5
I
тарау
ӨНДІРІСТІ АВТОМАТТАНДЫРУ
ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ПРОГРЕСС
Сонау XX ғ. 80-жылдары Жапонияға іссапарға барған біздің бір
инженердің әңгімесі еске түсіп отыр. Ол алғаш рет сол жақтағы ірі
зауыттардың біріне кешкі уақытта барады. Жапондық әріптесінің
көмегімен цех есігіне жақындайды, қонақжай қожайын есікті ашып
қалған кезде біздің инженер қорыққанынан бір орнында қатып қалады:
қап-қараңғы үлкен ғимаратта алып механикалық құбыжық ысылдап,
сусылдап, аударылып-төңкеріліп, өшіп-жанып тұр екен. Қонақ бірер
минут мелшиіп тұрады. Ақыры оның сұраулы жүзіне қарап, жапондық
иіліп және күліп былай деп жауап береді:
—
Бұл икемді автоматтандырылған өндіріс. Оны ана жақтағы
оператор қадағалайды.
Әріректе жоғары орналасқан жарық терезеден адамның сұлбасы
байқалады.
—
Ал неге қап-қараңғыда? — деп сұрайды қонақ.
—
Жұмысқа жарықтың қажеті қанша? Олар өздеріне қажет
нәрсенің барлыған жақсы «көреді», — дейді күлімдеген қожайын.
1.1.
Достарыңызбен бөлісу: