51
"үшбұрыш" түрінде жалғануы мүмкін.
Үш фазалы тізбектерді талдау кезінде ЭҚК, кернеулер мен
тоқтардың шартты оң бағыттарын білу қажет, себебі оларды
таңдаудан Кирхгоф ережелері бойынша жасалатын теңдіктердегі
таңбалар, сонымен қатар, векторлық диаграммалардағы векторлар
бағыттары байланысты. Бұрын дəлелденгендей, энергия көзінің
əрбір фазасындағы шартты оң ЭҚК бағыты ретінде оның басынан
соңына дейінгі бағытты, ал əрбір энергия көзінің фазасындағы
шартты оң кернеу бағыты ретінде фазаның басынан соңына қарай
бағытты қабылдайды; фазалық тоқтар бағыты энергия көзінің əрбір
фазасындағы ЭҚК бағытымен сəйкес келеді.
Желілік кернеулердің шартты оң бағыттары ретінде бір фаза
басынан басқасының басына қарай, оның ішінде
U
AB
кернеуінің А
бастап В қарай,
U
BC
кернеуі - В бастап С қарай,
U
CA
кернеуі С бастап
А қарай бағытты қабылдайды. Желілік сымдар арқылы өтетін
сызықтық тоқтар əрқашан энергия көзінен қабылдағышқа қарай
бағытталған. Фазалық кернеулер мен қабылдағыштар тоқтары бір
жаққа бағытталған.
Достарыңызбен бөлісу: