Қолданылу саласы:
■
Портативті өлшеу құралдары;
■
Өнеркәсіптік басқару жүйелері;
■
Көпберілісті жүйелер;
■
Өлшем
жабдықтары;
■
аудиожүйелер;
■
робототехника;
■
деректерді жинаудың медициналық жабдықтары;
■
деректерді жинау жүйесі;
■
сигналдарды цифрлық өңдеу.
Калибрлеудің орнатылған жүйесі түрлендірудің ең жоғары
диапазондарында сыртқы реттеулерді қажет етпей,
берілген
сипаттамаларды қамтамасыз ету үшін сызықтық емес қателіктерді
және ауытқуларды түзетеді.
+5В-ға дейінгі тірек кернеуінің сыртқы көзін (ТКК) пайдалану
кезінде MAX195 ИС басқару
кірісі бойынша таңдалатын
бірполярлы (0 В-дан VREF дейінгі) немесе биполярлы (-VREF-ден
+VREF дейінгі) кіріс сигналы диапазонын қамтамасыз етеді.
Аналогты және цифрлық каскадтарға арналған қоректің жеке
шиналары цифрлық шу құрамдастарының әсерін минималдайды.
АЦТ ЦАТ-тан, компаратордан,
басқару схемасынан, буфер,
калибратор және автоматты реттеу жүйесінен тұрады. АЦТ
интерфейсі және басқару схемасы көптеген микропроцессорлармен
байланысу үшін бірге жобаланған.
К е с т е 8 . 2
Параметр
Мәні
Ең жоғары қоректік кернеу, В
+7
Эксплуатация температурасы, °С:
MAX195_C_E MAX195_E_E
MAX195_MDE
0 ден 70 дейін
-40тан +85 дейін
-55 тен +125 дейін
Сақтау температурасы, °С
65 тен +160 дейін
Пісіру температурасы (10 с тан аз қызған
кезде) °С
300
Ыдырайтын қуат, мВт
842
Есептің ең жоғары жиілігі, МГц
1,7
Автоматты реттеу жүйесі ЦАТ құру үшін кеомпаратор шығысынан
сигналды пайдаланады. ЦАТ ОҚ инверттелген
кірісіне жалғанған
16 конденсатордан тұрады.
ИС CS (белсенді төмен) сұрыптау кірісі үш қалыпты деректердің
кезекті шығыс қалпын басқарады. Деректер түрлендіру кезінде
деректер биті анықталған сәттен немесе түрлендіру аяқталғаннан
соң 5 Мбит/с дейінгі жылдамдықпен SCLK кезекті тактілік басқару
сигналын пайдаланып есептеле алады. Түрлендіруді
аяқтауды
шығыс сигналы процессорды тоқтатуға пайдаланыла алады немесе
үздіксіз түрлендіруді максимальды жылдамдықта қамтамасыщ ету
үшін тікелей кіріске қосыла алады.
MAX195 АЦТ сипаттамалары 8.2-кестеде берілген.
Достарыңызбен бөлісу: