Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2



Pdf көрінісі
бет141/313
Дата11.06.2024
өлшемі10,03 Mb.
#203315
түріОқулық
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   313
Байланысты:
shortanbaev e e kozhanova s v zhalpy immunologiya okulyk

 
Интерферондар (IFN) 


146 
Интерферон 1957 жылы инактивтелген грипп вирусымен өңделген 
тауық 
эмбрионының 
аллантоис 
сұйықтығында 
болатын 
белсендi 
субстанция ретiнде сипатталған. Бұл субстанция түрлi вирустардың 
әсерiне тұрақтылықты өндiре алатыны кейiнірек белгiлi болды. Кейін 
интерферондардың 
синтезі 
вирустық 
емес 
агенттермен 
(ЛПС, 
полианиондар, митогендер) индукциялану көрсету мүмкiншілігі туындады. 
70-шi жылдары иммундық стимуляция кезiнде пайда болатын интерферон, 
яғни «иммундық интерферон» түсiнiгi пайда болды. Алғашында 
интерферон тек қана вирустарға қарсы фактор ретiнде қарастырылды. 
Қазір олардың құрамында iсiкке қарсы және иммун реттегiш қызметi 
анықталды. Қазiргi кезде интерферондар цитокиндердiң арнайы класына 
бiрiктiрiлiп енгізіліп отыр.
Интерферондардың негiзгi 2 түрiн ажыратады: I түрi – IFN-α,β,ω 
және II түрi – IFN-γ. Лейкоцитарлық интерферондар - IFN-α және IFN-ω. 
Фибробласттық интерферон - IFN-β. Иммундық интерферон – IFN-γ. 
IFN-α, β, ω I-ші түрлi интерферондар деп ажыратылуы олардың 
жалпы 
аминқышқылдық 
тiзбектерiнiң, 
рецепторларының 
гомологиялығына 
байланысты. 
Олар 
лейкоциттер 
(IFN-α) 
және 
фибробласттар (IFN-β) өндiретiн, 165-172 аминоқышқылынан тұратын 
қышқыл протеиндердiң тұқымдастығының өкiлдерi болып келедi, 
молекулалық салмақтары 16-27,5 кДа жуық. IFN-α мен β синтезiн 
негiздейтiн тектер адамның хромосомаларының 9- жұбында орналасқан. 
IFN-ω күйiс қайыратын малдың эмбриондары мен лимфоциттерiнде 
өндiрiледi. Интерферондар вирустық бактерияларға, микоплазмалық және 
протозойлық iндеттерге жауап ретiнде, сондай-ақ ИЛ-1, ИЛ-2 мен ІНФ 
сияқты цитокиндердiң әсерiнен өндiрiледi. IFN-α,β,ω 
биологиялық 
эффектiлерi бiр-бiрiне өте қатты ұқсайды
, себебi олардың рецепторлары 
ортақ. Интерферондардың вирустарға қарсы әсерiн олардың вирустық 
геномының 
транскрипция, 
трансляция 
процесстерiн 
тежеуiмен 
байланысты.
Интерферондардың iсiкке қарсы белсендiлiгi
бiрнеше жолмен жүзеге 
асырылады. Бiрiншiден – жасуша iшiнде аденилатциклаза мен цАМФ 
мөлшерiн арттыру арқылы жасушалардың көбеюiн тежейді. Осы кезде 
жасушаларды фосфорлайтын протеинкиназа А активтелiп жасуша 
пролиферациясы тежелiп дифференциация үрдісі басталады. Және тағы бiр 
механизм - NK- жасушаларының, Т-киллерлердiң және макрофагтардың 
қоздырылуымен байланысты.
IFN-α мен β иммундық жауапқа әсерi
- кейбiр цитокиндердiң өнiмiн 
күшейту (соның iшiнде ИЛ-1 мен 2). Жоғары мөлшерлерде IFN-α мен β 
гуморалдық және жасушалық иммунитеттердi тежейдi, бiрақ төменгi 
дозаларда олардың иммунды реттегiш қасиеттерi байқалады.
IFN-γ
1965 
жылы 
ашылды. 
IFN-γ 
негiздейтiн 
гендер 
хромосомалардың 12-шi жұбында орналасады. IFN-γ – 
белсендiрiлген Т-
лимфоциттер мен NK –
жасушалары 
өндiретiн 20-25 кДа жуық салмағы 
бар гликопротеин. Т-лимфоциттердiң арасында IFN-γ – продуценттерi – 
цитотоксикалық CD8

және хелперлiк CD4
+
жасушалары, бiрақ Тх1 мен 
Тх2 дифференцировкасы кезiнде IFN-γны тек қана Тх1 өндiредi. Өнiмi ИЛ-


147 
2, лейкотриендермен және IFN-γ өзiмен қоздырылады. Ал ИЛ-10, 
дексаметазон, 
циклоспорин 
А 
IFN-γ 
синтезiн 
тежейдi. 
Басқа 
интерферондардың биологиялық әсерлерiне (вирустардың репликациясын 
тежеу, антипролиферативтiк әсер, иммуномодуляциялық әсер) ұқсас болса 
да, IFN-γның лимфокиндiк жүйесімен байланысы тығыздау, жоғары 
иммунреттегiш әсерi бар.
IFN-γ 
лимфоциттер 
мен 
макрофагтардың 
арасындағы 
әрекетттесулерге қатысу, иммундық жауаптың жасушалық және 
гуморалдық бөлiктерiн өзара байланысуының реттеу сияқты маңызды 
қызметтерiн атқарады.
IFN-γ – макрофагтардың стимуляторы, ол бұл 
жасушалардың түрлi функцияларының, соның iшiнде антигендердi өңдеу 
және 
таныстыруын, 
оттегi 
мен 
азоттың 
активтi 
формаларының 
генерациясын, цитокиндердiң өнiмiн белсендіреді. IFN-γ әсерiнен ИЛ-1 
мен ИЛ-12 (бұл цитокиннiң әсерiнен IFN-γ синтезi және Т-хелперлердiң 
Тх1 жаққа қарай жетiлуi күшейеді) өнiмi жоғарлайды.
IFN-γ Тх2 өнiмін төмендетедi. Осы гуморалдық әсерлесулердiң 
нәтижесiнде IFN-γ жасушалық иммунитеттiң дамуын күшейте түсiп 
гуморалдық иммундық реакцияларды тежейдi.
IFN-γ, басқа да интерферондар сяқты, iсiкке қарсы және 
вирустарға қарсы белсендiлiктi көрсетедi. 
Т-лимфоциттер мен NK-
жасушалардың гуморалдық өнiмi ретiнде цитотоксикалық эффекттiң 
жүзеге асуына ықпал етеді. Иммун реттеуде маңызды болғандықтан , 
IFN-γ жасушалық иммунитеттiң басты цитокинi және гуморалдық 
иммунитеттiң тежегiшi болып келедi.
Сонымен, барлық интерферондар –вирустарға және iсiкке қарсы 
күштілігі әр түрлi әсерi бар полифункционалдық белоктық факторлар. 
Интерферондардың барлығында антипролиферативтiк әсер байқалады, 
бiрақ IFN-γның антипролиферативтiк белсенділігі олардан да жоғары. 
Интерферондардың барлығында иммунреттегiш қасиет бар, олар 
макрофагтардың, Т-лимфоциттердiң және NK – 
жасушаларының 
белсендiлiгiн 
жоғарылатады, 
Т-киллерлердiң 
бөгде 
(вируспен 
зақымдалған, iсiк) жасушаларды танып алуда өте маңызды, МНС I класс 
антигендерiнiң экспрессиясын көбейтедi. Сонымен қатар МНС II класс 
антигендердiң экспресиясын жоғарылату қабiлеттерi бар, бұл қызметтi ең 
белсендi түрде IFN-γ атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   313




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет