175
Тиристор
деп үш не одан да көп
р
—n-ауысулары бар, ауысу үшін
пайдаланылатын, вольт-ампер сипаттамасында теріс дифференциалды
кедергісі аумағы бар электр түрлендіргіш жартылай өткізгіш аспапты
айтады.
Тиристорлардың
артықшылықтары:
салмағы
мен
жалпы
өлшемдердің аздығы, ұзақ қызмет ету мерзімі, жоғары ПӘК, дірілдеуге
жəне механикалық жүктемелерге сезімталдығының аздығы, төмен
(тура) жəне жоғары (кері) кернеулерде, сондай-ақ өте үлкен тоқтарда
жұмыс істеу қабілеті.
Автоматикада, электроникада жəне энергетикада əртүрлі
қолдануды қамтамасыз ететін тиристорлардың негізгі қасиеті - бұл екі
тұрақты күйде болуы мүмкіндігі: жабық жəне ашық.
Жабық күйінде тиристордың кедергісі ондаған миллион ом
құрайды жəне ол 1000 В дейінгі кернеуде тоқты өткізбейді дерлік;
ашық күйінде тиристордың кедергісі біршама ғана. Ондағы кернеудің
төмендеуі ондаған жəне жүздеген ампер тоғы кезіне шамамен 1 В
құрайды. Тиристордың бір күйден екіншісіне ауысуы өте қысқа
мерзімде, тіпті секіріп өтеді. Басқарылатын жəне басқарылмайтын
тиристорларды (тринисторлар мен динисторлар) деп бөлінеді.
Ең қарапайым тиристор
динистор
болып табылады —
р
—
п
—
р—п
типті, төрт қабатты құрылым құрайтын, басқарылмайтын ауыстырып
қосқыш диод (11.10-сурет). Динистордың бір күйден екіншісіне
ауысуы шығыстардағы кернеудің мəнінің немесе полярлығының өзгеру
жолымен жүзеге асырылады.
Тиристорлардың басқа түрлерінде сияқты мұнда шеткі
р
—n-
ауысулар
эмиттерлік,
ал орташа
р
—n-ауысу —
коллекторлық
деп
аталады. Ауысулар арасында жатқан құрылымның ішкі аймақтары
базалар
деп аталады. Сыртқы n-аймақпен электр байланысын
қамтамасыз ететін электрод
катод,
сыртқы р-аймақпен —
анод
деп
аталады.
Динисторды 11.10-суретте көрсетілген схема бойынша қосқан кезде
коллекторлық
р
—n-ауысу жабық, ал эмиттерлік ауысулар ашық.
Достарыңызбен бөлісу: