38
Өндірісте жарақат алу барысында өндіріспен байланысты
жазатайым оқиға туралы акт жасалады, ол: кәсіпорынның атауы,
мекен-жайы; зардап шегушінің Т.А.Ə.А. және мекен-жайы; жасы;
мамандығы; жұмыс орны (цех, бөлім); мамандығы бойынша жұмыс
және жалпы өтілі; қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау өткені
туралы белгі; жазатайым оқиға уақыты және орны; учаскесінде
оқиға болған шебердің Т.А.Ə.А.; жазатайым оқиға жағдайларының
сипаттамасы; басшылардың қолдарында тұрады.
Өндірістегі жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру барысында
жазатайым оқиға болған орындағы еңбекті қорғау және
жағдайларының жай-күйіне зерттеу жүргізіледі:
■
зардап шеккендерден, куәлерден, лауазымдық және басқа
тұлғалардан жауап алынады;
■
түсініктемелер алынады, қажет құжаттар зерттеледі;
■
жазатайым оқиға жағдайлары мен себептері, сондай-ақ
заңнамалық, нормативтік құқықтық актілерді бұзуларға жол
берген тұлғалар анықталады;
■
жазатайым оқиға себептерін жою және мұндай оқиғалардың
алдын алу жөніндегі шаралар әзірленеді.
Тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін өндірістегі жазатайым оқиға
туралы акт үш данада ресімделеді.
Актінің даналары:
■
зардап шегушіге немесе оның мүдделерін білдіретін тұлғаға;
■
мемлекеттік еңбек инспекторына;
■
еңбекті
қорғау
жөніндегі
маманға
(тергеп-тексеру
материалдарымен бірге) тапсырылады.
Кәсіпорында практикадан өтіп жүрген оқушылармен болған
жазатайым жағдайды жалдаушы оқу орны өкілімен бірге тергеп-
тексереді және жалдаушы оны ескереді.
Достарыңызбен бөлісу: