Оқулық «Білім беруді дамытудың федералдық институты»



Pdf көрінісі
бет25/116
Дата06.02.2022
өлшемі5,96 Mb.
#81594
түріОқулық
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   116
Байланысты:
5ddcb76d5d423 1574745965
Деформацияланған пісіру құрылымдарын жөндеу, Пропедевтика пәнінен дәрістер жиынтығы
ФУНКЦИОНАЛЬДЫ ИС
 
 
 
Беткі акустикалық толқын құралдары электронды техникада кең 
таралған.
БАТ құралдарының жұмысы негізінде акустоэлектрлік эффект
яғни ультрадыбыстық толқындардың дыбыс жетегі бетіне әсері 
жатыр. Серпінді толқындар қатты дене беті бойынша таралады. 
Беткі толқындар тік поляризацияға ие, толқындағы бөлшектердің 
араласуы дыбыс жетегі шегіне перпендикуляр жүреді. Дыбыс 
жетегі ретінде пьезоэлектр материалынан жасалған пластина (литий 
ниобиті, пьезокварц, пъезокерамика) қызмет етеді. Дыбыс жетегіне 
қабылдығы 0,5 мкм-нен аспайтын металл пленкадан жасалған 
тарақты электродтар түрінде электромеханикалық түрлендіргіште 
салынған. Оларды қарсы-бұдырлы түрлендіргіштер (ҚБТ) деп 
атайды. 
Кіріс ҚБТ-ға сигнал көзі жалғанған, оның кернеуінің әсерімен 
ҚБТ-дағы электр толқындары акустикалыққа (механикалыққа) 
ауысады. Акустикалық толқындар одан әрі дыбыс жетегі бетінің 
бойымен таралады да шығыс ҚБТ-ға жетеді, онда жүктеме 
кедергісіне түсетін электр сигналына айналады. Бұндай өту кезінде 
ҚБТ (кіріс және шығыс) геометриялық өлшемі мен формаларына 
байланысты электр сигналдарының түрленуі орын алады, мұнда 


ҚБТ-дағы бұдыр санына өткізетін сигналдардың қатыстық жолағы 
(жиілік бойынша) байланысты болады. Бұдыр саны қаншалықты 
көп болса, сүзгімен өткізілетін жиілікті жолағы қатысты болады. Ең 
кең жолақ екі бұдыр кезінде болады.
БАТ 
құралдары 
негізінде 
тежеу 
сызықтары, 
теледидарлардағы қарапайым LC-сүзгілерді ығыстырған 
жолақты сүзгілер құрылған. БАТ негізіндегі сүзгілерді кіріс 
сүзгі ретінде радиолокациялық қабылдағыштарда пайдалануға 
болады. Түрлі жиілікте сүзгілеуге арналған сүзгілердің алуан 
түрлері бар. БАТ негізіндегі құралдарды 2 ГГц-ға дейінгі 
жиілікте пайдаланады. БАТ негізіндегі құралдарды құру үшін 
есептеуіш кешендерінде математикалық үлгілерді қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет