ЭЛЕКТРОНИКА ЭЛЕМЕНТТЕРІНІҢ ЖІКТЕЛІМІ Кез келген құрылғы белгілі бір функцияларды атқаратын бірнеше
элементтерден тұрады. Элементтік базаны таңдау құрылғының
функционалдық мүмкіндіктеріне, пайдалану шарттарына, сенімділік
параметрлеріне, миниатюризациялау дәрежесіне байланысты.
Радиоэлектроника аппаратурасының (РЭА) құрамдас бөліктері екі
принципиалды әтүрлі класқа бөлінуі мүмкін: пассивті және белсенді.
Пассивті элементтер — жұмысы сыртқы қорек көзіне тәуелсіз
электр
құралдары.
Пассивті
элементтерге
конденсаторлар,
резисторлар, индуктивтілік шарғысы, тарнсформаторлар жатады.
Белсенді элементтер — әрекет және мақсат приципімен
ерекшеленетін электр құралдары. Олардың қызметі сыртқы қорек
көзінен келетін энергияға байланысты. Белсенді элементтерге электр
вакуумды құралдар (ЭВҚ), газ разрядты құралдар (ГРҚ), жартылай
өткізгіш құралдар (ЖӨҚ) және интегралдық схемалар (ИС) жатады.