52
ылғалдылығы (75...85% астам) төменгі температурамен үйлесімде
едәуір салқындату ықпалын береді, ал жоғарғымен үйлескенде –
ағзаның артық қызуына ықпал етеді. 25 % -дан төмен
салыстырмалы ылғалдылық адам үшін қолайсыз, өйткені ол
шырышты қабықшаның кебуіне және жоғарғы тыныс жолдары
жоғарғы жыбырлағыш эпителиясының қорғаныс қызметінің
төмендеуіне әкеп соқтырады.
Ішкі ахуалдың тағы да бір маңызды факторы ауаның
жылжымалығы. Адам ауа қозғалысын оның жылдамдығы шамамен
0,1 м/с болған жағдайда сезіне бастайды. Қалыпты температурадағы
ауаның жеңіл қозғалысы адамды орап алған су буларымен қаныққан
және қызған ауа қабатын үрлеп тастап, жақсы көңіл-күйге түсуіне
мүмкіндік жасайды. Ал ауа қозғалысының үлкен жылдамдығы,
әсіресе төмен температура жағдайында, конвекция және булану
арқылы, жылу жоғалуының ұлғаюын туындатады және ағзаның
қатты суынуына әкеледі.
2.2.2/2.4.1340-03 СанЕжН сәйкес, 3.3-кестеде келтірілген ЭСМ
бар жайлардағы ішкі ахуал параметрлері ұсынылады.
Ішкі ахуал параметрлерін қамтамасыз етудің бірнеше жүйелері
бар.
Желдету
— жайдан жұмысы орындалған ауаны айдап
шығаруды және оны жаңа ауамен алмастыруды қамтамасыз ететін
ұйымдастырылған
және
реттелетін
ауа
алмастырылуы.
Механикалық желдетудің ерекшелігі ауаның компрессорлармен
берілетіндігінде. Бұл жағдайда ауа сүзгі арқылы өтетіндіктен,
барынша таза болады. Бұл тәсілдің кемшілігі шу деңгейінің жоғары
екендігінде.
Достарыңызбен бөлісу: