Оқулық «Білім беруді дамыту Федералды институты»



Pdf көрінісі
бет63/110
Дата13.03.2023
өлшемі4,68 Mb.
#172057
түріОқулық
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   110
Байланысты:
ӨНДІРІСТІ АВТОМАТТАНДЫРУ НЕГІЗДЕРІ

5.4.2.
 
Триггерлер 
Триггер
— 
бұл теңдіктің екі тұрақты жағдайы бар және 
электрондық реле рөлін атқаратын құрылғы.
Триггердің жағдайы 0 және 1 сандарымен белгіленген. 
Электрондық триггердің негізін негізгі деп атайтын екі транзисторлық 
элементтер құрайды (5.15-сурет). Транзистор кілтінде екі жағдайдың 
бірінде болуы мүмкін: немесе ол ашық, яғни, ол арқылы тоқ өтеді 
немесе ол жабық, яғни, тоқ жоқ. Триггерде кілт, егер олардың бірі 
ашық жағдайда болса, онда екіншісі – міндетті түрде жабық және 
керісінше болатындай етіп қосылған. Ашық транзистор кезінде, оның 
шығысындағы кернеу нөлге жақын, ал жабық кезінде – тоқ көзінің 
кернеуіне жақын. Сондықтан да, ашық жағдайы 0-мен белгіленеді, ал 
жабығы – 1.
Егер жабық транзистордың кірісінде кернеудің ашық импульсы 
түссе, онда ол транзисторды ашық жағдайға ауыстырады және 
транзистордың шығысында кернеу азаяды, яғни, белгі 0 қалыптасады. 
Сонымен қатар, алдында ашық екінші транзистор,
(Инверсті шығыс) Триггер шығысы
 
1
(+5 В)
0
(0 В)
КІЛТ
 
ЖАБЫҚ
КІЛТ
 
АШЫҚ
Қондырғы 1 Есептік қондырғы 0
Кірістер
 
5.15-
сурет. 0 жағдайындағы триггер 


128 
жабық жағдайға көшеді және оның шығысындағы кернеу өседі (1 
белгі). Егер ашылатын импульс екінші транзистордың кірісіне түссе, 
онда қайтадан триггердің алғашқы жағдайы орнатылады.
Транзисторлардың бірінің шығысын барлық триггердің шығысына 
қабылдай отыра, біз, триггердің жағдайын 0 және 1 деп белгілей 
аламыз. Импульстық триггердің бір кірісіне түсуі оның 0 жағдайын 
белгілесе, ал екінші кірісі – 1 жағдайында болады. Триггердің 0 
жағдайы қалыпты жағдайда қалыптыға қабылданады; сонымен қатар, 
триггердің шығысы деп транзистордың осы жағдайында ашық 
шығысты есептейді, онда кернеу 0-ге тең (0 белгі). Бұл шығысты тура 
деп, ал басқа транзистордың шығысын –инверстік деп атайды. Сандық 
құрылғыларды, мысалы, импульстарды есептегіштерді құрған кезде, 
тура да, сондай-ақ, инверстік шығыс белгілерін қолданады.
Транзисторлардың кірісін, кіріс импульстары екі транзисторға 
түсетіндей етіп қосып, тағы да бір триггердің кірісін – есептікті 
ұйымдастыруға болады. Осы кірісте ашық импульсты берген кезде, 
осы сәтте жабық жағдайда болатындай етіп ашылады. Триггерді 
ауыстырған кезде бір транзистор жабылса, онда басқасы, есептік 
кіріске импульстардың түсуі триггерді бір жағдайдан екіншіге және 
кері кезектеп ауыстырады, ол импульстарды есептегіштер ретінде 
оларды пайдалануға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   110




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет