8.10.
Деректерді жинау жүйесі адрестер мен деректердің бөлек те,
ортақ та шиналары бар микропроцессорлармен тікелей тартылысты
қамтамасыз етеді. К572ПВ4 басқару микропроцессордан ТТЛ не
КМОЖ деңгейлі логикалық каналмен жүзеге асырылады.
Жадқа
тікелей қол жеткізу режимі 8 тәуелсіз кіріс бойынша аналогты
сигналды кезекті өңдеу алгоритміне сәйкес іске асырылады.
Микросхеманың 8 кірісі бар, мультиплексор оларды тексереді де
аналогты сигналды АЦТ-ға береді (8.9-сурет).
Кезекті жуықтау
АЦТ кодтайды да код нәтижелерін ОЖСҚ-ға береді, онда 8х8
ұяшық бар. АЦТ – 8 разрядты.
Басқару құрылғысы көмегімен
кодтау нәтижесі енгізілетін жад ұяшығы таңдалады. Одан әрі
ОЖСҚ-да сақталатын ақпарат буферлік регистрге (БР) беріледі. БР
шығыс шинасынан
толығымен ажыратылған, бұл бірнеше ОЖСҚ-
сын бір шинаға қосу мүмкін болуы үшін жасалған. АЦТ сигналын
ОЖСҚ-на жазу үшін
адрес синалын жазба шинасына, кристалл
таңдау сигналына, жазбаға рұқсат сигналына беру керек. Сигналды
ОЖСҚ-нан шығару үшін ұяшық адресі сигналы мен ОЖСҚ-нан оқу
сигналын беру керек. БР ақпараты сақтайды.
Достарыңызбен бөлісу: