транзисторлардың,
лампалардың
шуы
кедергі
жасайды.
Транзисторларда шу келесі құрамдас бөліктерден тұрады:
■
Жылу шуы — температураның электрон
қозғалысына сипатты
әсері;
■
Тарату тогының шуы. Эмиттер тогын база мен коллектор
арасында таратуды өзгертуден
туындайды;
■
Бөлшекті шулар эмиттерлі және коллекторлы өткізгіштерде
электрондардың жылу қозғалысынан туындайды;
■
Рекомбинациялық шулар тасымалдағыштардың рекомбинациясы
салдарынан туындайды;
■
Жыбыр шулар (фликкер-шулар) жартылай өткізгіштің беткі
қабаттарында ток шығынының өзгерісінен туындайды.
Шу қасиеттерін бағалау үшін кіріске қарағанда шығыстағы
құрылғының шуына пайдалы әсер қатынасы қаншалықты
нашарлайтынын көрсететін шу коэффициенті пайдаланылады.
Мұнда көпкаскадты күшейткіштердің шу
қасиеттері негізінен
бірінші каскад шуына байланысты болады. Заманауи транзисторлар
3-тен 30 дБ-ға дейінгі шу коэффициентіне ие.
Аз шулайтын күшейткіштерді құру үшін күшейткіштің өзіндік
шу деңгейін азайтудың барлық мүмкін тәсілдері қолданылады:
■
Арнайы салқындатқыш құрылғылар көмегімен температураны
азайту;
■
Шу факторына әсері минималды болатын арнайы аз шулы
транзисторларды пайдалану;
■
Ең төменгі шу тұрғысынан транзистор
жұмысының оңтайлы
режимін таңдау;
■
Транзисторлардың үздік қосу схемасын таңдау; шу қасиеттері
бойынша ЖБ транзистордың қосу схемасы үздік шу қасиеттеріне
ие;
■
Аз шуылды күшейткіштерде арнайы құралдарды (туннель
диодтарын, Ганна диодын, Шоттки диодын) пайдалану;
Micro-Cap программасында транзисторлы
каскад шуын зерттеу
схемасы 2.15-суретте берілген.
Шу көзі ретінде келесі параметрлері бар гармониялы сигнал
генераторы қызмет етеді (2.7-кесте).
Шудың жиілік сипаттамасы бойынша (AC Analysis) әсерін
зерттейміз. Жиілік сипатты зерттеу параметрлерін баптаймыз. (2.8-
кесте):
Зерттеу нәтижесінде жиілік артқан кезде шудың өсу сипаты бар
жиілік сипаттамасын аламыз.
2.15-сурет. Micro-Cap-да транзистор шуын зерттеуге арналған схема
К е с т е 2 . 7
Достарыңызбен бөлісу: