Оқулық «Білім беруді дамытудың федералдық институты»


ТРАНЗИСТОР ШУЫН ЗЕРТТЕУ ҮЛГІСІ



Pdf көрінісі
бет35/116
Дата06.02.2022
өлшемі5,96 Mb.
#81594
түріОқулық
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   116
Байланысты:
5ddcb76d5d423 1574745965
Деформацияланған пісіру құрылымдарын жөндеу, Пропедевтика пәнінен дәрістер жиынтығы
ТРАНЗИСТОР ШУЫН ЗЕРТТЕУ ҮЛГІСІ
Шу транзистордың маңызды параметрлерінің бірі болып 
табылады. Шу деңгейі аз транзисторлар күшейткіштердің ерекше 
класын құрайтын арнайы шуы аз күшейткіштерде пайдаланылады. 
Олар аз және өте аз сигналдарды арттыруға, мысалы 
радиоастрономияда алыс жұлдыздардың сигналын күшейту кезінде 
қолдануға арналған.
Ғылым мен техниканың бірқатар салаларында аз сигналмен 
жұмыс мәселесі өзекті болып тұр, радиолокацияда әлсіз сигнал аз 
өлшемді мақсатта шағылысқан сигналды білдіреді (пилотсыз барлау 
ұшақтары). Байланыста қабылдау алыстығы әлсіз сигналды 
қабылдау дағдысына байланысты. Мұндай әлсіз сигналдарды 
қабылдауға радиоэлементтердің өзіндік шуы, оның ішінде 
резисторлардың, конденсаторлардың және әсіресе диодтардың, 


транзисторлардың, 
лампалардың 
шуы 
кедергі 
жасайды. 
Транзисторларда шу келесі құрамдас бөліктерден тұрады:

Жылу шуы — температураның электрон қозғалысына сипатты 
әсері;

Тарату тогының шуы. Эмиттер тогын база мен коллектор 
арасында таратуды өзгертуден туындайды

Бөлшекті шулар эмиттерлі және коллекторлы өткізгіштерде 
электрондардың жылу қозғалысынан туындайды;

Рекомбинациялық шулар тасымалдағыштардың рекомбинациясы 
салдарынан туындайды; 

Жыбыр шулар (фликкер-шулар) жартылай өткізгіштің беткі 
қабаттарында ток шығынының өзгерісінен туындайды.
Шу қасиеттерін бағалау үшін кіріске қарағанда шығыстағы 
құрылғының шуына пайдалы әсер қатынасы қаншалықты 
нашарлайтынын көрсететін шу коэффициенті пайдаланылады. 
Мұнда көпкаскадты күшейткіштердің шу қасиеттері негізінен 
бірінші каскад шуына байланысты болады. Заманауи транзисторлар 
3-тен 30 дБ-ға дейінгі шу коэффициентіне ие.
Аз шулайтын күшейткіштерді құру үшін күшейткіштің өзіндік 
шу деңгейін азайтудың барлық мүмкін тәсілдері қолданылады:

Арнайы салқындатқыш құрылғылар көмегімен температураны 
азайту;

Шу факторына әсері минималды болатын арнайы аз шулы 
транзисторларды пайдалану;

Ең төменгі шу тұрғысынан транзистор жұмысының оңтайлы 
режимін таңдау;

Транзисторлардың үздік қосу схемасын таңдау; шу қасиеттері 
бойынша ЖБ транзистордың қосу схемасы үздік шу қасиеттеріне 
ие;

Аз шуылды күшейткіштерде арнайы құралдарды (туннель 
диодтарын, Ганна диодын, Шоттки диодын) пайдалану;
Micro-Cap программасында транзисторлы каскад шуын зерттеу 
схемасы 2.15-суретте берілген.
Шу көзі ретінде келесі параметрлері бар гармониялы сигнал 
генераторы қызмет етеді (2.7-кесте).


Шудың жиілік сипаттамасы бойынша (AC Analysis) әсерін 
зерттейміз. Жиілік сипатты зерттеу параметрлерін баптаймыз. (2.8-
кесте): 
Зерттеу нәтижесінде жиілік артқан кезде шудың өсу сипаты бар 
жиілік сипаттамасын аламыз.
2.15-сурет. Micro-Cap-да транзистор шуын зерттеуге арналған схема
К е с т е 2 . 7


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет