195
29-шы сурет. Генетикалық ерекшеліктерінің дәрежесіне
байланысты трансплантаттың тұрақтамау динамикасы
В тұқымына жататын тышқандардың
терiсiн А тұқымының
тышқандарына қайта салу
иммунологиялық естелiктi
көрсетедi. Бұл
кезде салынған тін 4-5 күннiң iшiнде iстен шығады. Тiндердi немесе
мүшелердi қайталап салғанда, тұрақтамау серпілісі
тез дамиды және оны
екiншiлiк тұрақтамау серпілісі
деп атайды.
Екiншiлiк тұрақтамау серпілісінің
иммунологиялық ерекшелiгiн
А
тұқымды тышқандарға туысты емес С тұқымынан, немесе В тұқымынан
екiншi рет терiсiн ауыстырып салғанда, көрсетуге болады. Бұл жағдайда, С
тұқымына жататын тышқаннан салынған терi бiрiншiлiк тұрақтамау
серпіліс
механизмы бойынша iстен шығады, ал В тұқымына жататын
тышқаннан салынған терiсi жылдамырақ, екiншiлiк тұрақтамау серпілісі
түрiнде iстен шығады.
Жасушалық иммунитеттiң тұрақтамаудағы қызметi
1950-шi жылдары А.Mitchison тәжрибе түрiнде, аллотрансплантатқа
қарсы иммунитеттi
сарысулы антиденелер емес, адоптивты (ағылшын
сөзден adopt-тасымалданған) лимфоциттер атқаратынын көрсеткен.
Трансплантат тұрақтамауының эффекторлы, ең соңғы кезеңiнде негізінен,
Т-лимфоциттер қатысады. Мысалы, туа бiткен айырша безсiз, демек
функционалды Т-лимфоциттерi жоқ “nude”-тышқандар, салынған тiндерге
тұрақтамау
серпілісін
атқара
алмайды;
сондықтан
олар
ксенотрансплантатты қабылдай алады.
Басқа жағдайларда, трансплантат
қабылдаған тышқандардан алынған Т-жасушалар көмегiмен, сингендi
(генетикалық бiртектi) тышқандарға екiншiлiк тұрақтамау серпілісін
көшiруге болады.
Т-жасушалық
субпопуляциясын
талдау,
аллогендiк
тiндердiң
тұрақтамауына
CD4
+
-те,
CD8
+
-де
қатысатындығын
көрсетедi.
Т-
жасушалық субпопуляциясының CD4
+
және CD8
+
Т-жасушаларының
қызметтерi тышқан-реципиенттерде, Т-жасушалардың екеуiнде әлсiрететiн
моноклонды антиденелердi енгiзiп
және содан кейiн тұрақтамау
серпілісінің жылдамдығын өлшеп, көрсетiлген. Экспериментте тек CD8
+
субпопуляциясын
алыстату, трансплантат бiтiсуiне қолайлы жағдай
жасамағаны және бақылау тобындағы тышкандардағыдай жылдамдықпен
трансплантаттың iстен шыққаны (15 күнде) көрсетiлген. Тек CD4
+
популяциясын алыстату, алмастырып салған тiндiң бiтiсу мерзiмiн 15
күннен 30 күнге дейiн ұзартқан. Дегенмен, Т-жасуша субпопуляциясының
екеуiнде алыстатқан кезiнде, аллогендiк трансплантаттын тұрақталуы ұзақ
уақытқа дейiн барған (60 күнге дейiн). Бұл зерттеулер, Т-жасушалық
субпопуляциясының CD4
+
және CD8
+
-жасушалық екеуi де, тұрақтамау
196
қатысатынын және осы екi субпопуляциялардың
қызметкерлiгi айқын
тұрақтамау серпілісіне әсер ететiндiгiн көрсетедi.
CD8
+
Т-жасушаларға МНС I және II класс антигендерi нысана болуы
мұмкiн. Сонымен бiрге, егер Т-киллерлер негiзi I класс антигендерге қарсы
жауап атқарса, онда маңызды түрiнде Т-хелперлер Т-киллерлерге көмекшi
қызметiн көрсетуiмен, бiр мезгiлде, тiкелей киллерлiк қызметiн де
атқарады, негiзi МНС II класс антигендерiне қарсы, одан аздау дәрежеде –
I
класс
антигендерге
қарсы.
Осы
себеп,
Достарыңызбен бөлісу: