлі өндірістік салаларда қолданылатын әралуан түрлерінің көптігіне 
байланысты датчиктерді түрленген технологиялық параметрлерінің 
түрі бойынша топтастырып, олардың жұмысының бір ғана қағидасын 
қарастырамыз.
Егер кез келген технологиялық процесті қарастарсақ, онда оларды 
мынадай операцияларды бөліп қарауға болады: бұйымның немесе


88 
аспаптардың жылжуы, қызу, күштік әсер ету, қысым жасау, түрлі 
объектілердің қалыбын, күйін бақылау, санын есептеу және т.б. 
Бұл операцияларды қолмен орындау кезінде жұмысшылар түрлі 
өлшегіш аспаптары мен құралдарын пайдаланады. Технологиялық 
процестің автоматтығы датчиктерді барлық параметрлер процесіне 
әсер ететін өлшеу мен бақылау үшін пайдалануды талап етеді.
Датчиктердің электр дабылына жылжуды, жылдамдықты, күшті, 
қысымды, температураны қалай түрлендіретінін және олардың 
объектілердің күйі мен санын қалай анықтайтынын қарастырамыз, 
сонымен бірге, бұл датчиктердің негізгі сипаттамасын бағалаймыз. 
Біз электр дабылдарын қалыптастыратын датчиктерді қарастырып 
жатырмыз, дегенмен, датчикті қандай да бір түрлендіруші электрлік 
емес параметрдің электр дабылына тікелей пайдалану мүмкін емес 
немесе мақсатты емес жағдайлар да болады. Ондай жағдайда бұл 
параметрді электрлік емес параметрге түрлендіретін аралық 
құрылғыны пайдаланады, бірақ ол электр сигналына әрі қарай 
түрленуге ыңғайлы.
Сызықтық жылжудың аралық түрлендіргіштері. Миллиметр 
үлесінен ондағын сантиметрге дейінгі диапазондағы сызықтық 
жылжулар электр дабылдарына жеткілікті түрде жеңіл өзгереді, бұл 
жайлы әрі қарай қарастырамыз. Дегенмен, шағын жылжудың нақты 
түрленуі тар жұмыс диапазонымен немесе бұл датчиктердің төмен 
сезгіштігімен жиі шектеледі, ал үлкен жылжуларда датчиктердің 
көлемі де үлкен болады. 
Сонымен бірге, сызықтық жылжуды түрлендіретін қарапайым 
механикалық түрлендіргіштер де бар. Олар сағат түріндегі шағын 
жылжымалы индикаторларда пайдаланылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   110




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет